О некоторых вопросах кредитования на 2007 год областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство жилья

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2007 года N 116

      В соответствии с  Указом Президента Республики Казахстан от 11 июня 2004 года N 1388 "О Государственной программе развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы",  постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1204 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2007 год",  постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2004 года N 715 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы (далее - заемщики) в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных, городов Астаны и Алматы бюджетах на 2007 год соответствующие поступления, а также расходы по программе, связанной с выполнением подпункта 18)  пункта 4 постановления Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1204 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2007 год", представить в Министерство финансов Республики Казахстан указанные решения маслихатов.

      2. Министерству финансов Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан после выполнения пункта 1 настоящего постановления предоставить заемщикам бюджетные кредиты на сумму 23 800 000 000 (двадцать три миллиарда восемьсот миллионов) тенге (далее - кредиты) посредством заключения кредитных договоров (далее - договоры) согласно  приложению 21 постановления Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1204 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2007 год".
       Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 1 октября 2007 г. N  869 .

      3. Установить следующие основные условия предоставления кредитов заемщикам:
      1) кредиты предоставляются заемщикам в тенге сроком на 3 (три) года по нулевой ставке вознаграждения (интереса) на строительство жилья в рамках Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы;
      2) возврат кредитов производится заемщиками в республиканский бюджет в установленный срок;
      3) период освоения кредитов исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора и заканчивается 25 декабря 2009 года.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан, Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) обеспечить заключение договоров согласно пункту 2 настоящего постановления;
      2) обеспечить контроль за целевым использованием и своевременным погашением кредитов в республиканский бюджет.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
    Республики Казахстан

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салуға 2007 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 116 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1338  Жарлығына , "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысына , "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - қарыз алушылар) тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2007 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысы 4-тармағының 18) тармақшасын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн ұсынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулының 1-тармағы орындалғаннан кейiн "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1204 қаулысының 21-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттiк шарттар (бұдан әрі - шарттар) жасасу арқылы 23 800 000 000 (жиырма үш миллиард сегіз жүз миллион) теңге сомасына бюджеттiк кредиттер (бұдан әрi - кредиттер) берсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.01.  N 869 Қаулысымен.

      3. Қарыз алушыларға кредиттер берудiң мынадай негiзгi шарттары белгiленсiн:
      1) қарыз алушыларға кредиттер Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде тұрғын үй салуға 3 (үш) жыл мерзiмге сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша теңгемен берiледi;
      2) республикалық бюджетке кредиттердi қайтаруды қарыз алушылар белгiленген мерзiмде жүргiзедi;
      3) кредиттердi игеру кезеңi кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 2009 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 2-тармағына сәйкес шарттар жасасуды қамтамасыз етсiн;
      2) кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы өтелуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi