О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года N 1194

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июля 2004 года N 747. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 6 января 2006 года N 15 (P060015)(вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года N 1194 "Об утверждении Правил целевого использования средств, выделяемых из республиканского бюджета для оралманов" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 41, ст. 366) следующее изменение:
      в Правилах целевого использования средств, выделяемых из республиканского бюджета для оралманов, утвержденных указанным постановлением:
      абзац второй пункта 12 изложить в следующей редакции:
      "Территориальный орган по вопросам миграции населения по предъявлению главой семьи оралмана нотариально заверенных копий удостоверения оралмана и обязательства по целевому использованию выделенных для приобретения жилья средств перечисляет их на лицевой счет, предварительно открытый главой семьи оралманов в банке второго уровня.".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 шілдедегі N 747 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 15 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесiнде:
      12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық орган оралман отбасы отағасының оралман куәлiгiнiң және тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты мақсатты пайдалану жөнiндегi мiндеттеменiң нотариалды түрде расталған көшiрмелерiн ұсынуы бойынша оралмандар отбасы отағасының екiншi деңгейдегi банкте алдын ала ашқан жеке шотына қаражатты аударады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі