О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года N 1237

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2007 года N 436. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 995

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам недропользования и проведения нефтяных операций в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года N 1237 "Некоторые вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 47, ст. 586) следующие дополнения и изменения:
      1) в  Положении о Министерстве индустрии и торговли Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      подпункт 8) пункта 11 дополнить абзацем следующего содержания:
      "утверждение формы отчета недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах и годовой программы закупа товаров, работ и услуг на предстоящий год";
      2) в  Положении о Комитете промышленности и научно-технического развития Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 11:
      подпункты 15), 15-1), 15-2) изложить в следующей редакции:
      "15) принятие участия в осуществлении мониторинга исполнения контрактных обязательств недропользователями в части приобретения ими товаров, работ и услуг казахстанского происхождения;
      15-1) формирование и ведение реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию и их производителей, а также разработка критериев их оценки для внесения в данный реестр;
      15-2) осуществление методического руководства деятельностью местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы) по формированию перечня товаров, работ и услуг, производимых на территории области (города республиканского значения, столицы), и их производителей;";
      дополнить подпунктами 15-3), 15-4) следующего содержания:
      "15-3) размещает на веб-сайте Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан объявления на государственном и русском языках о проведении конкурсов на приобретение товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию способом открытого конкурса;
      15-4) разрабатывает и утверждает по согласованию с компетентным органом методику расчета казахстанского содержания в отношении товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию или сопутствующей деятельности, связанной с контрактом";
      пункт 12 дополнить подпунктом 14) следующего содержания:
      "14) запрашивает у недропользователей и (или) лиц, уполномоченных недропользователями осуществлять закуп товаров, работ и услуг для проведения операций по недропользованию, информацию о производимых и произведенных закупках товаров, работ и услуг".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 436 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. » "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есебінің нысанын және алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын бекіту";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті туралы ережеде:

      11-тармақта:
      15), 15-1), 15-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Қазақстаннан шыққан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бөлігінде олардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауы мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
      15-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалаудың өлшемдерін әзірлеу;
      15-2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында шығарылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 15-3), 15-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15-3) Қазақтан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-сайтында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарды өткізу туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырулар орналастыру";
      15-4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе келісім-шартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан өндірілетін және өндірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты сұратуға".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі