Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі салалардағы қазақстан-болгария ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. София қаласында (Болгария Республикасы) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті