1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егемендi құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзiнің солтүстiк бөлiгiнiң табанын бөлу туралы келiсiмге Хаттаманы iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 маусым N 637а.

      1998 жылғы 6 шілдедегi Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендi құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнің табанын бөлу туралы келiсiмге 2002 жылғы 13 мамырда Мәскеу қаласында жасалған Хаттаманы iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдары мен "Хвалынское" кен орнының көмiрсутектi ресурстарын барлау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi ұйым болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.02.2019 № 65 қаулысымен.
      1-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.02.2019 № 65 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресей тарапын Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдары мен "Хвалынское" кен орнын бiрлесiп игеру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың тағайындалғандығы туралы хабардар етсiн.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.07. N 383 қаулысымен .

      . Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. "Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы көмiрсутегi кен орындарын геологиялық зерделеу және игеру үшiн блоктардың берiлуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 шілдедегi N 1050a қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;

      5-тармақтағы "1, 2-тармақтарына" деген сөздер "1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады