Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 639 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6 және 8-тармақтар алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 639 қаулысымен 
бекітілген   

Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет
өткеруі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) қызметкерлерін қызметке қабылдау, олардың қызмет өткеру және қызметтен босату тәртібін айқындайды.
      2. ҚАЖ қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.01.25 N 68 Қаулысымен.

2. ҚАЖ-ға қызметке қабылдау

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚАЖ-ға қызметке он сегіз жасқа толған, өздерінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы мен дене бітімі, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген лауазымдық міндеттерін орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      ҚАЖ-ға қызметке үміткерлер іріктеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Әділет министрі (бұдан әрі - Министр) айқындайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      5. ҚАЖ-дың қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарына отыз екі жастан аспаған, орта білімнен төмен емес білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      Орта басшы құрамдағы лауазымдарына орта арнаулы білімнен төмен емес білімі бар, ал аға басшы құрамдағы лауазымдарына - қырық жастан аспаған, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      Жекелеген жағдайларда бұл шекті жас Министрдің шешімімен өзгертілуі мүмкін.
      Бұрын ҚАЖ-дан босатылған және қызметке жаңадан қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жас шектеулері осы Ереженің 96-тармағының талаптарына сүйеніп белгіленеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының азаматы заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда ҚАЖ-ға қызметке қабылдана алмайды.

      7. ҚАЖ-ға қызметке қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары арнайы тексеруден, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларында (бұдан әрі - ӘДК) медициналық куәландырудан өткен жағдайда жүзеге асырылады.

      8. Қазақстан Республикасының азаматтары ҚАЖ-ға қызметке кіру кезінде ҚАЖ қызметкерлерінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соқтыратын іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер қабылдайды. Аталған шектеу жазбаша нысанда тіркеледі. Шектеулерді қабылдамау қызметке қабылдаудан бас тартуға әкеп соғады.

      9. ҚАЖ-ға қызметке алғаш рет түскен адамдар арнаулы бастапқы оқудан және тағылымдамадан өтеді, өту тәртібі мен шарттарын Министр белгілейді.
      Бұл ретте әскери қызметшілер, ҚАЖ білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерін бітірген, сондай-ақ ішкі істер, қаржы полициясы, прокуратура, кеден, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан іссапарға жіберілген адамдар арнаулы бастапқы оқудан және тағылымдамадан өтпейді.
      Арнаулы бастапқы оқудан және тағылымдамадан өтетін адамдарды ұстау тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25 N 68 ; 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен.

      10. ҚАЖ-ға қызметке қабылдау ҚАЖ-дың уәкілетті органы бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемелері басшыларының бұйрықтарымен ресімделеді. Бұл бұйрық қол қойдырып хабарланады.

      11. ҚАЖ білім беру ұйымдарында оқу үшін орта білімі бар, денсаулық жағдайы бойынша ҚАЖ-да қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады.
      ҚАЖ білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес Министр айқындайды .
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      12. ҚАЖ білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен келісім-шарт жасалады, онда білім беру ұйымын аяқтаған соң одан әрі ҚАЖ-да қызмет өткеру шарты мен мерзімі көзделеді.
      Он сегіз жасқа толмаған адамдармен келісім-шарт жасасқан жағдайда келісім-шарт оның ата-анасымен, асырап алушыларымен немесе қамқоршыларымен жасалады. Кейіннен курсант (тыңдаушы) он сегіз жасқа толған соң онымен келісім-шартты міндетті түрде қайта жасасу жүзеге асырылады.
      Келісім-шарттың нысанын, оны жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін ҚАЖ-дың уәкілетті органы белгілейді.

      13. ҚАЖ білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдеріндегі оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестіріледі.

3. ҚАЖ-да қызмет өткеру

      14. ҚАЖ-дың қызметінде немесе кадрында тұрған, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген адамдар ҚАЖ қызметкерлері болып табылады.
      ҚАЖ қызметкерлері үлгі лауазымдарының тізбесін және оларға сәйкес келетін шекті арнайы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      15. ҚАЖ білім беру ұйымдарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоса алғанда, ҚАЖ қызметкерлерінің лауазымдарына тағайындалған немесе ҚАЖ кадрына тіркелген әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес әскери есептен шығарылады және ҚАЖ-дың арнаулы есебінде тұрады.

      16. ҚАЖ қызметкерлерін лауазымға тағайындауды, ауыстыруды және қызмет бабында жоғарылатуды ҚАЖ-дың уәкілетті органы бекіткен лауазымдар номенклатурасына және Министр бекітетін ҚАЖ лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемелері басшыларының бұйрықтарымен жүргізіледі. Бұл ретте мынадай шарттар сақталады:
      1) ҚАЖ қызметкерлерін лауазымға тағайындау және қызмет бабында ауыстыру кезінде оларды негізгі немесе тектес мамандығы бойынша немесе тәжірибесіне сәйкес пайдалану қамтамасыз етілуі тиіс, ал олар үшін жаңа мамандық бойынша лауазымдарда пайдалану қажет болған жағдайда, тағайындар алдында олар тиісті курстарда (жиындарда) қайта даярлаудан өтуі тиіс;
      2) бос тұрған лауазымның міндетін уақытша атқарудың үздіксіз мерзімі екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша - төрт айдан аспауы тиіс.
      ҚАЖ-да уақытша болмаған қызметкерлердің қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен және шарттарда кәсіптерді (лауазымдарды) біріктіруге немесе міндеттерді орындауға рұқсат етіледі.
      Өздерінің тікелей бастықтарының міндеттерін уақытша орындап жүрген штаттағы орынбасарларға олардың қызметтік міндеттеріне қарамастан, қосымша ақы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
      Лауазым бойынша міндеттерді уақытша орындаудың үздіксіз мерзімі қызметке кірісу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап міндеттерді атқарудан босату күнін қоса алғанда есептеледі.
      Лауазым бойынша міндетін атқарушы етіп тағайындауды ҚАЖ қызметкерлерін лауазымға тағайындау және оларды ауыстыру құқығы берілген ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделеді;
      3) ұйымдық-штаттық іс-шаралар (қысқарту, қайта ұйымдастыру, көшіру, тарату) жүргізу кезінде, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерін анағұрлым ұтымды пайдалануды, қызметте бос орын болған жағдайды қоспағанда, айқындауды қажет ететін өзге де жағдайларда ҚАЖ қызметкерлері 2 айдан аспайтын мерзімге ҚАЖ органының қарамағына алынады.
      Қарамағындағы ҚАЖ қызметкеріне, сондай-ақ ҚАЖ органдарын, мекемелерін, ұйымдарын қайта ұйымдастыру кезеңінде кадр қызметтері жазбаша түрде басқа теңдес бос лауазым ұсынады, ал мұндай лауазым болмаған кезде ҚАЖ қызметкері оның біліктілігі мен денсаулық жағдайын ескере отырып орындай алатын төмен тұрған лауазым немесе ақысы аз төленетін жұмыс ұсынады. Ұсынылған лауазымнан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкермен еңбек қатынастары тоқтатылады.
      Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде ҚАЖ қызметкері ҚАЖ-дың тиісті органының немесе мекемесінің қарамағына есепке алынады. Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыс уақытында ҚАЖ қызметкерінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
      ҚАЖ қызметкерлеріне қарамағында болған уақыты үшін ақшалай үлес ұйымдық-штаттық іс-шаралар (қысқарту, қайта ұйымдастыру, көшіру, тарату) жүргізуге байланысты ғана, бірақ штаттық лауазымнан босатылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімге соңғы негізгі лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы және арнайы атағы үшін қосымша ақысы мөлшерінде төленеді. Олар сондай-ақ тұрғын үйін ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, егер олар қарамағына алынғанға дейін осындай өтемақы алған жағдайда ақшалай өтемақы алуға құқылы.
      Осы Ережеде белгіленген ҚАЖ қызметкерлерінің демалыстарда, емдеу мекемелерінде (ӘДК-нің жолдамасы бойынша тексеруде) емдеуде болуы бұрынғы қызмет атқарған жерінен тиісті ҚАЖ органы орналасқан жерге дейін жол жүріп барған уақыты; арнайы жоғары және орта оқу орындарының сырттай, кешкі бөлімдерінің оқу-емтихандық сессияларында болу уақыты; қылмыстық іс тоқтатылған немесе ақтау үкімі шығарылған жағдайларда тұтқындалған күнінен бастап босатылған күнін қоса алғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты тұтқында болған уақыты қарамағында болу кезеңіне есептелмейді.
      Кезекті демалысын пайдаланбаған, атқарып отырған қызметтерінен босатылған және оның қарамағындағы ҚАЖ қызметкерлеріне оларды қызметте одан әрі пайдалану туралы мәселені шешу кешіктірілген жағдайларда, олардың өтініші бойынша пайдаланылмаған демалысы беріледі. Оларға кезекті демалыс уақыты үшін ақшалай үлес қарамағында болу мерзіміне қарамастан, қарамағына алынған күні негізгі лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленеді;
      4) ҚАЖ қызметкерлерін қызмет бабында ауыстыру, оларды ҚАЖ-дың тиісті органының қарамағына алмай-ақ жүзеге асырылуы тиіс. Тиісті органның қарамағында тұрған ҚАЖ қызметкерлерін лауазымға тағайындау мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ лауазымнан босатқан күннен бастап екі айдан кешіктірмей жүргізіледі. ҚАЖ қарамағында тұрған көрсетілген адамдарды қызметте пайдалану тәртібін ҚАЖ-дың уәкілетті органы белгілейді;
      5) ҚАЖ қызметкерлерін басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа елді мекенге шұғыл ауыстыру қажет болған кезде, бұл туралы шешімді, осы адамдардың дайындығы мен қызмет тәжірибесін, сондай-ақ оларда және олардың отбасы мүшелерінде медициналық қарсы көрсеткіштердің жоқтығын ескере отырып, олардың келісімі бойынша тиісті тікелей бастықтар қабылдайды;
      6) ҚАЖ қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау ӘДК-ның медициналық куәландыруының нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
      ҚАЖ-дың білім беру ұйымдары диплом алдындағы практикадан өту үшін ҚАЖ-дың мемлекеттік мекемелеріне жіберген курсанттар (тыңдаушылар) практикадан өту кезеңінде лауазымға тағайындалады. ҚАЖ-дың білім беру ұйымдарының түлектері бөлуге сәйкес қызмет өткеруге жіберіледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 , 2009.07.23. N 1125 Қаулыларымен.

      17. ҚАЖ қызметкерлерін қызмет бабында лауазымдық ауыстыру қызметтік қажеттілікке сәйкес, кадрлардың біліктілігін, кәсіптік даярлығын және мамандығын ескере отырып жүзеге асырылады.

      18. ҚАЖ қызметкерлерін қызмет бабында ауыстыру:
      1) жоғары тұрған лауазымдарға - қызмет бабында жоғарылату ретінде осы адамдардың келісімімен;
      2) тең дәрежелі лауазымдарға - басқа лауазымдармен алмастыру қажет болған жағдайда не оларды іскерлік және жеке қасиеттерін ескере отырып анағұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшін, сондай-ақ отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, алмастыру тәртібімен сондай-ақ жеке өтініші бойынша осы адамдардың келісімімен;
      3) ҚАЖ білім беру ұйымдарына оқуға түсуіне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ ҚАЖ білім беру ұйымдарында оқуын бітірген соң лауазымға тағайындалған кезде;
      4) төмен тұрған лауазымдарға:
      штаттар қысқарған кезде немесе ҚАЖ-дың мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру кезінде - осы адамдарды тең дәрежелі лауазымдарға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда және олардың келісімімен;
      денсаулық жағдайы бойынша - ӘДК-ның қорытындысы (қаулысы) негізінде және олардың келісімімен;
      аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша;
      тәртіптік жаза ретінде;
      жеке өтініші бойынша;
      заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
      Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған ҚАЖ қызметкерлері кейіннен қызмет бабында жоғарылай алады.
      ҚАЖ қызметкерлерін қызмет бабында ауыстыру туралы шешім ауыстыру негізі көрсетіле отырып, жеке құрам бойынша ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделеді. 41-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, жұмыс уақыты мен демалыстар кезеңінде ауырып қалғаны туралы қызметкер кадр қызметіне және тікелей басшысына хабарлайды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 , 2009.07.23. N 1125 Қаулыларымен.

      19. ҚАЖ-да қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің, мекемелерінің басшыларын және олардың орынбасарларын алмастыру жүзеге асырылуы мүмкін.
      ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және олардың орынбасарларын атқарып отырған лауазымында алмастыру ҚАЖ уәкілетті органы басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің шешімімен, ҚАЖ мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарларын - ҚАЖ аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсынысы бойынша ҚАЖ уәкілетті органы басшысының шешімі бойынша кемінде бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің, ҚАЖ мекемелерінің басшыларын және олардың орынбасарларын басқа мекенге қызметке алмастыруға ҚАЖ қызметкерінің жазбаша келісімімен жол беріледі.
      Алмастыруға мүгедек балалары (қамқоршы болып табылатын), оның ішінде асырап алған ұлдары (қыздары) немесе асырауында қарт ата-аналары бар лауазымды адамдар жатпайды. Көрсетілген жағдайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
      Лауазымды адамдарды олардың бұрынғы атқарып отырған міндеттері сипатының өзгеруі болжанатын қызметке алмастырған кезде, олар ҚАЖ білім беру ұйымдарында қажетті бейін бойынша теориялық және практикалық даярлық курсынан өтуі мүмкін.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 , 2009.07.23. N 1125 Қаулыларымен.

      20. ҚАЖ қызметкерлерін қызмет бабында ауыстыру басшы кадр резервінде тұрған ҚАЖ қызметкерлері ішінен олардың іскерлік және жеке қасиеттері, денсаулық жағдайы және қолданыстағы тәртіптік жазаларының болмауы ескеріле отырып жүргізіледі.
      Басшы кадр резервіне тіркелген басшы құрамдағы адамдармен жұмыс ҚАЖ-дың уәкілетті органы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      21. Қызмет бабында ауыстырылған ҚАЖ қызметкерлері істерді тапсырғаннан кейін, ҚАЖ органы қызмет бабында ауыстыру туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 3 күн ішінде, ал ерекше жағдайларда бір ай мерзімнен кешіктірілмей жаңа қызмет орнына іссапарға жіберілуі тиіс.

      22. ҚАЖ қызметкерлеріне қызметтік куәліктер мен жетондар беріледі. Қызметтік куәліктің сипаттамасын Министр, жетонның - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.
      Куәлік ҚАЖ қызметкерлеріне лауазымға тағайындалған, арнайы атақ берілген кезде және бұрын берілген куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін беріледі. Қызмет бабында ауыстырылған, арнайы атақ берілген, ҚАЖ-дан шығарылған және қолданылу мерзімі өткен кезде бұрын берілген куәлік ол алынған жерге қайтарылады.

      23. ҚАЖ қызметкерлері қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерлерде ақшалай үлес алады, сондай-ақ үлгілері мен тиесілік нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысанды киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.
      ҚАЖ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы уәкілетті органы берген тиісті дипломы болған жағдайда, ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелері үшін және ғылым кандидатына бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде және ғылым докторларына екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
      Күндізгі магистратураға және адъюнктураға ҚАЖ білім беру ұйымдарын бітірісімен тікелей қабылданған ҚАЖ қызметкерлеріне тиісті кафедраның оқытушысы жалақысының 70 %-ы мөлшерінде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнайы атағы үшін қосымша ақы төленеді.

      24. ҚАЖ қызметінде немесе кадрында тұрған адамдарға атқаратын лауазымына, біліктілігіне және еңбек сіңірген жылдарына сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай арнайы атақтар беріледі:
      1) қатардағы құрам:
      әділет қатардағы қызметтері;
      2) кіші басшы құрам:
      әділет кіші сержанты, әділет сержанты, әділет аға сержанты, әділет старшинасы, әділет прапорщигі, әділет аға прапорщигі;
      3) орта басшы құрам:
      әділет кіші лейтенанты, әділет лейтенанты, әділет аға лейтенанты, әділет капитаны;
      4) аға басшы құрам:
      әділет майоры, әділет подполковнигі, әділет полковнигі;
      5) жоғары басшы құрам:
      әділет генерал-майоры.

      25. Қатардағы және басшы құрамның арнайы атақтары ҚАЖ-ға қызметке қабылданған адамдарға біліктілігі, білімі, қызметке көзқарасы, еңбек сіңірген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да шарттар ескеріле отырып жеке өзіне, дәйекті түрде беріледі.

      26. Дәйектілігіне қарай арнайы атақтар алғашқы және кезекті болып бөлінеді.
      Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнайы атақтарын беруді және ҚАЖ кадрына есепке алуды Министр жүргізеді.

      27. Қатардағы, орта және аға басшы құрамның кезекті арнайы атақтарын:
      әділет капитанына дейін қоса алғанда - ҚАЖ аумақтық органдарының және жоғары білім берудің кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын ҚАЖ білім беру ұйымдарының басшылары;
      әділет подполковнигіне дейін қоса алғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне - уәкілетті органының басшысы;
      әділет полковнигін - Министр береді.
      Жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      28. Кезекті арнайы атақтар, осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, кезекті атақ атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атаққа сәйкес болған жағдайда және арнайы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткен соң дәйекті түрде беріледі.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      29. Арнайы атақтарда еңбек сіңірудің мынадай мерзімдері белгіленеді:
      1) қатардағы және кіші басшы құрам:
      әділет қатардағы қызметкері атағында - 3 ай;
      әділет кіші сержанты атағында - 1 жыл;
      әділет сержанты атағында - 2 жыл;
      әділет аға сержанты атағында - 3 жыл;
      әділет прапорщигі атағында - 5 жыл;
      2) орта және аға басшы құрам:
      әділет кіші лейтенанты атағында - 1 жыл;
      әділет лейтенанты атағында - 2 жыл;
      әділет аға лейтенанты атағында - 3 жыл;
      әділет капитаны атағында - 4 жыл;
      әділет майоры атағында - 5 жыл;
      әділет подполковнигі атағында - 5 жыл.
      Әділет старшинасы, әділет аға прапорщигі, әділет полковнигі, сондай-ақ жоғары басшы құрам атақтарында еңбек сіңіру мерзімі белгіленбейді.
      Орта және аға басшы құрамның арнайы атағындағы еңбек сіңіру мерзімі осы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның алдындағы атақты беру сәтінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептеледі.
      Әділет лейтенанты алғашқы арнайы атағы ҚАЖ жоғары оқу орнын ұйымын, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарын бітірген соң берілген және ҚАЖ-да қызмет өткеріп жүрген ҚАЖ қызметкерлері үшін әділет лейтенанты атағында еңбек сіңіру мерзімі 1 жыл болып белгіленеді.
      Арнайы атақ беру заңсыз кешіктірілген жағдайда арнайы атақта еңбек сіңіру мерзіміне оның алдындағы арнайы атақта еңбек сіңіру мерзімі аяқталған сәттен бастап есептеледі.
      Орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қатардағы және кіші басшы құрамның атағы бар ҚАЖ қызметкерлері орта басшы құрамның арнайы атағын беруге, бар атағында еңбек сіңірген мерзіміне қарамастан ұсынылады.

      30. Әділет кіші лейтенанты алғашқы арнайы атағы:
      қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдарында тұрған, арнаулы орта оқу орындарын бітірген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған ҚАЖ қызметкерлеріне;
      қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдарында тұрған, жоғары немесе орта оқу орындарының соңғы курстарын оқып жүрген, орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған ҚАЖ қызметкерлеріне;
      арнаулы орта оқу орындарын бітірген адамдарға беріледі.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасында тұрған және жоғарырақ офицерлік атағы бар адамдарды қоспағанда, аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға әділет майоры атағынан жоғары емес алғашқы арнайы атақ беріледі. Аталған адамдарға кезекті атақ беру жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

      31. Әділет лейтенанты арнайы атағы:
      әділет кіші лейтенанттарына арнайы атақта еңбек сіңірудің осы Ережеде белгіленген мерзімі өткеннен соң, ал ҚАЖ жоғары және орта білім беру ұйымдарын бітіргендерге - бұл атақта еңбек сіңіру мерзіміне қарамастан;
      ҚАЖ жоғары немесе арнаулы орта білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімін бітірген ҚАЖ қызметкерлеріне;
      қатардағы және кіші басшы құрамның арнайы атағы бар, өзге де жоғары, орта оқу орындарын бітірген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған ҚАЖ қызметкерлеріне;
      жоғары білімі бар және орта немесе аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға беріледі.

      32. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасында тұрған адамға оны ҚАЖ басшы құрамының лауазымына тағайындаған соң оның әскери атағына сәйкес арнайы атақ беріледі.
      Запастағы офицерлерді ҚАЖ кадрына қабылдау кезінде оларға алғашқы арнайы атақ, егер кадрға қабылдау күніне олар әскери қызметті өткеру кезеңінде өздеріне әскери атақ берілген мерзімдерін немесе запаста болу кезінде берілген атақтарындағы мерзімдерін өткерген болса (яғни, нақты әскери қызметте белгіленген мерзімнен 1 жылға артық), олардың әскери атақтарынан бір сатыға жоғары (бірақ олар тағайындалатын лауазымда көзделген атақтан жоғары емес) берілуі мүмкін.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      33. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының, ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, прокуратура, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кедендік бақылау қызметкерлеріне (соның ішінде бұрынғы қызметкерлеріне) оларды ҚАЖ органдарының қатардағы және басшы құрамдағы тиісті лауазымдарына тағайындау кезінде олардың әскери және арнайы атақтары ҚАЖ қызметкерлерінің арнайы атақтарына теңестіріледі, оларға ҚАЖ-да еңбек сіңіру жылдары әскери қызметпен немесе еңбек қызметімен байланысты үзілістерге қарамастан, олардың әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер беруді көздейтін лауазымдардағы жұмыс уақытын ескере отырып есептеледі.

      34. Орта және аға басшы құрамның кезекті арнайы атақтары ҚАЖ білім беру ұйымдарының магистранттарына және адъюнкттеріне, оқуға түскеннен кейін енгізілген осы лауазымдар бойынша штаттағы арнайы атақтарға өзгерістер ескерілместен, олар оқуға түскенге дейін атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес, тиісті арнайы атақтарда еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі аяқталған бойда; кезекті арнайы атақтар ҚАЖ қызметкерлері білім беру ұйымын бітірген соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда - ҚАЖ оқу орнын, магистратураны, адъюнктураны бітірген бойда беріледі.

      35. Басшы құрамның кезекті арнайы атағы (әділет полковнигіне дейін қоса алғанда), қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін көтермелеу түрінде оның алдындағы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін немесе атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнайы атақтан бір саты жоғары берілуі мүмкін.
      Арнайы атақтар мерзімінен бұрын арнайы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде және қолданыстағы тәртіптік жазаның болмауы кезінде беріледі.
      Атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтан бір саты жоғары кезекті арнайы атақ:
      арнайы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткен соң - ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар, оқу орнында штаттық лауазым атқаратын басшы құрамның адамдарына;
      оның алдындағы арнайы атақта еңбек сіңірудің кемінде бір жарым мерзімі өткен соң - басшы құрамның басқа да санаттарына беріледі.
      Арнайы атақтарды мерзімінен бұрын не атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтан бір саты жоғары беру ҚАЖ-дағы қызметінің барлық кезеңі үшін бір рет жүргізіледі.
      Бұл ретте арнайы атақтарын кіші басшы құрамның жоғары білім берудің кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын ҚАЖ аумақтық органдарының және ҚАЖ білім беру ұйымдарының бастықтары, ал орта және аға басшы құрамның арнайы атақтарын - Министр береді.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      36. ҚАЖ тиісті органының қарамағындағы немесе тәртіптік жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған немесе қызметтік тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқан ҚАЖ қызметкерлерін тиісінше лауазымға тағайындалғанға, тәртіптік жазасы алынғанға, ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатқанға дейін немесе қызметтік тексеру аяқталғанға дейін кезекті арнайы атақтар беруге ұсыну жүргізілмейді.

      37. Тәртіптік жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешім қабылданған немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, ҚАЖ қызметкерлеріне кезекті арнайы атақ атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша атаққа кезекті арнайы атақ сәйкес болған кезде оны берудің мерзімі басталған сәттен бастап беріледі.

      38. Арнайы атақтан бір саты төмендету ҚАЖ қызметкерлеріне тәртіптік жаза ретінде қолданылады. Мұндай жағдайда арнайы атақтағы еңбек сіңірген жылдары арнайы атағын бір сатыға төмендету туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледі.
      Арнайы атағынан төмендетілген ҚАЖ қызметкерлері атағын төмендеткен күннен бастап кемінде алты ай өткен соң арнайы атағын төмендету туралы шешім қабылдаған лауазымды адамдардың бұйрықтарымен атқарып отырған штаттық лауазымына қарамастан, бұрынғы арнайы атағы қалпына келтіріледі.
      ҚАЖ қызметкерінің бұрынғы арнайы атағы қалпына келтірілгенге және оған кезекті арнайы атақ берілгенге дейін арнайы атағы қайта төмендетілмейді.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      39. ҚАЖ қызметкерлері соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі бойынша арнайы атағынан айырылуы мүмкін.
      Бұл ретте арнайы атақтан арнайы атақты беру құқығы берілген адам айырады немесе төмендетеді.

      40. Арнайы атақтан заңсыз айырған жағдайда бұрынғы атағын қалпына келтіру туралы шешімді сот органдарының қаулысына сәйкес арнайы атағынан айыру туралы шешім қабылдаған лауазымды адамдар қабылдайды.
      Арнайы атақтан заңсыз айырылу кезеңі қалпына келтірілген арнайы атақта еңбек сіңіру мерзіміне кіреді. Арнайы атақтан заңсыз айырылған ҚАЖ қызметкерлеріне толық көлемде материалдық зиян өтеледі.

      41. ҚАЖ қызметкерлеріне:
      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
      2) ақы төленетін қосымша жыл сайынғы еңбек демалыстары;
      3) қысқа мерзімді демалыстар;
      4) жалақысы сақталмай берілетін демалыстар;
      5) оқу демалыстары (ҚАЖ білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларына, сырттай оқу бөлімінде оқушыларға);
      6) бала (балалар) тууына, бала асырап алуына байланысты демалыстар;
      7) сырқаттануы бойынша демалыстар;
      8) шығармашылық демалыстар (ҚАЖ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне педагогикалық өтілі сақтала отырып ғылыми жұмыспен айналысу үшін беріледі) беріледі.
      Демалыстарды ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемелерінің басшылары береді. Қызметкерлердің жұмысқа шығуын, демалысын, науқастануы бойынша демалысын есепке алуды кадр қызметтерінің қызметкерлері жүзеге асырады.
      Демалыс беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақыртып алу тиісті бұйрықпен ресімделеді.
      Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      42. ҚАЖ қызметкерлеріне күнтізбелік жыл ішінде демалыс кестесіне сәйкес демалыс өткізу орнына келу мен кету уақытын есептемегенде ұзақтығы 30 тәулік ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
       Заңнамада жұмыс күндері емес деп белгіленген жалпымемлекеттік мереке күндері, ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын айқындау кезінде есепке алынбайды және оның ұзақтығына қосылады.
      ҚАЖ қызметкерлерінің ҚАЖ-ға қызметке кірген жылындағы кезекті демалысының ұзақтығы, олардың қызметке кірген күнінен бастап жылдың соңына дейінгі қызмет өткерген уақытына тепе-тең түрде мынадай есеппен есептеледі: бөлігі қызметінің әрбір толық айы демалысының 1/12 үшін болады. Бұл ретте ұзақтығы 10 тәулік және одан көп демалыс алуға құқылы ҚАЖ қызметкерлеріне жол жүруіне демалыстан тыс уақыт беріледі. Ұзақтығы 10 тәулікке жетпейтін жыл сайынғы демалыс, аталған адамдарға өздерінің қалауы бойынша келесі жылы кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін.
      Қызметке келген жылы демалыс беру кезінде сауықтыру жәрдемақысы нақты берілген демалыс күніне тепе-тең түрде төленеді.
      Демалыс алуға құқығы бар ҚАЖ қызметкерлері оны бөліп пайдалана алады. Жолға берілген уақыт демалыстың бір бөлігіне ғана беріледі.

      43. Биік таулы мекендерде (1500 м биіктікте және одан жоғары), климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет атқаратын ҚАЖ қызметкерлеріне, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 45 тәулік кезекті демалыс беріледі. Бұл жерлердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесінде 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
       Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      44. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мынадай жағдайларда:
      1) ҚАЖ қызметкерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы кезінде;
      2) егер ол үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, ҚАЖ қызметкерінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кезінде мемлекеттік міндеттерді орындау уақытында толық ұзартылуы немесе ауыстырылуы немесе бөлінуі мүмкін.
      Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бөлігі) ҚАЖ қызметкерінің тек жазбаша келісімімен немесе оның өтінішімен ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қосылуы немесе қызметкердің өтінішімен басқа уақытқа бөлек ұсынылуы мүмкін.

      45. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ҚАЖ қызметкерінің жазбаша келісімі бойынша ғана тоқтатылуы мүмкін. Шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі, ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемесі басшысының келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылы кез келген уақытта немесе келесі жұмыс жылының ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына қосылып беріледі.
      ҚАЖ білім беру ұйымдарына күндізгі оқу бөліміне жіберілетін ҚАЖ қызметкерлеріне кезекті ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы оқу орнына кеткенге дейін беріледі.

      46. Жасының келуі, сырқаттануы, штаттық қысқаруы бойынша ҚАЖ органдарынан босатылған ҚАЖ қызметкерлеріне өздерінің қалауы бойынша сол жылы өздері нақты еңбек еткен уақыт мерзіміне кезекті демалыс беріледі немесе босатылатын жылы пайдаланбаған кезекті демалысы үшін сол жылы қызмет еткен уақытына, бірақ 45 тәуліктен аспайтын тепе-тең түрде ақшалай өтемақы төленеді.
      ҚАЖ-дан босатылатын ҚАЖ қызметкерлеріне (осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) босатылған жылы пайдаланылмаған кезекті демалысы үшін сол жылы қызмет атқарған уақытына тепе-тең түрде, бірақ 45 тәуліктен аспайтын уақытқа ақшалай өтемақы төленеді.

      47. ҚАЖ қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарына қарай (күнтізбелік есеппен), ұзақтығы мынадай қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі:
      1) он жылдан артық еңбек сіңіргендерге - ұзақтығы 5 тәулік;
      2) он бес жылдан артық еңбек сіңіргендерге - ұзақтығы 10 тәулік;
      3) жиырма жылдан артық еңбек сіңіргендерге - ұзақтығы 15 тәулік.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен экологиялық апат аймағы деп жарияланған аймақтарда қызмет атқаратын, сондай-ақ ҚАЖ-дың емдеу-алдын алу мекемелерінде қызмет атқаратын ҚАЖ қызметкерлеріне ұзақтығы мен беру тәртібі қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес айқындалатын жыл сайынғы қосымша демалыс беріледі.
      Қызметінің айрықша сипаты үшін ұзақтығы 10 тәулікке дейін қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі, ол кезекті демалысқа қосылып есептеледі, ҚАЖ қызметкерінің қалауы бойынша онымен бір мезгілде немесе бөлек берілуі мүмкін, бұл ретте қосымша және жыл сайынғы демалыстардың жалпы үзіліссіз ұзақтығы 55 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

      48. Зиянды жағдайда міндеттерін орындағаны және қызметінің айрықша сипаты үшін бір мезгілде қосымша демалыс алуға құқылы ҚАЖ қызметкерлеріне қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бір негіз бойынша ғана беріледі.

      49. ҚАЖ қызметкерлеріне қысқа мерзімді ақылы демалыс шұғыл әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді, ең алдымен сырқаттануына, туысқандық борышын өтеуіне байланысты мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ басқа да дәлелді себептер бойынша қызметкердің демалысты өткізетін жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан 10 тәулікке дейін беріледі.

      50. ҚАЖ білім беру ұйымдары күндізгі бөлімінің курсанттарына (тыңдаушыларына) мынадай:
      1) ұзақтығы 14 тәулік - қысқы каникулдық демалыс;
      2) ұзақтығы 30 тәулік - жазғы каникулдық демалыс;
      3) ұзақтығы 30 тәулік оқу орнын бітіруіне байланысты демалыстар беріледі.
      ҚАЖ білім беру ұйымдарының оқу бойынша берешегі бар курсанттары мен тыңдаушыларына каникулдық демалыс, оқу бағдарламаларында белгіленген демалыс өткізу мерзімдерінің шегінде оны өтегеннен кейін беріледі.
      Осы Ереженің 47 және 53-тармақтарымен көзделген қосымша демалыстар ҚАЖ білім беру ұйымдарының тыңдаушылары мен курсанттарына берілмейді.
      ҚАЖ білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімін бітіруіне байланысты демалыс оқу бітірушілерге олардың дербес бөлу орны бойынша оларды ҚАЖ органында немесе мекемелерінде лауазымға тағайындағаннан кейін беріледі.

      51. ҚАЖ білім беру ұйымдарының сырттай оқу бөлімінде оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңіне ұзақтығы емтихандық сессиясының ұзақтығына тең, бірақ бір оқу жылының ішінде қырық күннен аспайтын оқу демалыстары беріледі, бұл ретте біліктілігін арттыру және мамандарды даярлау курстарында оқитын ҚАЖ қызметкерлеріне оқу орнына темір жол көлігімен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледі. Біліктілігін арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын ҚАЖ қызметкерлеріне қызметтік іссапарлар үшін белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша оқуда болған әр күні үшін тәуліктік төленеді және тұрғын жай жалдау жөніндегі шығыстары өтеледі.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      52. Магистратура мен адъюнктураға түсетін ҚАЖ қызметкерлеріне қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ұзақтығы 30 тәулікке дейін, ал өзге де жоғары білім берудің кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына емтихан тапсыру үшін ұзақтығы 15 тәулікке дейін, ақшалай ұсталуы сақталмай оқу демалысы берілуі мүмкін.
      Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.25 N 68 Қаулысымен.

      53. Жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін демалыстар және қосымша демалыстар ҚАЖ қызметкерлеріне кезекті демалыстан тыс беріледі.
      Жүктілігі және босануы бойынша демалыстардың, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
      Ескерту. 53-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.25 N 68, 2010.04.24 № 350 Қаулыларымен.

      54. Сырқаттануы бойынша демалыстың ұзақтығы ауруының сипатына қарай анықталады. Сырқаттануына және емдеу мекемелерінде емделуіне байланысты үздіксіз демалыста болу уақыты, қолданыстағы заңнамамен жекелеген сырқаттар бойынша емделудің бұдан да ұзақ мерзімі көзделген жағдайлардан басқасында екі айдан аспауы тиіс. Емдеу мекемесінің қорытындысы негізінде тікелей бастықтың - ҚАЖ аумақтық органы, білім беру ұйымы бастығының шешімімен бұл мерзім тағы да ұзартылуы мүмкін. Сырқаттануы және емделуі бойынша демалыста үздіксіз болудың белгіленген мерзімі өткен соң көрсетілген ҚАЖ қызметкерлері өздерінің әрі қарай қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін ӘДК-ның куәландырылуынан өтуі тиіс.

      55. Жиі және ұзақ ауыратын ҚАЖ қызметкерлерін, егер еңбекке жарамсыз күндерінің саны үзіліссіз 2 айға дейінгіні немесе 12 ай ішінде 3 айға дейінгіні құрайтын болса, ҚАЖ кадр қызметі одан әрі өткеруге жарамдылығын анықтау үшін ӘДК медициналық куәландыруға жібереді.
      Қызметтік міндеттерін және қызметтік борышын орындау кезінде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертігуіне байланысты ҚАЖ қызметкерлеріне ақшалай үлесі емделіп жатқан уақытында төленеді, бұл ретте емделу уақытына шек қойылмайды. Көрсетілген адамдар медициналық куәландырылуға емделіп болған соң немесе сырқатының нәтижесі анықталған жағдайда жіберіледі.
      ҚАЖ қарамағында болу кезеңінде науқастанған ҚАЖ қызметкерлеріне емдеуде болған уақытындағы ақша қаражаты қарамағында болу күніне алынатын көлемде төленеді.

      56. ҚАЖ қызметкерлеріне демалыс өткізу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, кезекті, қысқа мерзімді, қосымша демалыстар, сырқаттануына, жүктілігі мен босануына байланысты демалыстар кезінде ақшалай үлес олардың атқарып отырған лауазымы бойынша демалысқа шыққан күні алған мөлшерде төленеді. Олардың сондай-ақ тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған ақшалай өтемақы алуына, егер демалыс алғанға дейін олар мұндай өтемақы алса, құқығы бар.

      57. ҚАЖ қызметкерлеріне қауіпсіз қызмет жағдайы қамтамасыз етіледі, қызмет бабында өсуге, білім деңгейі мен мәдениетін арттыруға, дене бітімін дамытуға, қоғамдық міндеттерді орындауға және демалуға нақты мүмкіндіктер беріледі.

      58. ҚАЖ қызметкерлері ҚАЖ білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа да жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі, сырттай оқу бөлімдерінде, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарында (факультеттерінде), соның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқи алады.
      Өзге де білім беру ұйымдарында сырттай (кешкі) оқу бөлімдерінде оқитын ҚАЖ қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, оқу орнына жол жүру, демалыс беру мәселелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

      59. ҚАЖ қызметкерлері үшін жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      60. Төтенше немесе әскери жағдай енгізілгенде, күдікті, айыпталушы және сотталғанның қашуы, адамды кепілге алу, жаппай тәртіпсіздік, топтасып бағынбаушылық, осылардың болу қаупі кезінде ҚАЖ мекемелерінде ерекше жағдай режимі енгізілуі мүмкін.
      Ерекше жағдай режимі Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Министрдің шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге енгізіледі.
      Ерекше жағдайларда ерекше жағдай режимін қолдану уақыты қосымша отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте, ҚАЖ қызметкерлерінің ерекше жағдай режимінде қызмет атқаруы үш айдан аспау керек және демалыс күндерімен өтеледі.

