Об утверждении Правил прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан к государственным органам и международным организациям

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2007 года № 614. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.10.2011 № 1192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 28-2 Закона Республики Казахстан от 18 марта 2002 года "Об органах юстиции" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан к государственным органам и международным организациям.
 

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 19 июля 2007 года N 614

Правила
прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной
системы органов юстиции Республики Казахстан к
государственным органам и международным организациям

      1. Настоящие Правила определяют порядок прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан (далее - сотрудники УИС) к государственным органам и международным организациям, членом которых является Республика Казахстан, (далее - международные организации) с оставлением в кадрах уголовно-исполнительной системы в целях обеспечения выполнения задач в сфере уголовно-исполнительной деятельности (далее - прикомандированные лица). 

      2. Прикомандирование сотрудников УИС к Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратам палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, аттестация, выплата им должностных окладов, пособий на оздоровление и премирование осуществляются в соответствии с Правилами прикомандирования военнослужащих, сотрудников органов внутренних дел, финансовой полиции, прокуратуры к отдельным государственным органам Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2004 года N 826.
 

      3. Прикомандирование сотрудников УИС к международным организациям осуществляется на основании акта Правительства Республики Казахстан, если иное не установлено соответствующими международными договорами.
      Прикомандированным лицам к международным организациям выплачивается заработная плата, установленная для соответствующих категорий работников международных организаций, за счет средств, предусмотренных на их содержание, если иное не установлено соответствующими международными договорами.
      Аттестация прикомандированных лиц к международным организациям производится в порядкеустановленном для сотрудников УИС. 

      4. За прикомандированными лицами сохраняется статус сотрудников УИС.
      Присвоение прикомандированным лицам специальных званий осуществляется в порядке, установленном Положением о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава уголовно- исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан.
      Иные выплаты, а также обеспечение вещевым имуществом прикомандированных лиц осуществляются за счет средств, предусмотренных на содержание уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан. При этом по выплатам единовременного характера в расчет принимаются должностные оклады по последней должности, занимаемой до прикомандирования.
 

      5. Пенсионное обеспечение прикомандированных лиц осуществляется в соответствии с пенсионным законодательством. При этом в расчет принимаются должностные оклады по занимаемым ими должностям в Администрации Президента Республики Казахстан, аппаратах палат Парламента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, а прикомандированным лицам к международным организациям - должностные оклады по последней должности, занимаемой до прикомандирования.

Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 614 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 28-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 19 шілдедегі
N 614 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының әділет органдары
қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік
органдар мен халықаралық ұйымдарға
іссапарға жіберу ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі - ҚАЖ-дың қызметкерлері) мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - халықаралық ұйымдар) қылмыстық-атқару қызметінің аясындағы міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің кадрында қалдырылып, іссапарға жіберу (бұдан әрі - іссапарға жіберілген адамдар) тәртібін айқындайды.

      2. ҚАЖ-дың қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іссапарға жіберу, аттестаттау, оларға лауазымдық жалақы, сауықтыру жәрдемақылары мен сыйлықақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 826 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерін Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарына іссапарға жіберу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. ҚАЖ-дың қызметкерлерін халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу, егер тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің негізінде жүзеге асырылады.
      Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарға халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген, егер тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен жалақы төленеді.
      Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарды аттестаттау ҚАЖ-дың қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      4. Іссапарға жіберілген адамдарда ҚАЖ-дың қызметкерлері мәртебесі сақталады.
      Іссапарға жіберілген адамдарға арнайы атақтар беру Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Іссапарға жіберілген адамдарға өзге де төлемдер, сондай-ақ оларды заттай мүлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесін ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте бір жолғы сипаттағы төлемдер жөнінде іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.

      5. Іссапарға жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте олардың Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде атқарып отырған лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылары, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылар есепке алынады.