Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1045 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2015 № 426 қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1045 қаулысымен
бекітілген    

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және ескерткіштердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларға тарих және мәдениет ескерткіштеріне (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу сәтіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
      2) меншік иесі - өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.

2. Қорғау міндеттемелерін ресімдеу және беру тәртібі

      3. Ескерткіштің меншік иесі немесе пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.

      4. Жергілікті атқарушы органдар хабар алған сәттен бастап не тарихи-мәдени мұра объектісіне ескерткіш мәртебесін берген сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қорғау міндеттемесін ресімдейді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 № 467 Қаулысымен.

      5. Қорғау міндеттемесінде:
      оны ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйі;
      меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ескерткішті күтіп-ұстау шарттары тіркеледі.
      Қорғау міндеттемесін ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйін тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар меншік иелерімен немесе пайдаланушылармен бірлесіп, ескерткішке техникалық байқау жүргізеді, оның деректері қорғау міндеттемесіне енгізіледі.

      6. Ансамбльді құрайтын ескерткіштердің қорғау міндеттемелерін ресімдеу кезінде техникалық байқау деректері ескерткіштің әрқайсысы бойынша жеке тіркеледі.

      7. Ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтары ауысқан кезде жергілікті атқарушы органдар осы Ережеде көзделген тәртіппен қорғау міндеттемесін қайта ресімдеуді жүзеге асырады.

      8. Қорғау міндеттемесін беруді оны ресімдегеннен кейін үш күннің ішінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады