Об использовании средств, выделяемых на долевое участие в строительстве и приобретение жилья для работников центральных государственных органов в городе Астане

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2003 года N 372

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 16 мая 2002 года " О государственных закупках " и от 12 декабря 2002 года " О республиканском бюджете на 2003 год " в целях эффективного использования средств, выделяемых на долевое участие в строительстве и приобретение жилья для работников центральных государственных органов в городе Астане, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Акиму города Астаны в установленном законодательством Республики Казахстан порядке провести государственные закупки на долевое участие в строительстве и приобретение жилья в городе Астане с последующей передачей его для необеспеченных жильем работников центральных государственных органов (далее - Работники) за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2003 год в сумме 750 000 000 (семьсот пятьдесят миллионов) тенге по бюджетной программе 449 "Целевые трансферты бюджету города Астаны на долевое участие в строительстве и приобретение жилья для работников центральных государственных органов".

      2. Установить, что:
      1) списки необеспеченных жильем Работников предоставляются государственными органами по запросу Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (далее - Агентство) в недельный срок;
      2) Агентство (по согласованию) в двухнедельный срок передает в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан утвержденные списки Работников;
      3) распределение государственным органам квартир, приравненных к служебным, для последующего предоставления их Работникам осуществляется Канцелярией Премьер-Министра Республики Казахстан;
      4) выкуп  жилья, предоставленного Работникам, осуществляется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1998 года N 377-26. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 18 мая 2004 г. N 553 .

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан Тлеубердина А.А.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерi үшін тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлінген қаражатты пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 сәуірдегі N 372 қаулысы

      Қазақстан Республикасының " Мемлекеттiк сатып алу туралы " 2002 жылғы 16 мамырдағы және " 2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес, Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерi үшін тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Астана қаласының әкiмi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 449 "Орталық мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуы Астана қалалық бюджетiне берiлетiн мақсатты трансферттер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 750 000 000 (жетi жүз елу миллион) теңге сомасында көзделген қаражаттың есебiнен Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлерiне (бұдан әрi - Қызметкерлер) оны кейiннен беруге тұрғын үй салуға және сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк сатып aлу өткiзсiн.

      2. Мыналар:
      1) тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген Қызметкерлердiң тiзiмдерiн мемлекеттiк органдар бір апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгiнің (бұдан әрi - Агенттік) сұратуы бойынша ұсынады;
      2) Агенттік (келiсiм бойынша) Қызметкерлердiң бекiтiлген тiзiмдерiн екі апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне тапсырады;
      3) кейiннен оларды Қызметкерлерге беру үшiн қызметтікке теңестiрiлген пәтерлердi мемлекеттiк органдарға бөлудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi жүзеге асырады;
      4) Қызметкерлерге берілген тұрғын үйді сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн. <*>
       Ескерту. 4)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.18. N 553   қаулысымен .

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А.Тiлеубердинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі