Об особых условиях и порядке реализации конкурсной массы открытого акционерного общества "Актюбинская распределительная электросетевая компания "Актобеэнерго"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 октября 2003 года N 1020

      В связи с недостижением цели реабилитационной процедуры, тяжелым финансово-экономическим положением открытого акционерного общества "Актюбинская распределительная электросетевая компания "Актобеэнерго", учитывая его важное стратегическое значение для экономики региона, и в соответствии с пунктом 4 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 21 января 1997 года "О банкротстве" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке инициировать прекращение реабилитационной процедуры и возбуждение конкурсного производства открытого акционерного общества "Актюбинская распределительная электросетевая компания "Актобеэнерго" (далее - Общество).

      2. В случае вынесения судом решения о признании Общества банкротом и возбуждении конкурсного производства установить особые условия и порядок реализации конкурсной массы, предусматривающие:
      1) продажу основного технологического комплекса Общества единым лотом;
      2) установление минимальной цены продажи единого лота не ниже суммы административных расходов и требований кредиторов первой, второй, третьей очередей;
      3) проведение процедуры банкротства с соблюдением непрерывности технологического цикла;
      4) наделение конкурсного управляющего правом заключения договоров для обеспечения бесперебойного энергоснабжения потребителей, до момента перехода права собственности к покупателю единого лота.

      3. Установить следующие дополнительные требования к покупателю единого лота, предусматривающие:
      1) принятие покупателем обязательств по сохранению профиля деятельности, договоров с потребителями и объемов предоставляемых услуг;
      2) наличие лицензии на осуществление деятельности по покупке в целях перепродажи электрической энергии, передаче и распределению электрической энергии;
      3) наличие инвестиционной программы, согласованной с акиматом Актюбинской области;
      4) в случае недостаточности средств, вырученных от реализации конкурсной массы для погашения требований кредитора четвертой очереди, принятие покупателем обязательства по их погашению в течение одного календарного года с момента подписания договора купли-продажи;
      5) обеспечение покупателем занятости работников Общества в количестве не менее 1100 человек.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Мынбаева С.М.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

"Ақтөбеэнерго" Ақтөбе электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы N 1020 қаулысы

      "Ақтөбеэнерго" Ақтөбе электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының оңалту рәсiмi мақсатына қол жеткiзе алмауына, ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты, өңiр экономикасы үшiн оның маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақтөбеэнерго" Ақтөбе электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) оңалту рәсiмiн тоқтатуға және конкурстық iс жүргiзудi қозғауға бастамашылық жасасын.

      2. Сот Қоғамды банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарған жағдайда мыналарды:
      1) Қоғамның негiзгi технологиялық кешенiн бiрыңғай лотпен сатуды;
      2) әкiмшiлiк шығыстардың және бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектердегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес бiрыңғай лотты сатудың ең төменгi бағасын белгiлеудi;
      3) технологиялық кезеңiнiң үздiксiздiгiн сақтай отырып банкрот рәсiмiн өткiзудi;
      4) меншiк құқығы бiрыңғай лотты сатып алушыға өту сәтiне дейiн тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды үздiксiз қамтамасыз ету үшiн конкурстық басқарушыға шарттар жасасу құқығын берудi көздейтiн конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.

      3. Бiрыңғай лотты сатып алушыға мынадай:
      1) сатып алушының қызметтiң бейiнiн, тұтынушылармен шарттарды және көрсетiлетiн қызметтер көлемiн сақтап қалу бойынша мiндеттемелер қабылдауын;
      2) электр энергиясын қайта сату, электр энергиясын беру және тарату мақсатында сатып алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясының болуын;
      3) Ақтөбе облысының әкiмдiгiмен келiсілген инвестициялық бағдарламасының болуын;
      4) төртiншi кезектегi кредитор талаптарын өтеу үшiн конкурстық массаны сатудан түскен қаражаттың жеткiлiксiздiгi жағдайында сатып алушының оларды сатып алу-сату шартына қол қойылған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк жылдың iшiнде өтеуi бойынша мiндеттемелер қабылдауын;
      5) сатып алушының саны 1100 адамнан кем емес Қоғам қызметкерлерiнiң жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуiн көздейтiн қосымша талаптар белгiленсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары C.M.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі