Об утверждении Типового положения об Экспертных советах по вопросам поддержки и развития малого и среднего предпринимательства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года N 917. Утратило силу постановлением Правительства РК от 2 июня 2006 года N 496

       Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года N 917 утратило силу постановлением Правительства РК от 2 июня 2006 года N  496

      В целях совершенствования системы государственной поддержки малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан, Правительство Республики Казахстан постановляет: 

      1. Утвердить прилагаемое Типовое положение об Экспертных советах по вопросам поддержки и развития малого и среднего предпринимательства. 

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

      Премьер-Министр 
      Республики Казахстан

Утверждено          
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 19 августа 2002 года N 917
      

  Типовое положение
об Экспертных советах по вопросам поддержки и
развития малого и среднего предпринимательства

      Настоящее Положение определяет деятельность Экспертных советов по вопросам поддержки и развития малого и среднего предпринимательства (далее - Экспертные советы), создаваемых центральными исполнительными органами Республики Казахстан.  <*>

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правительства РК от 29 апреля 2003 г.  N 410  .

  1. Общие положения

      1. Экспертные советы осуществляют свою деятельность в соответствии с  Конституцией  Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами и настоящим Положением. 

      2. Основными задачами Экспертного совета являются: 
      1) консультативная помощь в разработке и реализации государственной политики в сфере малого и среднего предпринимательства; 
      2) разработка предложений по совершенствованию правовых норм защиты и развития малого и среднего предпринимательства; 
      3) оказание содействия в подготовке документов по вопросам взаимодействия и сотрудничества государственных органов и организаций с субъектами малого и среднего предпринимательства. 

      3. Экспертный совет в соответствии с возложенными на него задачами осуществляет следующие функции: 
      1) вырабатывает предложения и дает рекомендации по проектам нормативных правовых актов по вопросам малого и среднего предпринимательства; 
      2) разрабатывает предложения по совершенствованию нормативной правовой базы в сфере малого и среднего предпринимательства; 
      3) обсуждает планы мероприятий соответствующего государственного органа по вопросам, касающимся развития малого и среднего предпринимательства;
      4) осуществляет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  2. Права Экспертных советов      

      4. В соответствии с возложенными задачами Экспертный совет имеет право:
      1) рассматривать проекты нормативных правовых актов по вопросам малого и среднего предпринимательства;
      2) вносить в государственный орган предложения по вопросам, входящим в его компетенцию; 
      3) запрашивать и получать от структурных подразделений соответствующего государственного органа информацию, материалы, необходимые для реализации задач Экспертного совета. 

  3. Порядок формирования и деятельности 
Экспертных советов

      5. Состав Экспертного совета определяется государственным органом, при котором он создан и возглавляется первым руководителем данного органа. 
      Состав Экспертного совета формируется из числа ученых, представителей ассоциаций и общественных объединений предпринимателей, а также сотрудников соответствующего государственного органа, привлекаемых на безвозмездной основе. 
      Персональный состав Экспертного совета утверждается руководителем государственного органа, при котором образован Экспертный совет. 
      Состав Экспертного совета должен быть нечетным и насчитывать не менее 7 человек.  <*>

      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 апреля 2003 г.  N 410  .

      6. Председатель Экспертного совета руководит его деятельностью, председательствует на заседаниях Экспертного совета, планирует его работу, осуществляет общий контроль за реализацией его решений и несет ответственность за деятельность, осуществляемую Экспертным советом. 
      В случае отсутствия Председателя его функции выполняет назначаемый Председателем заместитель. 

      7. Секретарь Экспертного совета организует документальное оформление деятельности Экспертного совета. 

      8. Решения Экспертного совета принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Экспертного совета. 
      В случае равенства голосов голос председательствующего является решающим. 

      9. Заседания Экспертного совета проводятся не реже одного раза в квартал. Дата и время проведения заседания определяются Председателем Экспертного совета, а в случае его отсутствия - лицом, его замещающим. 

      10. Перечень вопросов для рассмотрения на очередном заседании Экспертного совета утверждается Председателем Экспертного совета по предложениям членов Экспертного совета, не позднее, чем за 15 дней до проведения заседания. 

      11. Предварительная повестка дня и материалы очередного заседания Экспертного совета направляются членам Экспертного совета Секретарем Экспертного совета не позднее, чем за 10 дней до начала заседания одновременно с извещением о предстоящем заседании. 

