Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года N 1044. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 238

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.04.2015 № 238.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 2 июля 1992 года "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила охраны и содержания памятников истории и культуры.

      2. Признать утратившими силу постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июля 2003 года N 673 "Об утверждении Правил охраны и содержания памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда, отнесенных к объектам мирового и республиканского значения" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 28, ст. 278).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 6 ноября 2007 года N 1044

Правила
охраны и содержания памятников
истории и культуры

1. Общие положения

      1. Правила охраны и содержания памятников истории и культуры (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 4) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 2 июля 1992 года "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" и определяют порядок охраны и содержания памятников истории и культуры (далее - памятники).

2. Порядок охраны и содержания памятников

      2. Собственники и пользователи памятников должны принимать следующие меры по обеспечению их сохранности:
      1) защита от повреждения и (или) уничтожения, акта вандализма, фальсификации, мистификации, искажения, внесения необоснованных изменений, изъятия из исторического контекста;
      2) уведомление местных исполнительных органов областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения) о предполагаемых или свершившихся изменениях прав собственности;
      3) согласовывание проведения научно-реставрационных работ на памятниках международного и республиканского значения с уполномоченным органом по охране и использованию объектов историко-культурного наследия (далее - уполномоченный орган), на памятниках местного значения - с местными исполнительными органами областей (города республиканского значения, столицы);
      4) обеспечение доступа к памятнику в научных, культурных и иных целях в порядке и пределах, устанавливаемых специальными договорами с местными исполнительными органами областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения).

      3. Местные исполнительные органы областей (города республиканского значения, столицы) выдают собственникам и пользователям памятников охранное обязательство, в котором фиксируется состояние памятников на момент оформления данного документа и условия их содержания.

      4. На каждый памятник местными исполнительными органами областей (города республиканского значения, столицы) устанавливается охранная доска, содержащая основные данные о памятнике и указание на то, что памятник охраняется государством.

      5. В целях обеспечения охраны памятников от разрушений или уничтожений, устанавливаются охранные зоны, зоны регулирования застройки и зоны охраняемого природного ландшафта в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан.

      6. Собственники и пользователи содержат памятники в соответствии с требованиями законодательства в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и пожарной безопасности.

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1044 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі бекітілсін.

      2. "Әлемдік және республикалық маңызы бар объектілерге жатқызылған тарих пен мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау және ұстау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 673 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 278-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1044 қаулысымен
бекітілген   

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі (бұдан әрі - Ереже)"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау мен күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.

2. Ескерткіштерді қорғау және күтіп-ұстау тәртібі

      2. Ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде мынадай шаралар қабылдауы тиіс:
      1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғау;
      2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;
      3) халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган), жергілікті маңызы бар ескерткіштерде - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу;
      4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленетін тәртіппен және шекте ескерткішке ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету.

      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдары ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларға осы құжатты ресімдеу сәтіндегі ескерткіштердің жай-күйі және оларды күтіп-ұстау шарттары тіркелетін қорғау міндеттемесін береді.

      4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары әрбір ескерткішке ескерткіш туралы негізгі деректер және ескерткіштің мемлекеттің қорғауында екендігіне нұсқама қамтылған қорғау тақтасын орнатады.

      5. Ескерткіштерді бұзылудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгіленеді.

      6. Меншік иелері мен пайдаланушылар ескерткіштерді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес күтіп ұстайды.