О некоторых вопросах применения судами законодательства, связанного с взысканием задолженности за тепловую и электрическую энергию

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 23 декабря 2005 года N 9.

      В связи с возникающими в судебной практике вопросами применения норм законодательства о взыскании задолженности за потребленную в бытовых целях тепловую и электрическую энергию, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан постановляет:

      1. Согласно пункту 2 статьи 482 Гражданского Кодекса Республики Казахстан (далее - ГК) договор энергоснабжения является публичным. Между энергоснабжающей организацией и абонентом может быть заключен индивидуальный договор энергоснабжения, условия которого должны соответствовать условиям публичного договора.

      2. В случае неисполнения (ненадлежащего исполнения) потребителем обязательства по своевременной оплате использованной энергии энергоснабжающая организация вправе требовать взыскания долга и законной неустойки (пункт 1 статьи 295 ГК).

      3. Под обременением, согласно подпункта 9) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество", следует понимать любое ограничение права на недвижимое имущество возникшее в порядке, предусмотренном законами Республики Казахстан или соглашением сторон, и выражающееся в ограничении правомочия правообладателя на владение, пользование и (или) распоряжение недвижимым имуществом.

      Задолженность за энергию, использованную продавцом жилого помещения, обременением не является, поэтому при передаче права собственности другому лицу на жилое помещение на основании сделки, обязанность по ее оплате является обязанностью продавца, если иное не предусмотрено договором об отчуждении указанного имущества.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 22.12.2008 № 25 (порядок введения в действие см. п. 2); от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. По обязательствам, возникающим из договора энергоснабжения, установлен общий срок исковой давности. Граждане по договору энергоснабжения обязаны производить оплату потребленной энергии ежемесячно, поэтому течение срока исковой давности по обязательствам абонента начинается с момента окончания срока исполнения обязательства по оплате принятой энергии.

      Порядок оплаты абонентами за потребленную энергию определяется в соответствии с положениями пункта 3 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года № 588-II "Об электроэнергетике".

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 31.03.2017 № 2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      5. Если одной стороной в договоре энергоснабжения выступает гражданин, осуществляющий в установленном порядке предпринимательскую деятельность без образования юридического лица, к таким правоотношениям (пункт 3 статьи 19 ГК), соответственно применяются правила, которые регулируют деятельность юридических лиц, являющихся коммерческими организациями, если иное не вытекает из законодательства или существа правоотношений.

      Если из существа правоотношений следует, что индивидуальный предприниматель использует потребляемую энергию не в целях предпринимательской деятельности, он должен нести ответственность за неисполнение или ненадлежащее исполнение обязательства по ее оплате как за использование энергии для бытового потребления.

      6. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан, настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания



Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Жылу және электр қуатын тұрмыстық мақсаттарда тұтынғаны үшін берешектерді өндіру туралы заңдардың нормаларын сот тәжірибесінде қолдану мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - АК) сәйкес, қуатпен қамтамасыз ету шарты көпшілікке әйгілі жария шарт болып табылады. Қуатпен қамсыздандырушы ұйым мен абонент арасында энергиямен жабдықтау жеке шарты жасалуы мүмкін, осы шарттың талаптары жария шарттың талаптарына сәйкес болуы керек.

      2. Тұтынушы пайдаланылған қуаты үшін өз уақытында ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда қуатпен қамтамасыз етуші ұйым қарызды өндіруді және заңды айып төлеуді талап етуге құқылы (АК-нің 295-бабының 1-тармағы).

      3. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы деп Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын шектеуден көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеуді түсінген жөн.

      Тұрғын үйді сатушының пайдаланған қуаты үшін берешегі болса, онда ол - ауыртпалық болып табылмайды, сондықтан мәміле негізінде тұрғын үйге меншік құқығын басқа тұлғаға беру кезінде, егер көрсетілген мүлікті иеліктен шығару туралы шартта өзгеше көзделмесе, берешекті өтеу сатушының міндеті болып табылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 25; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      4. Қуатпен қамтамасыз ету шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша талап қоюдың жалпы мерзімі белгіленген. Азаматтар электрмен жабдықтау шарты бойынша тұтынылған электр қуатының ақысын ай сайын төлеуге міндетті, сондықтан абоненттің міндеттемелері бойынша талап қою мерзімінің өтуі тұтынылған қуат үшін ақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімі аяқталған сәттен басталады.

      Абоненттердің тұтынылған энергия үшін ақы төлеу тәртібі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңының 18-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес анықталады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      5. Егер азамат заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қуатпен қамтамасыз ету шартындағы тараптың бірі болса, (АК-нің 19-бабының 3-тармағы), сондай-ақ заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнінен өзгешелік туындамаса, онда коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейтін ережелер қолданылады.

      Егер құқықтық қатынастардың мәнінен тұтынылған қуатты жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметі үшін пайдаланбаған болса, онда ол қуатқа ақы төлеу міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған осы қуатты тұрмыста пайдаланған азамат ретінде жауапкершілік алады.

      6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы,

      жалпы отырыс хатшысы