О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 1381

      Во исполнение решения специализированного межрайонного экономического суда города Астаны от 22 ноября 2002 года о взыскании с Правительства Республики Казахстан в пользу Республиканского государственного предприятия "Казахавтодор" суммы в размере 69 420 000 тенге (шестьдесят девять миллионов четыреста двадцать тысяч тенге) и возврате госпошлины в сумме 2 082 600 тенге (два миллиона восемьдесят две тысячи шестьсот тенге), Соглашения об исполнении указанного решения суда, подписанного 30 ноября 2002 года между Министерством юстиции Республики Казахстан и Республиканским государственным предприятием "Казахавтодор", и постановления Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1999 года N 1408 "Об утверждении Правил использования средств резерва Правительства Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Выделить Министерству юстиции Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2002 год на погашение обязательств Правительства Республики Казахстан, центральных государственных органов и их территориальных подразделений по решениям судов, 36501584 (тридцать шесть миллионов пятьсот одна тысяча пятьсот восемьдесят четыре) тенге для погашения части суммы основного долга в размере 69 420 000 тенге (шестьдесят девять миллионов четыреста двадцать тысяч) тенге в пользу Республиканского государственного предприятия "Казахавтодор".

      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 1381

      Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Қазақстан Республикасының Үкіметінен "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына 69 420 000 (алпыс тоғыз миллион төрт жүз жиырма мың теңге) теңге мөлшеріндегі соманы өндіру және 2 082 600 (екі миллион сексен екі мың алты жүз) теңге сомасында мемлекеттік бажды қайтару туралы 2002 жылғы 22 қарашадағы шешімін, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы 2002 жылғы 30 қарашада қол қойылған көрсетілген сот шешімін орындау туралы келісімді және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына 69 420 000 (алпыс тоғыз миллион төрт жүз жиырма мың) теңге мөлшеріндегі негізгі борыш сомасының бір бөлігін өтеу үшін 36 501 584 (отыз алты миллион бес жүз бір мың бес жүз сексен төрт) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі