О заключении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о безвозмездной военной помощи

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 августа 2004 года N 876

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о безвозмездной военной помощи.
      2. Уполномочить военного атташе при Посольстве Республики Казахстан в Турецкой Республике Ашикбаева Марата Болатовича заключить от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о безвозмездной военной помощи, разрешив ему вносить в текст Соглашения изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан

         Проект

     Соглашение
между Правительством Республики Казахстан
и Правительством Турецкой Республики
о безвозмездной военной помощи

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Турецкой Республики (далее - Стороны),
      желая усилить существующие дружеские взаимоотношения, имеющие место с давних времен,
      учитывая Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о сотрудничестве в области военного образования от 23 февраля 1993 года и  Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о сотрудничестве в области военной науки, техники и образования от 8 августа 1994 года,
      согласились о нижеследующем:

       Статья 1

      Правительство Турецкой Республики предоставит безвозмездную военную помощь Правительству Республики Казахстан на сумму 1050000000000 (один триллион пятьдесят миллиардов) турецких лир в эквиваленте к доллару США. Предоставление безвозмездной военной помощи начнется с 2004 года.

       Статья 2

      Безвозмездная военная помощь на сумму 1050000000000 (один триллион пятьдесят миллиардов) турецких лир в эквиваленте к доллару США будет предоставлена в виде финансовой, материальной помощи и услуг в соответствии с законодательством Турецкой Республики.

       Статья 3

      Безвозмездная военная помощь на сумму 1050000000000 (один триллион пятьдесят миллиардов) турецких лир в эквиваленте к доллару США будет реализована в соответствии с исполнительными протоколами, которые будут заключены компетентными органами обеих стран в соответствии с настоящим Соглашением.

       Статья 4

      Казахстанская сторона согласилась не передавать полученные от Турецкой стороны материалы и услуги или право на их использование третьей стороне без получения предварительного согласия Турецкой стороны.

       Статья 5

      Настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящее Соглашение прекращает свое действие с момента полной передачи Министерству обороны Республики Казахстан финансовой, материальной помощи и услуг, предоставленных в соответствии с исполнительными протоколами, указанными в статье 3 настоящего Соглашения.

       Статья 6

      Настоящее Соглашение будет реализовываться компетентными органами Сторон:
      с Казахстанской стороны - Министерством обороны Республики Казахстан;
      с Турецкой стороны - Генеральным штабом Турецкой Республики.

      Любые возникающие разногласия при реализации настоящего Соглашения будут решаться путем переговоров и консультаций.

      Совершено в городе __________ "__"______ 2004 года в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском, турецком, русском и английском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.
      В случае возникновения разногласий в толковании положений настоящего Соглашения Стороны будут обращаться к тексту на английском языке.

      За Правительство                   За Правительство
    Республики Казахстан               Турецкой Республики

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметі арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 876 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Түрiк Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшiлігі жанындағы әскери атташе Марат Болатұлы Ашықбаевқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан келiсiмнiң мәтiнiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi жасасуға өкілеттік берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Түрік Республикасының Үкiметi арасындағы
Өтеусiз әскери көмек туралы
Келiсiм

      Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi (бұдан әрi- Тараптар),
      бұрынғы уақыттан берi орын алып келе жатқан достық өзара қарым-қатынасты нығайтуға ниет бiлдiре отырып,
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1993 жылғы 23 ақпандағы әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 8 тамыздағы әскери ғылым, техника мен бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы  келiсiмдi ескере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Түрiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1 050 000 000 000 (бiр триллион елу миллиард) AҚШ долларына баламалы түрiк лирi сомасында өтеусiз әскери көмек бередi.
      Өтеусiз әскери көмектi беру 2004 жылдан басталады.

  2-бап

      1 050 000 000 000 (бip триллион елу миллиард) АҚШ долларына баламалы түрiк лирi сомасындағы өтеусiз әскери көмек Түрiк Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық материалдық көмек және қызмет көрсетулер түрiнде берiлетiн болады.

  3-бап

      1 050 000 000 000 (бiр триллион елу миллиард) АҚШ долларына баламалы түрiк лирi сомасындағы өтеусiз әскери көмек осы Келiсiмге сәйкес екi елдiң құзыретті органдарымен жасалатын атқару хаттамаларына сәйкес iске асырылатын болады.

  4-бап

      Қазақстан тарапы Түрік тарапының алдын ала келiсiмiн алмай Түрiк тарапынан алынған материалдар мен қызметтердi немесе оларды пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермеуге келiсті.

  5-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшіне енедi.
      Осы Келiсiм өз әрекетiн осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетiлген Атқару хаттамаларына сәйкес ұсынылған қаржылық, материалдық көмек және қызметтердi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне толық берген сәтiнен бастап тоқтатады.

  6-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың мынадай құзыреттi органдарымен iске асырылатын болады:
      қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
      түрiк тарапынан - Түрiк Республикасының Бас штабы.
      Осы Келiсiмдi iске асырған кезде туындайтын кез келген келiспеушілiктер келiссөздер және консультациялар жолымен шешiлетін болады.

      2004 жылғы "__" ________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тілдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндерiнiң күші бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының     Түрiк Республикасының
      Үкiметi үшін                  Үкiметi үшiн