Об уполномоченном государственном органе по делам архитектуры, градостроительства и строительства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2002 года N 126

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года  "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. (Пункт 1 утратил силу - постановлением Правительства Рк от 18 ноября 2002 г. N 1220 )
      2. Образовать в областях и городах Астане и Алматы территориальные управления Комитета по делам строительства в пределах установленного лимита штатной численности.
      3. (Пункт 3 утратил силу - постановлением Правительства Рк от 18 ноября 2002 г. N 1220 )
      4. Ликвидировать в установленном законодательством порядке Республиканское государственное предприятие Комитета по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан "Государственная архитектурно-строительная инспекция" (далее - РГП "Госархстройинспекция") и его дочерние предприятия.
      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      6. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить передачу имущества РГП "Госархстройинспекция" и его дочерних предприятий, оставшегося после ликвидации, Комитету по делам строительства.
      7. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению.
      8. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение к         
постановлению Правительства 
Республики Казахстан    
от 26 января 2002 года N 126 

Перечень
некоторых решений Правительства Республики
Казахстан, утративших силу

      1. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 мая 1994 года N 485  "Об утверждении Порядка осуществления государственного архитектурно-строительного контроля" (САПП Республики Казахстан, 1994 год, N 21, ст. 216).
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 1996 года N 570  "О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 мая 1994 года N 485" (САПП Республики Казахстан, 1996 год, N 19, ст. 169).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 1999 года N 1022  "Вопросы Комитета по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 год, N 38, ст. 320).
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2000 года N 1198  "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 1999 года N 1022" (САПП Республики Казахстан, 2000 год, N 34, ст. 409).
      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 1998 года N 353  "О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектурно-градостроительного контроля" (САПП Республики Казахстан, 1998 год, N 12, ст. 95):
      в изменениях и дополнениях, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектурно-градостроительного контроля, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 исключить.
      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 165    "Вопросы Министерства экономики и торговли Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 год, N 4-5, ст. 54):
      в изменениях и дополнениях, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 2 исключить.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөнiндегі уәкілетті мемлекеттiк орган туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 қаңтар N 126

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.18. N 1220 қаулысымен

      2. Облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында штат санының белгiленген лимиттерi шегiнде Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеттiң аумақтық басқармалары құрылсын.

      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.18. N 1220 қаулысымен

           4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс істерi жөнiндегi комитетiнiң "Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны (бұдан әрi - "Мемқұрылысинспекция" РМК) мен оның еншiлес кәсiпорындары заңнамада белгiленген тәртiппен таратылсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Мемқұрылысинспекция" РМК мен оның еншілес кәсіпорындарының таратылғаннан кейін қалған мүліктерін Құрылыс істері жөніндегі комитетке беруді қамтамасыз етсін.

      7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір  шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң    
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 126 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінің Құрылыс істері жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істерi жөнiндегi арнайы атқару және мемлекеттiк бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.

      2. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады әрi облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында өзiнiң аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелерi) болады.
      Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      3. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Комитетте өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбасы және белгiленген үлгiдегi бланктерi болады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің банктерде есепшоттары болады.

      5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өзiнiң атынан түседi және Комитеттiң мемлекет атынан, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретiнде түсуi мүмкiн.

      6. Комитет өз құзыретiнiң шегiнде Төрағаның бұйрығымен ресiмделген, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар шешiмдер қабылдайды.

      7. Комитеттің штат санының лимитiн және құрылымын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

      8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

      9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Районный тұйық көшесi, 15/1.

2. КОМИТЕТТІҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

      11. Комитетке мынадай негiзгi мiндеттер:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асырған кезде азаматтар мен қоғамның қолайлы әрi экологиялық қауiпсiз өмiр сүру және тiршiлiк ету ортасына деген мүдделерiн қамтамасыз ету, жобалау мен құрылыс өнiмдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құрылыстың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн, пайдаланған кезде салынған объектiлердiң тұрақты жұмыс істеуiн қамтамасыз ету;
      3) халықтың толық мәндi өмiр сүру және тiршiлiк ету ортасын қалыптастыру, елдi мекендердiң табиғи ресурстары мен аумақтарын және қонысаралық аумақтарды қала құрылысына игерген, дамытқан мен салған кезде оларды ұтымды пайдалану;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қаражаттарымен тарихи және мәдени мұра ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      5) әлеуметтiк, өндiрiстiк, инженерлiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту;
      6) салаға инвестицияларды тарту және оларды тиiмдi пайдалану үшiн ынталандыратын жағдайлар жасау;
      7) жобалау және құрылыс өнiмдерiнiң ішкi рыногын қорғау, отандық жобалау мен құрылыс өнiмдерi сапасын және бәсекелесуге қабiлетiн арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;
      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы интеграциялық процестердi тереңдету жүктеледi.

3. КОМИТЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

      12. Комитет жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу әдiстерiн әзiрлейдi;
      3) құнды сәулет-қала құрылысы мұрасының сақталуын, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлердiң дамуын ескере отырып, аумақтарды және елдi мекендердi игеру мен дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлейдi;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және оларды келiседi;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды заңнамада белгiленген тәртiппен әзiрлейдi, бекiтедi және қолданысқа енгiзедi;
      6) құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттiк стандарттарды белгiленген тәртiппен әзiрлейдi, бекiтедi және қолданысқа енгiзедi;
      7) тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қорын сақтау бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырады, мемлекеттiк тұрғын үй саясатын iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың iс-қимылын үйлестiредi;
      8) экспортқа бағдарланған жобалау және құрылыс өнiмдерiн шығару, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсi саласында жаңа техника мен жоғары технологияны игеру жөнiндегi бағдарламалар әзiрлейдi және шараларды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүргiзедi және сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға басшылық жасайды;
      10) құрылыс материалдары өндiрiсiнiң жаңа технологияларын дамыту бағдарламаларын іске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың іс-қимылын үйлестiредi және олардың орындалуын бақылайды;
      11) құрылысқа арналған инженерлiк iздестiрулер саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзедi, кешендi инженерлiк іздестiрулердiң мемлекеттік қорын қалыптастыру мен жүргiзудi ұйымдастырады және оған жәрдемдеседi;
      12) Комитет құзыретiне енетiн мәселелер бойынша халықпен және заңды тұлғалармен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргiзудi ұйымдастырады;
      13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi бағыттарын анықтау мен оның бағдарламаларын әзiрлеуге басшылық жасайды, салалық зерттеу, ғылыми-қолданбалы, эксперименттiк және жобалау-іздестiру жұмыстарын орындауды, бекiтудi және іске асыруды (енгiзудi) ұйымдастырады;
      14) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiндерiн қоспағанда, мемлекеттiк, аймақаралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектiлер бойынша қала құрылысы, сәулет-құрылыс жобалары мен өзге де жоба (жоба-смета) құжаттамаларын қарайды әрi бекiтедi;
      15) сәулет пен қала құрылысының облыстық және республикалық маңызы бар органдарының, облыстық және базалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастры қызметтерiнiң жұмысына ұйымдық және әдiснамалық басшылық жасайды;
      16) республикалық деңгейде мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын ұйымдастырады және жүргiзедi, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерiн мемлекеттiк нормативтермен қамтамасыз етедi әрi олардың жұмысын үйлестiредi;
      17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жағдайын талдайды әрi болжамдар әзiрлейдi;
      18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстар аясында шет елдермен әрi халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
      19) төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiнде бүлiнген құрылысты қалпына келтiру немесе бұзу бойынша кешендi іс-шараларды әзiрлеуге қатысады;
      20) құрылыс пен құрылыс өнiмдерiнiң сапасына, қала құрылысы регламенттерiнiң, мемлекеттiк нормативтердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын мемлекетаралық нормативтердiң сақталуына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
      21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялайды, берiлген лицензиялардың есебiн жүргiзедi, лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiне және олардың лицензиялық ереженi сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      22) Қазақстан Республикасында тiркелген лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттар негiзiнде шет мемлекеттердiң лицензияларын таниды;
      23) өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) немесе лицензиаттардың заңнамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалауды жүргiзу үшiн заңды және жеке тұлғаларды тiркейдi;
      24) мемлекеттiк емес сараптама орталықтарын тiркейдi және жобаларға сараптаманы жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар сарапшыларды аттестациялайды;
      25) жобалау құжаттамаларының сапасын қадағалауды жүзеге асырады әрi жобалау алдындағы және жоба (жоба-смета) құжаттамаларын мемлекеттiк сараптауды ұйымдастырады, жобалардың мемлекеттiк сараптамасының бiрыңғай жүйесiне басшылық жасайды;
      26) объектiлер (кешендер) салуда инвестициялардың негiздемесiне (техникалық-экономикалық негiздемеге) техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастырады әрi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты мен мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес заемдардың қаражатынан инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн негiз болатын қорытындылар дайындайды;
      27) республикалық маңызы бар қалалардың, жүз мыңнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастырады және оны жүргiзедi;
      28) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын мемлекетаралық (халықаралық) нормативтiк базаны дамытады;
      29) жобалау-іздестiру жұмыстары мен құрылыста баға белгiлеудi, құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өзiндiк құнына талдау жасайды, объектiлер мен кешендер құрылысының сметалық құнын есептеудiң тәртiбiн анықтайды;
      30) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша Комитет құзыретiнiң саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерiн иеленедi және пайдаланады;
      31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. КОМИТЕТТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      13. Комитет негiзгi мiндеттерiн iске асыру мен өзiнiң функцияларын iске асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге және өзге де мемлекеттік нормативтерге қайшы келетiн шешiмдерiнiң қолданысын тоқтата тұру және күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) объектiлердi жобалаудың және салудың (қайта жаңғыртудың) жекелеген техникалық мәселелерi бойынша шешiм қабылдауға;
      4) өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) немесе лицензиаттардың заңнамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды тiркеудiң тәртiбiн белгiлеуге;
      5) жобаларды сараптауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк емес сараптама орталықтарын тiркеудiң және сарапшыларды аттестациялаудың ережесi мен тәртiбiн белгiлеуге;
      6) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сабақтас қызмет мәселелерi бойынша басқа уәкiлеттi мемлекеттік органдар әзiрлеген заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобалары жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жобаларға сараптама жүргiзудiң, лицензиялаудың және мемлекеттiк бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырудың тетiктерi мен рәсiмдерiн жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметiне ұсыныстар енгiзуге;
      8) белгiленген тәртiппен қажеттi жағдайларда өндiрiстiң басқа салаларының, ғылыми, зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк мамандарды сарапшылар ретiнде тартуға;
      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында белгiленген заңнама нормаларын, мемлекеттiк нормативтiк талаптарды, шарттар мен шектеулердi бұзушыларға жол берiлген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешiмдер қабылдауға;
      10) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiрудiң техникалық шарттарын қарауға және олардың сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекетаралық және мемлекеттiк нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгi туралы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға қорытындылар беруге;
      11) құрылыс өнiмдерiн сертификаттау жөнiндегi сынақ зертханаларын сертификаттауға және тiркеуге қатысуға;
      12) тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуы мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi және мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеуге қатысуға;
      13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн кадрлар дайындау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысуға;
      14) жобалауға, құрылыс салуға және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын жеткiзуге арналған мердiгерлердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастыру мен өткiзуге қатысуға;
      15) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жылдық жоспарларын жасауға қатысуға;
      16) республикадағы тұрғын үй проблемасын кезең-кезеңiмен шешуде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мен несиелендiрудiң және тұрғын үй қорын сақтаудың схемалары мен тетiктерiн әзiрлеуге қатысуға, толық мәндi тұрғын үй рыногын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесуге;
      17) жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, құрылыс-монтаж кәсiпорындарының, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiнiң қызметкерлерi үшiн кәсiподақ ұйымдарымен әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi салалық келiсiмдерге қатысушы болуға;
      18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс терминологиясын түсiндiруге;
      19) күрделi құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, сондай-ақ мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу мен құрылыс материалдарының экспорты-импорты аясындағы статистикалық материалдарды статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан белгiленген тәртiппен және белгiленген мерзiмде алып тұруға;
      20) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
      21) сәулетшi (қала құрылысшысы) мен құрылысшы кәсiбiнiң беделiн көтеру, мамандардың Қазақстанның қалалары мен ауылдарының қазiргi келбетiн жасауға, олардың инфрақұрылымын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен  құрастырмаларын өндiрудiң қолданбалы ғылымы мен технологиясын дамытуға шығармашылық және кәсiптiк үлес қосуына ынталандыру мақсатында ведомстволық наградалар белгiлеуге;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

5. КОМИТЕТТІҢ МYЛКI

      14. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

      15. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      16. Комитеттiң оған бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкін.

6. КОМИТЕТТІҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.

      18. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.

      19. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы болып табылады.
      Төрағаның орынбасарлары лауазымдары бойынша Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымдары бойынша тиiстi облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.

      20. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.

      21. Осы мақсаттарда Төраға:
      1) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн және олардың бiр-бiрiн алмастыруын белгiлейдi;
      2) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Экономика және сауда министрiнiң келiсiмi бойынша қызметкерлердiң белгiленген штаттық лимит саны мен еңбекақы қорының, аппаратты ұстау шығыс сметасының шегiнде Комитеттiң және оның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлiмшелерiнiң штаттық кестесiн бекiтедi;
      5) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      6) бұйрықтарға қол қояды;
      7) Комитеттiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ оның аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      8) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттiң мүддесiн бiлдiредi;
      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      22. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларды талдау, бағдарламаларды, жобалар мен нормативтiк-техникалық құжаттарды қарау мен бекiту үшiн Комитетте сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
      Ғылыми-техникалық кеңестiң сандық және жеке құрамын әрi ол туралы ереженi Комитеттiң төрағасы бекiтедi.

      23. Мемлекеттiк, аймақаралық немесе өзге де айрықша маңызы бар қала құрылысы және сәулет жобаларын қарау үшiн Комитетте консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Сәулет-қала құрылысы кеңесi құрылады.
      Сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң сандық және жеке құрамын әрi ол туралы ереженi Комитет төрағасы бекiтедi.

7. КОМИТЕТТI ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

      24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 126 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда
министрлігі Құрылыс істері жөніндегі
комитетінің
Құрылымы 

      Басшылық;
      Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы;
      Сәулет, техникалық сараптама және сатып алу басқармасы;
      Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы;
      Құрылыстағы техникалық нормалар мен жаңа технологиялар басқармасы;
      Тұрғын үй құрылысы және құрылыстағы құқықтық реттеу басқармасы.

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 126 қаулысымен   
бекiтілген     

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөнiндегi комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI

      1. Өз қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында Астана қаласы жүзеге асыратын "Жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы"Ғ республикалық мемлекеттiк кәсiпорны ("Мемсараптама" РМК)

      2. Өз қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында Алматы қаласы жүзеге асыратын "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикалық төзiмдi құрылыс пен сәулет институты" ("ҚазНИИССА" РМК) республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 126 қаулысымен 
бекiтілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі 

      1. "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 мамырдағы N 485 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 21, 216-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 мамырдағы N 485 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 19, 169-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі N 1022 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 320-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі N 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1198 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 409-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 сәуірдегі N 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 95-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
      1-тармақ алынып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
      2-тармақ алынып тасталсын.