      61. ҚАЖ қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      62. ҚАЖ қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына қызметтегі үзіліске қарамастан, еңбек сіңірген жылдарына қарай коэффициент белгілеу құқығын беретін жұмыс өтіліне:
      1) ҚАЖ-да, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, кеден қызметі, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, ішкі істер, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет уақыты, судья ретіндегі жұмыс уақыты, сондай-ақ мемлекеттік және әскери қызмет өтілі;
      2) ҚАЖ қызметкерлерінің ҚАЖ кадрында болу уақыты, егер олар белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға қызметке жіберілген болса;
      3) ҚАЖ, қаржы (салық) полициясы, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарындағы оқу уақыты, есептеледі.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25 N 68 ; 2008.11.18 N 1068 , 2009.07.23. N 1125 Қаулыларымен.

      63. ҚАЖ қызметкерлері қаза тапқан (қайтыс болған), ауырған немесе мертіккен жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдіктер беріледі.

      64. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар ішінен жүкті әйелдер мен аналар, сондай-ақ анасыз (ол қайтыс болған, ата-ана құқығынан айырылған, ұзақ мерзімде емдеу мекемесінде болған жағдайда және басқа аналық қамқорлығы болмаған жағдайларда) бала тәрбиелеуші ҚАЖ қызметкерлері, әкелер қолданыстағы заңнамада осы санаттағы адамдар үшін белгіленген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.

      65. ҚАЖ қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде әлеуметтік сақтандырылуға жатады.

      66. ҚАЖ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің өмірін, денсаулығын, абыройы мен намысын, мүлкін қылмыстық қол сұғудан қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеді.
      Қызметтік міндетін атқаруына байланысты ҚАЖ қызметкерлерінің мүлкіне келтірілген зиян белгіленген тәртіппен өтеледі.

      67. ҚАЖ қызметкерлері мен олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ ҚАЖ зейнеткерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетулерді пайдаланады.
      ҚАЖ қызметкерлері қызмет ететін немесе тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімшелер, қажетті мамандар не арнаулы жабдықтар болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсетіледі.

      68. ҚАЖ қызметкерлерінің тәртібі олардың заңдылық, дара басшылық, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, антын, жарғыларын, бастықтардың бұйрықтарын орындау қағидаттарын қатаң сақтауға негізделеді.
      ҚАЖ қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде тікелей және төте бастықтарына ғана бағынады.

      69. Басшы өз қарамағындағылар арасындағы қызметтік тәртіптің жай-күйіне жауап береді. Оларға жоғары талап қоюмен қатар басшы:
      1) қарамағындағылардың еңбек етуі, демалысы және біліктілігін арттыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
      2) қарамағындағылардың қызметтік міндеттерін орындауына жауапкершілік сезімін тәрбиелейді;
      3) қарамағындағылардың қызметтік іс-әрекетін бағалауда жариялылықпен және әділдікті қамтамасыз етеді;
      4) қарамағындағылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
      5) жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністері туындауының, жеке сипаттағы себептермен немесе ҚАЖ қызметіндегі кемшіліктерді сынағаны үшін қарамағындағы қызметкерлерді қудалаудың жолын кеседі.

      70. Қызмет бойынша бір-біріне тікелей бағынбайтын ҚАЖ қызметкерлері нақты тапсырмаларды орындау кезінде аға немесе кіші лауазымды адамдар болуы мүмкін.
      Қызмет бойынша бір-біріне тікелей бағынбайтын ҚАЖ қызметкерлерінің өзара қарым-қатынас тәртібін ҚАЖ-дың уәкілетті органы белгілейді.

      71. Бастықтың бұйрығы мүлтіксіз, дәл және мерзімінде орындалуы тиіс.
      ҚАЖ қызметкерлері өз іс-әрекетінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ҚАЖ қызметкері өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда ҚАЖ қызметкері, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Қатардағы және басшы құрамдағы адамның заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.

      72. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚАЖ қызметкерлері:
      біржолғы ақшалай жәрдемақымен;
      алғыс жариялаумен;
      бағалы сыйлықпен марапатталумен;
      Құрмет грамотасымен немесе грамотамен марапатталумен;
      кеуде белгісімен марапатталумен;
      кезекті арнайы атақты мерзімінен бұрын берумен;
      атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары арнайы атақ берумен көтермелеуі мүмкін.
      ҚАЖ қызметкерлеріне көтермелеу ретінде тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу қолданылуы мүмкін.

      73. ҚАЖ қызметкерлеріне кеуде белгілері мен грамоталардың сипаттамасы мен оларды беру тәртібін ҚАЖ-дың уәкілетті органы белгілейді.

      74. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы, табандылығы және мемлекет алдындағы басқа да сіңірген еңбегі үшін ҚАЖ қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылуы мүмкін.
      Қол жеткен табыстары үшін ҚАЖ қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталуы мүмкін. ҚАЖ ведомстволық наградаларының сипаттамасын және олармен марапаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді .

      75. ҚАЖ қызметкерлеріне мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
      1) ескерту;
      2) сөгіс;
      3) қатаң сөгіс;
      4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
      5) атқарып отырған лауазымынан босату;
      6) арнайы атағын бір саты төмендету;
      7) ҚАЖ-дан шығару.
      Қызметкердің теріс қылық жасағаны жаза қолдануға негіз болып табылады.

      76. Көтермелеу мен тәртіптік жазаны оларға берілген құқықтардың шегінде бастықтар тиісті бұйрық шығару жолымен қолданады.

      77. Жаза жасалған теріс қылықтың ауырлығына, нысанына және оны жасаған адам кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.
      Жаза белгілеу кезінде:
      1) теріс қылықтың мазмұны мен сипатының;
      2) теріс қылық жасау кезіндегі мән-жайлардың;
      3) жасалған теріс қылықтың жағымсыз салдары;
      4) оны жасаған адамның бұрынғы тәртібі;
      5) қызмет өтілі;
      6) қызметкердің жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлардың жиынтығы ескеріледі.

      78. ҚАЖ қызметкерлеріне тәртіптік жаза теріс қылық жасаған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және теріс қылық жасаған күннен бастап алты айдан кешіктіріліп қолданылмайды, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе қызметкердің қаржы-шаруашылық қызметін ревизиялау немесе тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайда қызметкердің теріс қылық жасаған күнінен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады. Көрсетілген мерзімге қылмыстық ісі бойынша іс жүргізу уақыты енгізілмейді.
      Тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуі ҚАЖ қызметкерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы уақытында, демалыста немесе іссапарда болған уақытында тоқтатыла тұрады.

      79. Тәртіптік жаза ҚАЖ қызметкерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы уақытында, демалыста немесе іссапарда болған уақытында қолданылмайды.
      Егер де теріс қылық туралы осы уақытқа дейін немесе оның жасалатыны белгілі болатын болса, уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыс, іссапар уақыты тәртіптік жаза қолданудың айлық мерзімінің қолданысын тоқтатады.

      80. Тәртіптік жаза қолдану алдында ҚАЖ қызметкерінен жазбаша түсініктеме алынуы тиіс.
      Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін ҚАЖ қызметкеріне бір ғана жаза қолданыла алады.

      81. Бастықтың қарамағындағы қызметкеріне тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдауы алдында қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс.
      Қызметтік тергеу кінәлі адамдарды теріс қылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында өткізіледі. Теріс қылық жасаған адамның түсініктеме беруден бас тартуы тиісті актіде белгіленеді және жаза қолдануға кедергі бола алмайды.
      Қызметтік тергеу ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен тағайындалады және теріс қылық жасаған немесе оның анықталған күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен аспай жүргізіледі.
      Қызметтік тергеу ҚАЖ қызметкерінің уақытша еңбекке жарамсыз, демалыста немесе іссапарда болған кезеңінде тоқтатыла тұрады.
      Тергеу жүргізілетін ҚАЖ қызметкері басшылар белгіленген құзыреті шегінде жауапкершілігі туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ он төрт күннен аспайтын мерзімге лауазымды міндеттерді орындаудан уақытша босатылуы мүмкін.
      ҚАЖ қызметкері міндетті түрде оның тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты барлық материалдармен таныс болуға тиіс.
      Ескерту. 81-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 , 2009.07.23. N 1125 Қаулыларымен.