      12. Решения Экспертного совета оформляются протоколом, который подписывается Председателем и Секретарем Экспертного совета.
      Члены Экспертного совета в случае несогласия с принятым решением имеют право изложить в письменном виде свое особое мнение, которое приобщается к протоколу заседания.

      13. Решения Экспертного совета носят рекомендательный характер. 

Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әpi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 917 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N 496 (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң           
2002 жылғы 19 тамыздағы     
N 917 қаулысымен       
бекiтiлген          

  Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi
дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық
кеңестерi туралы
үлгі ереже

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.29. N  410 қаулысымен.
      Осы Ереже Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары құратын Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерiнiң (бұдан әрi - Сарапшылық кеңестерi) қызметiн белгiлейдi.

  1. Жалпы ережелер

      1. Сарапшылық кеңестерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      2. Сарапшылық кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi:
      1) шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыруда консультациялық көмек;
      2) шағын және орта кәсiпкерлiктi қорғау мен дамытудың құқықтық нормаларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiмен өзара iс-қимылы әрi ынтымақтастығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды дайындауға жәрдемдесу болып табылады.

      3. Сарапшылық кеңесi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер жобалары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және ұсынымдар бередi;
      2) шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      3) тиiстi мемлекеттiк органның шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер бойынша iс-шаралар жоспарын талқылайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  2. Сарапшылық кеңестерiнiң құқықтары

      4. Сарапшылық кеңесiнiң жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын қарауға;
      2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органға ұсыныстар енгiзуге;
      3) тиiстi мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнен Сарапшылық кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты, материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.

  3. Сарапшылық кеңестерiн құрудың және олардың
қызметінiң тәртiбi

      5. Сарапшылық кеңесiнiң құрамын оны құрған мемлекеттiк орган белгiлейдi және оған осы органның бiрiншi басшысы басшылық жасайды. 
      Сарапшылық кеңесiнiң құрамы ғалымдардың, кәсiпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бiрлестiктерi өкiлдерiнiң, сондай-ақ өтеусiз негiзде тартылатын тиiстi мемлекеттiк орган қызметкерлерi арасынан құралады.
      Сарапшылық кеңесiнiң жеке құрамын өзiнiң жанынан Сарапшылық кеңесi құрылған мемлекеттiк орган басшысы бекiтедi.
      Сарапшылық кеңесiнiң құрамы тақ санды және 7 адамнан кем болмауға тиiс.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.29.гі N  410 қаулысымен.

      6. Сарапшылық кеңесiнiң төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Сарапшылық кеңесiнiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Сарапшылық кеңесi жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
      Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Төраға тағайындайтын орынбасар атқарады.

      7. Сарапшылық кеңесiнiң хатшысы Сарапшылық кеңесi қызметiн құжаттамалық ресiмдеудi ұйымдастырады.

      8. Сарапшылық кеңесiнiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады, Сарапшылық кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi оларға дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.
      Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.

      9. Сарапшылық кеңесiнiң отырыстары тоқсанында кемiнде бiр рет өткiзiлiп тұрады. Отырысты өткiзу күнi мен уақытын Сарапшылық кеңесiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда - оны ауыстыратын адам белгiлейдi.

      10. Сарапшылық кеңесiнiң кезектi отырысында қарауға арналған мәселелердiң тiзбесiн Сарапшылық кеңесiнiң Төрағасы Сарапшылық кеңесi мүшелерiнiң ұсыныстары бойынша отырыс өткiзiлгенге дейiн 15 күннен кешiктiрмей бекiтедi.

      11. Сарапшылық кеңесiнiң кезектi отырысының алдын ала күн тәртiбi мен материалдарын Сарапшылық кеңесiнiң Хатшысы Сарапшылық кеңесiнiң мүшелерiне алдағы отырыс туралы хабарламамен бiрге отырыс басталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей жолдайды.

      12. Сарапшылық кеңесiнiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, оған Сарапшылық Кеңесiнiң Төрағасы мен Хатшысы қол қояды.
      Сарапшылық кеңесi мүшелерiнiң қабылданған шешiмге келiспеген жағдайда, өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде жазуға құқығы бар, ол отырыс хаттамасына тiркеледi.

      13. Сарапшылық кеңесiнiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.