О мерах по сохранению саксауловых насаждений в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2002 года N 942. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 23 апреля 2004 г. N 460 (P040460)

      В соответствии со статьей 14 Лесного кодекса  Республики Казахстан и в целях сохранения саксауловых лесов Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Установить, что рубка саксауловых насаждений на территории Республики Казахстан осуществляется в пределах норм санитарных рубок.

      2. Комитету лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) принять все необходимые меры по запрету рубки саксаула, за исключением санитарных рубок;
      2) обеспечить отпуск местному населению саксаула на топливо за счет проведения санитарных рубок;
      3) совместно с акимами Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей организовать работу по выращиванию быстрорастущих древесно-кустарниковых пород для обеспечения местного населения топливом.

      3. Акимам Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей в установленном законодательством порядке:
      1) совместно с территориальными органами Комитета лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан и Министерства внутренних дел Республики Казахстан установить и обеспечить надлежащий контроль за выполнение мероприятий по охране саксауловых насаждений от незаконных порубок;
      2) принять меры по обеспечению местного населения альтернативными видами топлива.

      4. Признать утратившим силу постановление  Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 года N 526 "О мерах по сохранению саксауловых насаждений" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 16, ст. 172).

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасында сексеуіл екпелерін сақтау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 тамыз N 942. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.23. N 460 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің  14-бабына сәйкес және сексеуіл ормандарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сексеуіл екпелерін кесу санитарлық кесу нормалары шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) санитарлық кесулерді қоспағанда, сексеуіл кесуге тыйым салу жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдасын;
      2) санитарлық кесулерді жүргізу есебінен жергілікті халыққа сексеуілді отынға босатуды қамтамасыз етсін;
      3) Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен бірлесіп жергілікті тұрғындарды отынмен қамтамасыз ету үшін тез өсетін ағаш-бұта тұқымдарын өсіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.

      3. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарымен бірлесіп сексеуіл екпелерін заңсыз кесуден қорғау жөніндегі шаралардың орындалуына тиісті бақылау орнатсын және оны қамтамасыз етсін;
      2) жергілікті халықты отынның баламалы түрлерімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. "Сексеуіл ормандарын сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 526 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 172-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі