О ввозе золошлаковых отходов филиалом открытого акционерного общества "ОГК-2" Троицкая государственная районная электрическая станция"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2007 года N 947

      В соответствии с пунктом 4  статьи 288 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Разрешить филиалу открытого акционерного общества "ОГК-2" Троицкая государственная районная электрическая станция" Российской Федерации до конца 2012 года ввоз золошлаковых отходов, согласно коду ТН ВЭД СНГ 262100000, в количестве 16,4 млн. тонн в Республику Казахстан для размещения на территории Костанайской области.

      2. Министерствам охраны окружающей среды, здравоохранения Республики Казахстан, акиму Костанайской области принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан

"ОГК-2" Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы" ашық акционерлік қоғамы филиалының күл-қоқыс қалдықтарын әкелуі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 947 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің  288-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. Ресей Федерациясының»"ОГК-2" Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы" ашық акционерлік қоғамының филиалына 2012 жылдың соңына дейін ТН ВЭД ТМД 262100000 кодына сәйкес күл-қоқыс қалдықтарын 16,4 млн. тонна мөлшерінде Қостанай облысының аумағына орналастыру үшін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілсін.
 

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау министрліктері, Қостанай облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі