Об организации в городе Москве (Российская Федерация) постоянно действующей выставки и выставочно-коммерческого центра Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года N 1049

      В соответствии с подпунктом 14)  статьи 9 Конституционного закона Республики Казахстан от 18 декабря 1995 года "О Правительстве Республики Казахстан", а также с учетом решений Совета глав правительств Содружества Независимых Государств от 18 сентября 2003 года и Экономического совета Содружества Независимых Государств от 3 декабря 2004 года Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Согласиться с предложением Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан об организации в городе Москве (Российская Федерация) постоянно действующей выставки и выставочно-коммерческого центра Республики Казахстан (далее - выставка) на базе павильона N 11 "Металлургия" открытого акционерного общества "Государственное акционерное общество "Всероссийский выставочный центр" с участием Торгово-промышленной палаты Республики Казахстан.

      2. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан:
      1) заключить с открытым акционерным обществом "Государственное акционерное общество "Всероссийский выставочный центр" Соглашение о сотрудничестве по организации выставки;
      2) совместно с открытым акционерным обществом "Государственное акционерное общество "Всероссийский выставочный центр" утвердить Концепцию по организации выставки:
      3) принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін көрмесін және көрме-коммерциялық орталығын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1049 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  9-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы шешімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасының қатысуымен "Бүкілресейлік көрме орталығы" мемлекеттік акционерлік қоғамы" ашық акционерлік қоғамының N 11»"Металлургия" павильоны базасында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін көрмесін және көрме-коммерциялық орталығын (бұдан әрі - көрме) ұйымдастыру туралы ұсынысына келісім берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
      1) "Бүкілресейлік көрме орталығы" мемлекеттік акционерлік қоғамы" ашық акционерлік қоғамымен Көрмені ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасассын;
      2) "Бүкілресейлік көрме орталығы" мемлекеттік акционерлік қоғамы" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп, Көрмені ұйымдастыру жөніндегі тұжырымдаманы бекітсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі