О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2002 года N 637а

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2004 года N 383

      В целях реализации совершенного 13 мая 2002 года в городе Москве Протокола к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2002 года N 637а "О некоторых вопросах реализации Протокола к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года" следующие изменения и дополнение:
      в пункте 1 слова "геологических структур "Курмангазы" ("Кулалинская")," заменить словами "геологической структуры";
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Назначить закрытое акционерное общество "Морская нефтяная компания "КазМунайТениз" уполномоченной организацией по разведке и разработке углеводородных ресурсов геологической структуры "Курмангазы" ("Кулалинская"), расположенной в северной части Каспийского моря.";
      в пункте 2 слова "уполномоченной организации" заменить словами "уполномоченных организаций".

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить российскую сторону о замене уполномоченной организации по совместному освоению геологической структуры "Курмангазы" ("Кулалинская"), расположенной в северной части Каспийского моря.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы N 637а қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 сәуірдегі N 383 қаулысы

      1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда Мәскеу қаласында жасалған Хаттаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. "1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы келісімге Хаттаманы іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы N 637а қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтағы "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдары" деген сөздер "Центральная" геологиялық құрылымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. "ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы") геологиялық құрылымының көмірсутекті ресурстарын барлау және әзірлеу жөніндегі уәкілетті ұйым болып тағайындалсын.";
      2-тармақтағы "уәкілетті ұйымның" деген сөздер "уәкілетті ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресей тарапын Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы") геологиялық құрылымын бірлесіп игеру жөніндегі уәкілетті ұйымның ауыстырылғаны туралы хабардар етсін.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі