О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2007 года N 512

      В соответствии со  статьями 51 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и  130  Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Перевести земельные участки площадью 2,76 гектара из земель лесного фонда Январцевского государственного учреждения по охране лесов и животного мира Департамента природных ресурсов и регулирования природопользования Западно-Казахстанской области (далее - Январцевское лесное учреждение) в категорию земель промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения.

      2. Акиму Западно-Казахстанской области в установленном законодательством порядке обеспечить предоставление государственному учреждению "Департамент таможенного контроля по Западно-Казахстанской области Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан" (далее - учреждение) под строительство единого контрольно-пропускного пункта "Бырлик" земельного участка, указанного в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Учреждению в соответствии с действующим законодательством возместить в доход республиканского бюджета потери лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного хозяйства, и принять меры по расчистке площади с передачей полученной древесины на баланс Январцевского лесного учреждения.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 512 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу департаменті Январцев ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Январцев орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 2,76 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жер санатына ауыстырылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін "Бірлік" бірыңғай бақылау-өткізу пунктін салуға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) беруді қамтамасыз етсін.

      3. Мекеме қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Январцев орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі