О вопросах ведения статистики внешней торговли Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2004 года N 126

      В соответствии со  статьей 421  Таможенного кодекса Республики Казахстан, в целях совершенствования и координации работ по формированию статистики внешней торговли, а также системы национальных счетов и платежного баланса Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 29 января 1999 года N 71 "О разработке платежного баланса Республики Казахстан" следующие изменения и дополнение:
      подпункт 3) пункта 1 исключить;
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Агентству таможенного контроля Республики Казахстан:
      1) ежемесячно на 36-й день после отчетного периода представлять в Национальный Банк Республики Казахстан в электронном виде таможенную статистику внешней торговли Республики Казахстан на основе грузовых таможенных деклараций в разрезе стран и товаров в соответствии с десятизначным цифровым кодом Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического сообщества (ТН ВЭД ЕврАзЭС) и бюллетень "Показатели внешней торговли на основе грузовых таможенных деклараций";
      2) ежеквартально на 25-й день после отчетного периода представлять в Национальный Банк Республики Казахстан данные по совокупным объемам экспорта и импорта за отчетный квартал с выделением региона СНГ;
      3) представлять в Национальный Банк Республики Казахстан данные по выборочным показателям таможенной статистики внешней торговли, в соответствии с перечнем, форматами и сроками, оговариваемыми в соглашении";
      в пункте 2 слово "энергетики," исключить.

      2. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан:
      1) с 1 января 2004 года осуществлять формирование статистики внешней торговли Республики Казахстан в соответствии с международной методологией и публикацию ежемесячных бюллетеней, экспресс-информации, а также ежеквартальных и годовых бюллетеней таможенной статистики внешней торговли;
      2) ежемесячно представлять в Агентство Республики Казахстан по статистике:
      на 28-й день после отчетного периода:
      базу данных в электронном формате на основе грузовых таможенных деклараций в разрезе товаров, стран, регионов (по классификатору административно-территориальных объектов) в соответствии с десятизначным цифровым кодом ТН ВЭД ЕврАзЭС бюллетень "Показатели внешней торговли на основе грузовых таможенных деклараций" и экспресс-информацию по экспорту и импорту отдельных товаров по основным странам-торговым партнерам в бумажном и электронном виде;
      на 35-й день после отчетного периода раздел доклада "Социально-экономическое развитие Республики Казахстан" по внешней торговле.  <*>
     Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 января 2006 года N 38 .

      3. Агентству Республики Казахстан по статистике в срок до 15 апреля 2004 года завершить формирование показателей статистики внешней торговли за 2003 год.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания, за исключением пункта 1, который вводится в действие с 1 марта 2004 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын жүргiзу мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 126 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  421-бабына  сәйкес, сыртқы сауда статистикасын, сондай-ақ ұлттық шоттар мен төлем теңгерiмi жүйесiн қалыптастыру жөнiндегі жұмыстарды жетiлдiру әрi үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 71  қаулысына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1.1. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi:
      1) ай сайын eceптi кезеңнен кейiнгi 36-күнге Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) он мәндi цифрлық кодына сәйкес елдер мен тауарлар бөлінісiнде кедендік жүк декларацияларының негiзiнде Қазақстан Республикасы сыртқы сауданың кедендiк статистикасын электронды түрде және "Кедендiк жүк декларацияларының негiзіндегi сыртқы сауда көрсеткiштерi" бюллетенiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынсын;
      2) тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгi 25-күнге ТМД аймағын бөлiп көрсете отырып, есептi тоқсан үшiн экспорт пен импорттың жиынтық көлемдерi жөнiндегi деректердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынсын;
      3) келiсімде айтылатын тiзбеге, форматтарға және мерзiмдерге сәйкес сыртқы сауда кедендiк статистикасының iріктелген көрсеткiштерi бойынша деректердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынсын";
      2-тармақтағы "Энергетика," деген сөз алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi:
      1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық әдiснамаға сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын қалыптастыруды және ай сайынғы бюллетеньдердiң, жедел ақпараттың, сондай-ақ сыртқы сауда кедендiк статистикасының тоқсан сайынғы және жылдық бюллетендерiнiң жариялануын жүзеге асырсын;
      2) ай сайын Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегi агенттігіне:
      есептi кезеңнен кейінгi 28-күнге:
      ЕурАзЭҚ CЭҚ TH он мәндi цифрлық кодына сәйкес тауарлар, елдер, аумақтар бөлiнiсiнде (әкiмшiлiк-аумақтық объектiлердiң жiктемесi бойынша) кедендiк жүк декларацияларының негiзiнде электронды форматтағы дерекқорды, қағаздағы және электронды түрде "Кедендiк жүк декларацияларының негізгі сыртқы сауда көрсеткіштері" бюллетенi мен негізгi елдер - сауда әріптестері бойынша жекелеген тауарлардың экспорты және импорты жөнiндегi жедел-ақпаратты;
      есепті кезеңнен кейiнгі 35-күнге "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы" баяндамасының сыртқы сауда жөнiндегi бөлiмiн ұсынсын.
        Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы  N 38  Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттігі 2004 жылғы 15 сәуiрге дейінгі мерзiмде 2003 жыл үшiн сыртқы сауда статистикасының көрсеткiштерiн қалыптастыруды аяқтасын.

      4. Осы қаулы, 2004 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi