О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2006 года N 476

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 22 ноября 2005 года "О республиканском бюджете на 2006 год" и  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2004 года N 1405 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Агентству Республики Казахстан по информатизации и связи из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2006 год на неотложные затраты, 500000000 (пятьсот миллионов) тенге на увеличение уставного капитала
акционерного общества "Республиканский центр космической связи и электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств" для проведения работ по созданию и запуску национального геостационарного спутника связи и вещания "Kazsat-2".
      2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделяемых средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

         Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 476 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына  және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне "Каzsat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмділігi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 500000000 (бес жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi