О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2000 года N 599

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июля 2002 года N 821. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 24 ноября 2004 г. N 1232 (P041232)

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 декабря 2001 года Z010271_  "О государственном регулировании гражданской авиации" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2000 года N 599 P000599_  "Отдельные вопросы Комитета гражданской авиации и Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 20, ст. 221) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о Комитете гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 1 слова "функции авиационного полномочного органа Республики Казахстан в области использования воздушного пространства и деятельности гражданской и экспериментальной авиации" заменить словами "реализацию государственной политики в сфере гражданской авиации, государственный контроль и надзор, координацию и регулирование деятельности гражданской и экспериментальной авиации и использования воздушного пространства Республики Казахстан";
      в пункте 11:
      в подпункте 14) слова "государственного реестра гражданских воздушных судов" заменить словами "Государственного реестра гражданских воздушных судов Республики Казахстан";
      подпункт 15) изложить в следующей редакции:
      "15) лицензирование деятельности в сфере гражданской авиации в соответствии с законодательством Республики Казахстан о лицензировании;";
      дополнить подпунктами 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22) и 18-23) следующего содержания:
      "18-1) контроль за поддержанием летной годности гражданских воздушных судов;
      18-2) контроль за соблюдением правил безопасности полетов, правил авиационной безопасности и иных нормативных документов в области гражданской авиации;
      18-3) контроль за осуществлением международных воздушных перевозок;
      18-4) осуществление международного сотрудничества, в том числе представительства Республики Казахстан в международных организациях гражданской авиации;
      18-5) утверждение правил перевозок пассажиров, багажа, грузов и почты;
      18-6) утверждение расписания регулярных полетов;
      18-7) утверждение внутренних авиамаршрутов;
      18-8) выдача разрешений на выполнение нерегулярных полетов, а также определение правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов;
      18-9) введение временного управления по согласованию с Правительством Республики Казахстан и формирование временной администрации;
      18-10) утверждение правил контроля технической эксплуатации гражданских воздушных судов;
      18-11) определение условий эксплуатации авиамаршрута;
      18-12) выдача свидетельств на авиамаршруты;
      18-13) установление нормы летной годности гражданских воздушных судов;
      18-14) выдача разрешения на приобретение в собственность, имущественный наем, лизинг, доверительное управление, а также на иное право пользования авиационной техникой, аэродромами, аэропортами;
      18-15) утверждение порядка определения годности аэродромов сверхлегкой авиации и проведение аттестации авиационного персонала сверхлегкой авиации;
      18-16) разработка правил определения флагманского воздушного перевозчика;
      18-17) ведение учета нарушений требований безопасности полетов и авиационной безопасности;
      18-18) рассмотрение в пределах своей компетенции дел об административных правонарушениях;
      18-19) организация научных исследований в сфере гражданской авиации;
      18-20) утверждение программ переподготовки авиационного персонала;
      18-21) утверждение квалификационных требований к должности руководителя и специалистов служб авиационной безопасности;
      18-22) утверждение перечня должностей (профессий) авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан, подлежащих аттестации, и проведение аттестации;
      18-23) утверждение образцов формы одежды (без погон) и знаков различия, порядка ношения форменной одежды, норм обеспечения и перечня должностей (профессий) работников гражданской авиации, имеющих право ее ношения;";
      в пункте 12:
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) запрашивать от должностных лиц организаций гражданской авиации и эксплуатантов необходимую информацию, документы, в том числе финансовые, а также требовать объяснения и материалы, необходимые для выполнения своих функций;";
      дополнить подпунктами 10-1), 10-2), 10-3) и 10-4) следующего содержания:
      "10-1) давать указания и инспекторские предписания по вопросам обеспечения авиационной безопасности и безопасности полетов должностным лицам организаций гражданской авиации и эксплуатантам с установлением сроков их выполнения;
      10-2) проверять наличие бортовой документации, а также соответствие гражданских воздушных судов, включая иностранные, требованиям летной годности;
      10-3) проверять свидетельства авиационного персонала, судовую, полетную, аэродромную и иную документацию;
      10-4) вносить предложения по субсидированию авиамаршрутов;".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан   

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 шілде N 821. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 221-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитеті туралы ережеде: 
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының авиациялық өкiлеттi органының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласындағы функцияларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатын iске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестiру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды" деген сөздермен ауыстырылсын;
     11-тармақта:
     14) тармақшадағы "азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнің мемлекеттiк тiзiлiмiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
     15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "15) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы қызметтi лицензиялау;";
     мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22) және 18-23) тармақшалармен толықтырылсын:
     "18-1) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылығын қолдауды бақылау; 
     18-2) ұшу қауіпсіздігі ережесiн, авиациялық қауiпсiздiк ережесiн және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құжаттарды сақтауды бақылау;
     18-3) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруды бақылау;
     18-4) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкiлеттігiн жүзеге асыру;
     18-5) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почтаны тасымалдау ережесiн бекiту;
     18-6) тұрақты ұшулар кестесiн бекiту;
     18-7) iшкi авиабағыттарды бекiту;
     18-8) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру, сондай-ақ тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру ережелерін және беруден бас тарту үшiн негiздердi анықтау;
     18-9) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келісiм бойынша уақытша басқаруды енгiзу және уақытша әкiмшiлiк құру;
     18-10) азаматтық әуе кемелерiнің техникалық пайдаланылуын бақылау ережесiн бекiту;
     18-11) авиабағытты пайдалану шарттарын анықтау;
     18-12) авиабағыттарға арналған куәлiктер беру;
     18-13) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылық нормаларын белгiлеу;
     18-14) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалдауға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсат беру;
     18-15) аса жеңiл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау тәртiбін бекiту және аса жеңiл авиацияның авиация қызметкерлерiне аттестация жүргiзу;
     18-16) бас әуе тасымалдаушысын анықтау ережесiн әзiрлеу;
     18-17) ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтарды есепке алуды жүргiзу;
     18-18) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi өз құзыретi шегінде қарау;
     18-19) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;
     18-20) авиация қызметкерлерiн қайта даярлау бағдарламаларын бекiту;
     18-21) авиациялық қауіпсіздік қызметiнің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту; 
     18-22) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиациясының аттестаттауға жататын авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекiту және аттестация жүргiзу; 
     18-23) киiм нысанының үлгілерiн (погонсыз) және айырым белгiлерiн, нысандық киiмді кию тәртiбiн, олармен қамтамасыз ету нормаларын және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекiту;"; 
     12-тармақта: 
     5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "5) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан қажеттi ақпарат, құжаттар, оның iшiнде қаржылық құжаттар сұрауға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшiн қажет түсiнiктемелер мен материалдарды талап етуге;"; 
     мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылсын:
     "10-1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарына және пайдаланушыларға авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде орындау мерзiмiн белгiлей отырып, нұсқаулар және инспекторлық ұйғарымдар беруге;
     10-2) борттық құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестiгін тексеруге;
     10-3) авиация қызметкерлерiнiң куәлiктерiн, кеме, ұшу, әуеайлақ құжаттамасын және өзге де құжаттаманы тексеруге;
     10-4) авиабағыттарды субсидиялау жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі