Об утверждении Правил согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание и управление дорог в части обеспечения безопасности дорожного движения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года № 267. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 457

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 457 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 24 Закона Республики Казахстан от 15 июля 1996 года "О безопасности дорожного движения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание и управление дорог в части обеспечения безопасности дорожного движения.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 4 апреля 2007 года N 267

Правила
согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание и управление дорог в части обеспечения безопасности дорожного движения

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание и управление дорог в части обеспечения безопасности дорожного движения (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 15 июля 1996 года " О безопасности дорожного движения " и от 16 июля 2001 года " Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан ".
      Правила определяют порядок согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание и управление дорог в части обеспечения безопасности дорожного движения (далее - документация), и разработаны с учетом требований утвержденных государственных нормативов в области автомобильных дорог, а также архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан (далее - государственные нормативы).

      2. Правила распространяются на физические и юридические лица, разрабатывающие нормативные, проектные и технические документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание и управление дорог (далее - разработчик).

      3. Документация, подлежащая согласованию и утверждению в части обеспечения безопасности дорожного движения, содержит требования, обеспечивающие охрану жизни и здоровья людей.

2. Порядок согласования и утверждения документации

      4. Разработчик представляет документацию на согласование в уполномоченный орган по безопасности дорожного движения (далее - уполномоченный орган).

      5. Рассмотрение и согласование документации проводится уполномоченным органом в течении 20 (двадцати) календарных дней.

      6. Согласование проектной документации осуществляется до проведения государственной экспертизы данной документации в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан".

      7. Проектная документация представляется на согласование с учетом требований государственных нормативов.

      8. По итогам рассмотрения уполномоченный орган согласовывает представленную документацию либо отказывает в ее согласовании.
      При отказе в согласовании документации уполномоченный орган письменно информирует об этом разработчика с указанием причин отказа.
      Основанием отказа является несоответствие документации требованиям государственных нормативов.
      В случае несогласия разработчика с отказом в согласовании, он вправе обжаловать действия уполномоченного органа в установленном законодательством порядке .

      9. После устранения разработчиком причин отказа в согласовании материалы направляются на повторное согласование. Повторное согласование проводится в срок не более 10 (десяти) календарных дней.

      10. Документация, в которую вносятся изменения (дополнения), на утвержденные основные технико-экономические показатели, подлежит согласованию в срок, указанный в пункте 5 настоящих Правил.

      11. Документация утверждается соответствующими государственными органами, в компетенцию которых входит утверждение такой документации, в срок до 10 (десяти) календарных дней, со дня представления, в порядке установленном государственными нормативами.

      12. Утверждение проектной документации осуществляется после проведения государственной экспертизы проектов.

      13. Утверждение нормативной и технической документации осуществляется после ее согласования.

Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 267 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он қүнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы»4 сәуірдегі   
N 267 қаулысымен      
бекітілген        

Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 15 шілдедегі және " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
      Ереже жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын (бұдан әрі - құжаттама) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту тәртібін белгілейді және автомобиль жолдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бекітілген мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - мемлекеттік нормативтер) талаптары ескеріле отырып әзірленді.
      2. Ережені жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамаларын әзірлейтін жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - әзірлеуші) қолданылады.
      3. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісуге және бекітуге жататын құжаттама адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды.

2. Құжаттаманы келісу және бекіту тәртібі

      4. Әзірлеуші жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) құжаттаманы келісуге ұсынады.
      5. Уәкілетті орган құжаттаманы қарау мен келісуді 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
      6. Жобалық құжаттаманы келісу»"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен осы құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткенге дейін жүзеге асырылады.
      7. Жобалық құжаттама мемлекеттік нормативтердің талаптары ескеріле отырып келісуге ұсынылады.
      8. Қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ұсынылған құжаттаманы келіседі не оны келісуден бас тартады.
      Құжаттаманы келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы әзірлеушіні жазбаша хабардар етеді.
      Құжаттаманың мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі бас тарту негіздемесі болып табылады.
      Әзірлеуші бас тартумен келіспеген жағдайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның әрекетіне шағымдануға құқылы.
      9. Әзірлеуші келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін материалдар қайта келісуге жіберіледі. Қайта келісу 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      10. Бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін құжаттама осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімде келісуге жатады.
      11. Құжаттаманы құзыретіне осындай құжаттаманы бекіту кіретін тиісті мемлекеттік органдар ол ұсынылған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен бекітеді.
      12. Жобалық құжаттаманы бекіту жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
      13. Нормативтік және техникалық құжаттаманы бекіту оны келіскеннен кейін жүзеге асырылады.