Отдельные вопросы реализации Закона Республики Казахстан "Об акционерных обществах"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2003 года N 790

      Сноска. В тексте после слова "государственной" дополнено словом "(учетной)"  - постановлением Правительства РК от 29 мая 2004 г. N 598 .

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Установить для юридических лиц и их филиалов и представительств, подлежащих государственной (учетной) перерегистрации в соответствии со статьей 90 Закона Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах", нулевую ставку по сборам при государственной (учетной) перерегистрации (переоформлении), предусмотренным статьями 398 404 407 410 413 416 419 438 и 441 Кодекса Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет". <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 мая 2004 г. N 598 .

      2. Государственным органом осуществлять прием необходимых для государственной (учетной) перерегистрации (переоформления) документов без представления квитанции или документа, подтверждающих уплату в бюджет сборов, указанных в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Нулевая ставка применяется однократно в отношении каждого из объектов государственной (учетной) перерегистрации (переоформления), указанных в пункте 1 настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 790 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының  90-бабына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуге жататын заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің  398 ,  404 ,  407 ,  410 ,  413 ,  416 ,  419 ,  438 және  441-баптарында көзделген мемлекеттік (есептiк) қайта тіркеу (қайта ресімдеу) кезінде алымдар бойынша нөлдік ставка белгіленсін. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді, мәтін бойынша сөздер қосылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.29. N 598   қаулысымен .

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бюджетке алымдар төленуін растайтын түбіршекті немесе құжаттарды ұсынусыз құжаттарды мемлекеттік (есептiк) қайта тіркеу (қайта ресімдеу) үшін қажетті қабылдауды мемлекеттік (есептiк) органдар жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік (есептiк) қайта тіркеудің (қайта ресімдеудің) әрбір объектісіне қатысты нөлдік ставка бір мәрте қолданылады.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі