Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2006 года N 416. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года N 55.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 416 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 55 Қаулысымен
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23 N 55 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердегi инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердегi инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Жоба
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердегі инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
Еуразия экономикалық қоғамдастығының (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыра отырып,
осы мемлекеттердiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң инвесторлары үшiн қолайлы жағдай жасауға және оны қолдауға ниет бiлдiре отырып,
осы Келiсiмнiң негiзiнде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң ықпалдасу процестерiн өзара тиiмдi сауда- экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететiндiгiн мойындай отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң экономикалық өсуiне жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Негiзгi ұғымдар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1. "Инвестор" - ЕурАзЭҚ-қа мүше әрбiр мемлекетке қатысты:
а) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң азаматы болып табылатын және осы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттердiң аумақтарында инвестицияларды жүзеге асыруға құқылы кез келген жеке тұлға;
б) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында ұйымдастырылған (құрылған) және тiркелген және осы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттердiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыруға құқылы кез келген заңды тұлға.
2. "Инвестициялар" - ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттердiң аумағында олардың заңнамасына сәйкес кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң инвесторы салатын материалдық және материалдық емес құндылықтардың барлық түрлерi, оның iшiнде: ақша қаражаты, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамалары негiзiнде берiлетiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған құқықтар, сондай-ақ ақшалай бағасы бар мүлiктiк және өзге де құқықтар.
Инвестициялар салынатын немесе қайта инвестицияланатын нысанның өзгеруi мұндай өзгерiс аумағында инвестициялар жүзеге асырылған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына қайшы келмеген жағдайда инвестиция ретiнде олардың бiлiктiлiгiне әсер етпейдi.
3. "Кiрiстер" - инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынатын қаражат, атап айтқанда, пайда, дивидендтер, пайыздар, лицензиялық, комиссиялық және басқа да сыйақылар.
4. "Реципиент мемлекет" - аумағында инвестициялар жүзеге асырылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет.
5. "Заңнама" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерi, сондай-ақ ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар.
2-бап
Инвестицияларды қорғау
Реципиент мемлекет әз заңнамасына сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттер инвесторларының инвестицияларын қорғауға кепiлдiк бередi.
3-бап
Заңнаманың ашықтығы
Тараптар инвесторлардың инвестициялармен байланысты қызметiн реттейтiн заңнаманың ашықтығы мен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
4-бап
Инвестициялар режимi
1. Кез келген басқа Тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға қатысты Тарап ұсынатын режим инвестордың пiкiрi бойынша олардың қайсысының неғұрлым қолайлырақ болып табылатына байланысты осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын кез келген басқа мемлекеттiң ұлттық инвесторлары немесе инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға қатысты осы Тарап ұсынатын режимге қарағанда қолайлылығы кем емес режим болуға тиiс.
2. Осы Келiсiмнiң әрбiр Тарабы әз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес инвесторлардың қызметi шектелетiн немесе жоққа шығарылатын қызметтiң саласын, аясын және түрлерiн айқындау, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұлттық режимнен басқа да алып қоюларды қолдану және енгiзу құқығын өзiне қалдырады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ұсынылатын режим:
басқа ықпалдастық бiрлестiктерге қатысуға байланысты;
қосарлама салық салуды болдырмау туралы келiсiмдердiң немесе салық салу мәселелерi бойынша басқа да уағдаластықтардың негiзiнде Тарап ұсынған немесе болашақта ұсынатын артықшылықтарға қолданылмайды.
4. Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң 5, 6, 9 және 10-баптарының ережелерi үшiн залал келтiрместен басқа Тараптарға Қызметтермен сауда жөнiндегi бас келiсiм (бұдан әрi - ҚСБК) бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Дүниежүзiлiк сауда ұйымын құру туралы келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелерге, сондай-ақ Тараптардың барлығының қатысуымен қол жеткiзiлуi мүмкiн және инвестициялар режимiне қатысты болатын кез келген басқа да көл жақты уағдаластыққа сәйкес ол ұсынатын режимге қарағанда қолайлырақ емес режимдi ұсынады.
Осы ереже осы Келiсiм Тараптарының әрқайсысы үшiн осы Тарап ҚСБК бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, Дүниежүзiлiк сауда ұйымын құру туралы келiсiм бойынша мiндеттемелердi қабылдаған күнiнен бастап немесе көрсетiлген көп жақты уағдаластықтың күшiне енген күнiнен бастап күшiне енедi.
5. Осы Келiсiмнiң ережелерi әрбiр Тараптың инвесторлардың, сондай-ақ осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын мемлекет инвесторларының осы Тарап мемлекетiнiң аумағына инвестицияларына қол жетiмдiлiгi мен қызметiне қатысты ол жүргiзетiн саясатты осы Келiсiмнiң ережелерiн пайдалана отырып, айналып өтудiң алдын алу үшiн қажеттi кез келген шараларды қолдану құқығын шектемейдi.
5-бап
Залалды өтеу
Инвесторлардың азаматтық тәртiпсiздiктер мен әскери iс-қимылдардың нәтижесiнде реципиент мемлекеттiң аумағында оларға келтiрiлген залалды өтеуге құқығы бар. Бұл ретте инвесторларға осындай залалға байланысты Тарап қабылдайтын шараларға қатысты ұлттық инвесторларға немесе осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын кез келген мемлекеттiң инвесторларына қолайлылығы Тарап ұсынатын режимнен кем емес режим ұсынылады.
6-бап
Экспроприациялау кезiнде инвесторлардың құқықтарына кепiлдiк беру
1. Реципиент мемлекеттiң аумағында жүзеге асырылған инвестициялар, мұндай шаралар реципиент мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен қоғам мүддесiнде қабылданатын, кемсiтушiлiк болып табылмайтын және жылдам, барабар және тиiмдi өтемақы төлеумен бiрге жүретiн жағдайларды қоспағанда, экспроприациялау немесе мемлекет иелiгiне алу (бұдан әрi экспроприациялау деп аталатын) салдарына тең күшi бар мәжбүрлiк алып қою шараларына ұшырамайды.
2. Өтемақы нақты немесе алда болатын экспроприациялау туралы жария хабарлау сәтiнде болған экспроприацияланатын инвестициялардың нарықтық құнына сәйкес келуге тиiс.
3. Өтемақы реципиент мемлекеттiң заңнамасында көзделген мерзiмде кiдiрiссiз, бiрақ экспроприациялау сәтiнен бастап үш айдан кешiктiрмей, инвестициялар бастапқы жүзеге асырылған валютамен немесе басқа валютамен не инвестор мен реципиент мемлекет арасындағы уағдаластық бойынша айқындалатын нысанда төленедi.
Өтемақы төлеу кешiктiрiлген жағдайда, осы тармақтың 1-абзацына сәйкес айқындалатын ол төленетiн күннен бастап өтемақы iс жүзiнде төленген күнге дейiн өтемақы сомасына 6 айға дейiнгi мерзiмде ұлттық валютамен нақты берiлген кредиттер бойынша ұлттық банкаралық нарықтың ставкасы бойынша немесе инвестор мен реципиент мемлекет арасындағы уағдаластық бойынша айқындалған тәртiппен есептелетiн пайыздар есептеледi.
7-бап
Кiрiстердi, ақша аударымдарын және төлемдердi пайдалану
1. Әрбiр Тарап инвесторларға олар барлық салық және реципиент мемлекеттiң заңнамасында көзделген басқа да мiндеттемелердi орындағаннан кейiн мыналарға кепiлдiк бередi:
инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кiрiстердi реципиент мемлекеттiң заңнамасында тыйым салынбаған кез келген мақсатта пайдалану және билiк ету құқығына;
инвестордың қалауы бойынша кез келген елге инвестицияларға байланысты ақша аударымдары мен төлемдердi, атап айтқанда:
а) кiрiстердi;
б) Тараптар инвестициялар ретiнде таныған қарыздар мен кредиттердi өтеуге төленетiн қаражат сомаларын, сондай-ақ есептелген пайыздардың, купондық кiрiстердiң, дивидендтердiң сомаларын;
в) коммерциялық ұйымды iшiнара немесе толық таратуға не инвестицияларды сатуға байланысты инвестор алған сомаларды;
г) осы Келiсiмнiң 5-бабына сәйкес залалды өтеу ретiнде алынған сомаларды және осы Келiсiмнiң 6-бабында көзделген өтемақыларды;
д) инвесторлар және реципиент мемлекеттiң аумағында инвестицияларға байланысты жұмыс iстеуге рұқсат етiлген ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттердiң жеке тұлғалары алатын жалақыны және басқа да сыйақыларды;
е) зияткерлiк меншiкке арналған құқықтардан туындайтын, инвесторлар төлейтiн авторлық сыйақыларды (роялти) және лицензиялық төлемдердi кедергiсiз жүзеге асыру құқығына.
2. Ақша аударымдары мен төлемдер инвестициялар бастапқыда жүзеге асырылған валютамен немесе реципиент мемлекеттiң валюталық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, реципиент мемлекеттiң аумағында аударым күнiне қолданылатын бағам бойынша басқа кез келген валютамен кiдiрiссiз жүзеге асырылады.
3. Реципиент мемлекет банкроттық, төлем қабiлетсiздiгi, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға бағытталған қызметтi болдырмау жағдайларында осы баптың 1 және 2-тармақтарын қолдануды шектеуi мүмкiн.
8-бап
Инвестор құқықтарының ауысуы
Реципиент мемлекеттiң аумағындағы инвестицияларға байланысты коммерциялық емес тәуекелдерден қорғау кепiлдiктерiнiң негiзiнде инвесторға төлем жүргiзген Тарап немесе ол өкiлеттiк берген орган суброгация тәртiбiмен инвестордың құқықтарын инвестордың өзi жүзеге асырған көлемде жүзеге асыра алады. Мұндай құқықтар реципиент мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап
Тарап пен инвестор арасындағы дауларды шешу
1. Осы Келiсiмнiң 5-бабына сәйкес залалды өтеу ретiнде алынған сомаларды және осы Келiсiмнiң 6-бабында көзделген өтемақыларды төлеудiң мөлшерiне, шарттарына немесе тәртiбiне немесе осы Келiсiмнiң 7-бабында көзделген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың тәртiбiне қатысты дауларды қоса алғанда, Тарап пен инвестордың арасында осы инвестордың реципиент мемлекеттiң аумағындағы инвестицияларына байланысты туындайтын даулар мүмкiндiгiне қарай келiссөздер арқылы шешiледi.
2. Егер даудың кез келген тарабы оны келiссөздер жолымен шешу туралы жазбаша хабарлаған күнiнен бастап алты ай iшiнде келiссөздер жолымен шешiлмеген болса, онда ол инвестордың таңдауы бойынша мыналардың:
а) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттiң тиiстi дауларды қарауға құзыреттi сотының;
б) ЕурАзЭҚ сотының;
в) дауға қатысушылармен келiсiлген кез келген мемлекеттiң Сауда палатасының жанындағы халықаралық коммерциялық төрелiктiң;
г) егер даудағы тараптар өзгеше келiспесе, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының(UNCIRAL) Арбитраждық регламентiне сәйкес құрылуы және әрекет етуi тиiс "аd hос" төрелiк сотының қарауына берiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес қабылданған шешiмдер дауға қатысушы тараптар үшiн мiндеттi болып табылады. Әрбiр Тарап мұндай шешiмдердi өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес орындауға мiндеттенедi.
10-бап
Тараптар арасындағы дауларды шешу
1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар мүдделi Тараптардың консультациялар және келiссөздер жүргiзуi жолымен шешiледi.
2. Егер дау алты ай iшiнде консультациялар және келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, онда Тараптар оның қаралуы үшiн ЕурАзЭҚ-тың сотына немесе Тараптардың келiсiмi бойынша құрылатын "аd hос" аралық сотына жүгінуі мүмкiн.
3. Тараптар, егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмеген болса дауларды шешу барысында туындайтын шығыстарды дербес көтередi.
11-бап
Консультациялар
Тараптар олардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты мәселелер бойынша консультациялар жүргiзедi.
12-бап
Келiсiмдi қолдану
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн инвесторлар жүзеге асырған барлық инвестицияларға осы Келiсiм қолданылады.
13-бап
Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
14-бап
Келiсiмнiң күшiне енуi және қолданылу мерзiмi
1. Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнiнен бастап күшiне енедi.
ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады.
2. Кез келген Тарап депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алады. Бұл Тарапқа қатысты осы Келiсiмнiң қолданылуы депозитарий осындай хабарламаны алған күнiнен бастап алты ай өткен соң тоқтатылады.
3. Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған күнге дейiн жүзеге асырылған және оның қолданылуына жататын инвестицияларға қатысты осы Келiсiмнiң 1 - 12-баптарының ережелерi осы күннен кейiн келесi жетi жыл iшiнде күшiнде қалады.
_____ ______________ ______________қаласында орыс тiлiндегi бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Келiсiмге қол қойған әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетiнде сақталады.
БеларусьРеспубликасының
Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн
Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының
Yкiметi үшiн