      82. Жаза қолдану туралы бұйрықта жаза қолданылған адам, жаза қолданылған теріс қылығы және жаза түрі көрсетіледі.
      ҚАЖ қызметкеріне тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық:
      1) уақытша еңбекке жарамсыз;
      2) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелер орындау уақытында қызметтен босату;
      3) демалыста немесе іссапарда болған кезеңінде шығарыла алмайды.     

      83. Тәртіптік жаза қолданылған ҚАЖ қызметкеріне тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қолын қойдырып жарияланады. Қызметкер тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы осы бұйрыққа тиісті жазба жазылады. ҚАЖ қызметкерін тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, ҚАЖ-дың тиісті бөлімшесі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты (көшірмені) ҚАЖ қызметкеріне хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.
      Тәртіптік түрде жазаланған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған ҚАЖ қызметкерлеріне ҚАЖ-дың тиісті мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданған жазалар туралы мәліметтерді кадр қызметі құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі уәкілетті органға міндетті түрде ұсынуы керек.
       Ескерту. 83-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2009.07.23. N 1125 Қаулысымен.

      84. Аға басшы, егер оған берген құқықтарды асыра пайдаланбаса, кіші басшы қолданған тәртіптік жазаны жеңілдетіп немесе алып тастай алмайды. Алайда, ол жасалған бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, төмен тұрған бастық қолданған тәртіптік жазаның күшін жоя алады және анағұрлым қатаң немесе жеңіл жаза қолдана алады.

      85. ҚАЖ қызметкеріне бұйрықпен қолданылған тәртіптік жаза, егер оған осы уақытқа дейін жаңа жаза қолданылмаса, оны қолданған күннен кейін алты ай өткеннен кейін алынды деп саналады. Тәртіптік жаза тікелей бастығының ұсынысымен мерзімінен бұрын алынуы мүмкін. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаны уақытынан бұрын алып тастауға жол берілмейді.

      86. Арнайы атағын (лауазымын) төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолданылған жағдайда арнайы атағы (лауазымы) төмендетілген күннен бастап алты айдан кейін бұрынғы арнайы атағы (лауазымы) қалпына келтірілуі мүмкін.
      Арнайы атағы төмендетілген басшы құрамдағы адамдардың бұрынғы арнайы атағы атқаратын лауазымына қарамастан, бір мезгілде тәртіптік жазасы алына отырып қайта қалпына келтіріледі.
      Жазалаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер мен актілер ҚАЖ қызметкерінің қызмет өткеру тізіміне енгізу жолымен ҚАЖ кадр қызметтерінің есебіне алуға жатады.

      87. ҚАЖ қызметкерлеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттерге олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағым бере алады.

      88. Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған және қамауда ұстау түрінде алдын алу шарасы қолданылмаған ҚАЖ қызметкері осы қылмыстық іс бойынша сот шешімі қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу жүргізу кезеңінде лауазымдық міндетін атқарудан шеттетіледі. Лауазымынан шеттетілген уақыты үшін оған ақшалай үлес төленеді.
      Қылмыс жасалуына оларды айыпталушы ретінде тартылған жағдайда, ҚАЖ қызметкерлеріне қатысты белгіленген тәртіппен алдын алу шарасы - қамауға алынған жағдайда ақшалай үлес қылмыстық іс бойынша шешімді қабылдауға дейін қамауда ұсталған күннен бастап тоқтатылады. Сот қолданған жаза түріне қарамастан қамауда болған уақыты үшін ақшалай үлес төленбейді.
      Ақтау үкімі шығарылған, ақтау негіздері бойынша қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, қызметкерге қызметте еріксіз болмаған мерзіміне ақшалай үлес қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.

      89. Қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты ҚАЖ-дан босатылған, кейін ақталған және арнайы атағы қызметіне сәйкес қалпына келтірілген ҚАЖ қызметкерлеріне қызметте еріксіз болмаған мерзіміне ақшалай үлес қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.

      90. ҚАЖ қызметкерлерін аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) олардың кәсіби даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін және адамдармен жұмыс істеу қабілетін бағалау мақсатында жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет өтілі кемінде 20 жыл болатын қызметкерлер тестілеуге жатпайды.
      Аттестаттау кезіндегі негізгі бағалау өлшемі ҚАЖ қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеттілігі болып табылады.
      ҚАЖ қызметкерлеріне кәсіби даярлығының деңгейіне және мамандығы бойынша дербес жұмыс өтіліне карай Министр айқындайтын тәртіппен сыныптық біліктілік беріледі.
      Ескерту. 90-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.24 № 350 Қаулысымен.

      91. ҚАЖ қызметкерлері ҚАЖ-да үздіксіз қызметте болған әр үш жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өткізіледі. Бұл ретте, аттестаттау көрсетілген мерзім күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
      ҚАЖ-да қызметте болу қызметкердің ҚАЖ-дағы қызметтен шығу күнінен бастап оны ҚАЖ-ға қызметке қабылдау күніне дейін үш айдан аса уақыт өтпесе, оның аталған кезең ішінде өзге де заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, үздіксіз деп есептеледі.

      92. Аттестаттаудан өткізілетін ҚАЖ қызметкерлері жаңа лауазымдарға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жыл өткен соң аттестаттаудан өткізіледі. Бірдей лауазымдарға тағайындалған кезде, егер ол функционалдық міндеттерін өзгертуге әкеп соқпаса, бұл мерзім есептелмейді.
      ҚАЖ қызметкерлері ішінен әйелдер, олар жүкті болған және бала бағу кезінде аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан кейін және бір жылдан кешіктірілмей аттестациядан өткізіледі.

      93. ҚАЖ қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу дайындығын ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1612 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ережеге сәйкес айқындалады.

      94. ҚАЖ қызметкерлерінің соғыс уақытында қызмет өткеру тәртібі заңнамамен белгіленеді.

3. Қызметтен босату

      95. ҚАЖ-да қызметті тоқтатуға негіздемелер:
      1) ҚАЖ-дан босату;
      2) соттың ҚАЖ қызметкерін белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп тануы;
      3) ҚАЖ қызметкерінің қайтыс болуы (қаза табуы) болып табылады.

      96. Қызметте ҚАЖ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әскери қызметте болудың шекті жасына дейін бола алады.
      Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар мынадай шекті жасқа дейін ҚАЖ-да қызметте болады:
      әділет кіші лейтенанттарынан бастап әділет подполковниктеріне дейін қоса алғанда - 45 жас;
      әділет полковниктері - 53 жас;
      әділет генерал-майорлары - 58 жас.
      Қажет болған кезде және ҚАЖ қызметкерлерінің келісімімен олардың қызмет өтеу мерзімін бес жылға дейін Министр ұзартуы мүмкін.
      Ерекше жағдайларда Министрдің шешімі бойынша аға басшы құрамдағы қызметкерлерге осы мерзім дәл осындай тәртіппен қайтадан бес жылға дейін, ал ғылыми дәрежесі немесе атағы бар жекелегендеріне - он жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
      Қызмет өткеру мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу кезінде ҚАЖ қызметкерлері олардың қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау үшін медициналық комиссияға жіберіледі.
      Қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім ҚАЖ қызметкерлерін осы Ережеде көзделген негіздер бойынша босату мүмкіндігін жоймайды.

      97. ҚАЖ қызметкерлерін қызметтен босату:
      1) егер босатылушылар, тиісті әскери атақтары бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген шектеулі жасқа жетпесе - запасқа (әскери есепке қойыла отырып);
      2) егер босатылушылар, тиісті әскери атақтары бар немесе ӘДК денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған адамдардың запаста болуы үшін "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген шектеулі жасқа жеткен болса әскери есептен шығарыла отырып жүргізіледі.

      98. ҚАЖ қызметкерлері қызметтен запасқа (әскери есепке қойыла отырып):
      1) зейнетақы алуға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және әскери қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша;
      2) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы ӘДК-ның қорытындысы (қаулысы) негізінде - денсаулық жағдайы бойынша;
      3) штаттың қысқаруына немесе ҚАЖ органдары мен мекемелерінің қайта ұйымдастырылуына орай, басқа лауазымды пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда;
      4) өз еркімен;
      5) сынақ мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
      6) қызметтік тәртіпті ұдайы бұзғандығы үшін;
      7) аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған, қызметке сай келмеуі бойынша;
      8) теріс қылық жасағаны үшін;
      9) заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің шығуына немесе ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуына байланысты;
      10) Қазақстан Республикасы азаматтығы тоқтатылған жағдайда босатылады. Осы тармақтың 6), 8), 9) тармақшаларымен көзделген босатылу негізі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы   заңнаманы бұзумен байланысты теріс себептер бойынша босатылған болып саналады.

      99. Қызметтен босатылатын ҚАЖ қызметкерлері, зейнетақы алуға құқығы бар ҚАЖ қызметкерлерін қоспағанда, сондай-ақ қызмет өткеру үшін басқа да мемлекеттік органдарға қызметке жіберілгендер нысанды киім-кешегін ҚАЖ органы мен мекемесінің тиісті қызметіне тапсырады.

      100. Қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты болмаса да, бірақ көпшіліктің алдында ҚАЖ-дың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер; қасақана құқық бұзушылықтар; ҚАЖ қызметкерінің ар-намысына нұқсан келтіретін теріс қылықтар: қоғамдық орындарда ішімдікке масайған немесе есірткіге елірген немесе өзге де түрдегі елітілген күйде жүруі, тергеудегі, сотталған адамдармен рұқсат етілмеген байланыс жасауы, қылмыс жасаған азаматтарға демеушілік етуі, қызмет бабын жеке басының қамы үшін және пайдакүнемдік ниетпен қолдануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен, тыңдаушыларымен және курсанттарымен жарғыдан тыс қарым-қатынастар жасауға жол беруі; мемлекеттік және қызметтік құпияны, ҚАЖ-ға зиян келтіретін жедел сипаттағы ақпараттарды жария етуі сияқты беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін ҚАЖ қызметкерлері осы Ереженің 98-тармағының 8) тармақшасына сәйкес қызметінен босатылады.
      Аталған негіздер бойынша, сондай-ақ теріс қылықтары бойынша босатылған ҚАЖ қызметкерлері ҚАЖ-ға қайта қызметке қабылданбайды.

      101. Зейнетақы алуға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және әскери қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша, өзінің қалауымен қызметтен босайтын ҚАЖ қызметкерлері жоспарлы босатылу күнінен кемінде бір ай бұрын өзі қабылдаған шешім туралы ҚАЖ органының немесе мекемесінің тікелей бастығына ескертіп, ол туралы баянат береді.

      102. ҚАЖ қызметкері ҚАЖ білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін ҚАЖ-да әрі қарай қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда ол оны оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға тиіс сома келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейінгі әрбір толық қызмет атқармаған айға тепе-тең түрде есептеледі.
      Шақырылу жасына жеткен және сабаққа үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі бойынша, сондай-ақ өз еркімен оқудан шығарылған ҚАЖ білім беру ұйымдары күндізгі бөлімдерінің курсанттары (тыңдаушылары), егер оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемесе, әскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша әскери басқару органдарына жіберіледі. Олар мемлекетке оларды оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын өтеуге міндетті. Ұсталуға тиіс сома оқу орнында болған әрбір толық айға тепе-тең түрде есептеледі.

      103. Осы Ереженің 98-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша қызметтен босатылатын ҚАЖ қызметкерлері бұл туралы, әдетте, босатылардан кемінде екі ай бұрын хабардар етіледі.

      104. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихат депутаттары болып сайланған ҚАЖ қызметкерлері ҚАЖ қызметінен босатылады. Олар өздерінің депутаттық өкілеттіктері аяқталғаннан кейін, белгіленген тәртіппен ҚАЖ-ға қызметке қайта қабылдануы мүмкін.

      105. ҚАЖ қызметкерлерін босату оларды тағайындауға құқығы бар басшылықтың бұйрықтарымен жүргізіледі. Қызметкерді босату күні, егер бұйрықта босату күні көрсетілмесе, бұйрыққа қол қойылған күн деп есептеледі.
      ҚАЖ органдарынан қызметкерлерді босату (жеке құрам тізімінен алып тастау) туралы бұйрық шығарылғаннан кейін, егер бұл ретте қолданыстағы заңнама бұзылып және босатумен байланысты (тізімнен шығару) жаңа жағдаяттар ашылмаған болса, бұндай актілерді өзгертуге болмайды.

      106. ҚАЖ қызметкерлері одан әрі қызмет өткеру үшін өздерінің жазбаша өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларына, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, қаржы полициясы, прокуратура, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кедендік бақылау органдарына ҚАЖ жеке құрамының тізімінен алына отырып іссапарға жіберілуі мүмкін. Іссапарға жіберу ҚАЖ қызметкерінің баянаты негізінде тиісті мемлекеттік органдардың келісімімен жеке түрде жүргізіледі.
      Ескерту. 106-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25. N 68 Қаулысымен.

      107. Қызметтен заңсыз босатылған немесе лауазымы мен атағы төмендетілген ҚАЖ қызметкерлерін босату, лауазымын немесе атағын төмендету туралы шешім қабылдаған лауазымды адам бұрынғы немесе оған тең дәрежелі лауазымға қайта қабылдайды және атағын қайтарады. Адамдарды қызметке қайта қабылдау (лауазымы мен атағын қайтару) егер ол адамның қызметтен шығарылуы мен лауазымы, атағы төмендетілуінің заңсыздығы туралы шешім қабылданған сәттен бастап, үш ай ішінде өтініш жасалса, ол сол күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қалпына келтіріледі. Заңсыз босатылуына, лауазымы мен дәрежесінің төмендетілуіне байланысты амалсыздан жұмысқа шықпаған уақыты, ҚАЖ-дағы қызмет өтіліне (күнтізбемен есептегенде) және арнайы атағы бойынша еңбек сіңірген жылдарына қосылады. Бұл ретте, оларға жұмысқа себепсіз шықпаған уақыты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен материалдық шығыны өтеледі.
      Тергеу және анықтау органдарының қаулылары, ақтайтын негіздер бойынша істердің тоқтатылуы, соттың заңды күшіне енген ақтау үкімі, шешімі не жұмыстан босату, лауазымын немесе атағын төмендету туралы шешім қабылдаған немесе оларға тең және жоғары бастықтар шығарған қызметтік тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды ҚАЖ-дағы қызметін, лауазымын, арнайы атағын қалпына келтіру үшін негіз болып табылады.

      108. ҚАЖ-дан босатылған, қайтыс болған, қаза тапқан, хабарсыз жоқ болып кеткен немесе хабарсыз кеткен ҚАЖ қызметкерлері ҚАЖ-дың уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен ҚАЖ кадрларынан шығарылады.

      109. Қызметтен босатылғаннан кейін ҚАЖ қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес әскери есепке қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады