Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 мамырдағы N 485 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 7 мамыр N 570. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 126 қаулысымен. ~P020126

      "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 88 P960088_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 мамырдағы N 485 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1944 ж., N 21, 316-бап) бекiтiлген Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру Тәртiбiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының департаментiн (бұдан әрi - Департамент) және оның облыстар орталықтарындағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы аумақтық бөлiмшелерiн" деген сөздер "Мемлекеттiк сәулет-қала инспекциясын (бұдан әрi - Мемсәулетқұрылысинспекция) оның облыстар орталықтарындағы, Алматы қаласындағы еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындармен қоса" деген сөздермен ауыстырылсын:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемсәулетқұрылысинспекция, оның облыстар орталықтарындағы, Алматы қаласындағы еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны өз қызметiн құрылыстар сметасына енгiзiлген қаражат есебiнен жүзеге асырады. Құрылыстар сметасына енгiзу тәртiбiн, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына және қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылыстың, үй-жайлар мен ғимараттарды қайта жаңарту және күрделi жөндеудiң сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға арналған қаражатты бекiту, сондай-ақ осы қаражаттарды аудару тәртiбi мен оларды пайдалану Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне жүктеледi";
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемсәулетқұрылысинспекция, оның еншiлес кәсiпорындары мен мемсәулетқұрылысбақылауының жергiлiктi органдары республикадағы объектiлер құрылысының сапасын бақылауды тапсырысшылармен шарттасу негiзiнде жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау жүйесiнiң қызметi тапсырысшыларды, мердiгерлердi, жобалауды жасаушыларды құрылыс сапасына авторлық қадағалау жауапкершiлiгiнен босатпайтын болып белгiленсiн";
      5-тармақтағы "Департаменттiң облыстық бөлiмшелерi" деген сөздер "Мемсәулетқұрылысинспекцияның, оның еншiлес кәсiпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "сәулет-құрылыс бақылауы органдарының" деген сөздер "Мемсәулетқұрылысинспекциясының, оның еншiлес кәсiпорындарының және мемсәулетқұрылысбақылауының жергiлiктi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "жобалау ұйымдарының" деген сөздер "жобаларды жасаушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының органдары" және "жобалау ұйымдарының" деген сөздер тиiсiнше "Мемсәулетқұрылысинспекция, оның еншiлес кәсiпорыны" және "жобаларды жасаушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтағы "Департамент" деген сөз "Мемсәулетқұрылысинспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптаудың бекiтiлген оң қорытындылы жобасының (немесе сараптау жұмысын орындауға мемлекеттiк лицензиясы бар басқа заңды және жеке тұлғалардың), сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге құқылы болуға тиiстi рұқсатының болуы";
      12-тармақта:
      бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемсәулетқұрылысинспекция, оның еншiлес кәсiпорыны және мемсәулетқұрылысбақылауының жергiлiктi органдары белгiленген тәртiппен:"
      "а" тармақшасында:
      бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "құрылыс ұйымдарына, тапсырысшыларға, банктердiң қаржыландырушы мекемелерiне, мемлекеттiк лицензиялау қызметiне, статистика органдарына және сәулет-қала құрылысы қызметiнiң басқа субъектiлерiне нұсқама (хабарлама) берiледi;
      бұрынырақ берiлген нұсқамаларды орындаудан жалтарғаны немесе дер кезiнде орындамағаны, бекiтiлмеген жобамен және жобалардың ведомстводан тыс сараптау органдарының (немесе сараптау жұмысын орындауға мемлекеттiк лицензиясы бар басқа заңды және жеке тұлғалардың) оң қорытындысынсыз, белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаж жұмысын атқару құқығына рұқсат алмай-ақ объектiнi салғаны үшiн, сондай-ақ өз бетiмен құрылыс салғаны үшiн құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудi тоқтату туралы";
      үшiншi абзацтағы "күшiн жою" деген сөздi "қайтарып алу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтан кейiн мына мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "объектiлер мен кешендер құрылысын қаржыландыруды тоқтату туралы;
      салынып жатқан объектiлерге мемлекеттiк стандарттарды бұза отырып жасалған материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды берiп тұру туралы";
      "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) құрылыстағы заң және нормативтiк актiлер талаптарын өрескел бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты материалдар шара қолдану үшiн құқық қорғау органдарына берiледi";
      13 және 15-тармақтардағы "Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының органдары" деген сөздер "Мемсәулетқұрылысинспекция және еншiлес кәсiпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының

 

органдары" деген сөздер "Мемсәулетқұрылысинспекция және оның еншiлес

кәсiпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын;

     екiншi абзацтағы "Департамент" деген сөз

"Мемсәулетқұрылысинспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;

     16-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Департамент" деген сөз

"Мемсәулетқұрылысинспекция және оның еншiлес кәсiпорындары" деген

сөздермен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады