О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах оценки деятельности государственных органов Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года N 1265

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах оценки деятельности государственных органов Республики Казахстан".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан

О некоторых вопросах оценки деятельности
государственных органов Республики Казахстан

      В целях дальнейшего совершенствования системы государственного управления и эффективной организации деятельности государственных органов Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внедрить систему оценки деятельности государственных органов Республики Казахстан (далее - система оценки).

      2. Оценку деятельности государственных органов Республики Казахстан проводить по следующим направлениям:
      1) эффективность (результативность) реализации государственных, отраслевых (секторальных), региональных и бюджетных программ;
      2) качество предоставления государственных услуг;
      3) эффективность организации деятельности государственных органов.

      3. Определить основными критериями оценки эффективности (результативности) реализации государственных, отраслевых (секторальных), региональных и бюджетных программ степень достижения стратегических целей, степень достижения целей и задач программ, промежуточных и конечных результатов, индикаторов (качественных и количественных параметров), своевременность их выполнения.

      4. Определить основным критерием оценки качества предоставления государственных услуг степень обеспечения физических и юридических лиц доступными и качественными государственными услугами в соответствии с регламентами и стандартами оказания государственных услуг.

      5. Определить основными критериями оценки эффективности организации деятельности государственных органов:
      1) соответствие организационной структуры целям, задачам и функциям государственного органа;
      2) эффективность управления человеческими ресурсами, качество кадрового состава;
      3) степень использования информационных технологий в организации деятельности государственного органа, включая качество веб-сайтов, уровень внедрения электронного документооборота.

      6. Определить следующие государственные органы, в отношении которых проводится оценка:
      1) центральные исполнительные органы, входящие в состав Правительства Республики Казахстан, а также их ведомства и территориальные подразделения;
      2) центральные исполнительные органы, не входящие в состав Правительства Республики Казахстан, а также их территориальные подразделения;
      3) государственные органы, непосредственно подчиненные и подотчетные Президенту Республики Казахстан, а также их территориальные подразделения;
      4) местные исполнительные органы.

      7. Установить, что система оценки не распространяется на органы представительной и судебной власти, а также на Министерство обороны Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Генеральную прокуратуру Республики Казахстан, Службу охраны Президента Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Комитет уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовую полицию).

      8. Определить следующие уполномоченные органы по проведению оценки:
      1) эффективности (результативности) реализации государственных, отраслевых (секторальных), региональных и бюджетных программ, эффективности организационной структуры государственных органов - центральный и местные уполномоченные органы по экономическому и бюджетному планированию;
      2) эффективности управления человеческими ресурсами и качества предоставления государственных услуг - уполномоченный орган по делам государственной службы;
      3) степени использования информационных технологий - уполномоченный орган в сфере информатизации.

      9. Уполномоченным органам, указанным в пункте 8 настоящего Указа, ежегодно осуществлять оценку эффективности деятельности государственных органов по соответствующим направлениям системы оценки и представлять результаты проведенной оценки в центральный и местные уполномоченные органы по экономическому и бюджетному планированию.
      Центральному и местным уполномоченным органам по экономическому и бюджетному планированию на основе результатов оценки, проведенной уполномоченными органами, указанными в пункте 8 настоящего Указа, ежегодно определять сводные итоги оценки деятельности государственных органов.

      10. Государственным органам, указанным в пункте 6 настоящего Указа, проводить внутреннюю оценку эффективности их деятельности.

      11. Поэтапно внедрять систему оценки:
      1) первый этап - на центральном уровне государственного управления в 2008 году;
      2) второй этап - на местном уровне государственного управления (с учетом отработанных механизмов и инструментов на центральном уровне государственного управления) в 2009-2010 годах.

      12. Правительству Республики Казахстан и акимам областей, городов Астаны и Алматы:
      1) на основе сводных итогов оценки деятельности государственных органов, определенных центральным и местными уполномоченными органами по экономическому и бюджетному планированию, определять рейтинг деятельности государственных органов, публиковать результаты оценки в республиканских и местных средствах массовой информации и использовать их для принятия дальнейших мер по совершенствованию деятельности государственных органов;
      2) обеспечить принятие необходимых мер по проведению оценки деятельности государственных органов Республики Казахстан.

      13. Правительству Республики Казахстан в установленном законодательством порядке разработать и утвердить Правила проведения оценки деятельности государственных органов.

      14. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      15. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
       Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1265 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы

      Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және мемлекеттік органдардың қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін бағалау жүйесі (бұдан әрі - бағалау жүйесі) енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін бағалау мынадай бағыттар бойынша жүргізілсін:
      1) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі (нәтижелілігі);
      2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы;
      3) мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың тиімділігі.
      3. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі, бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне, аралық және түпкі нәтижелерге, индикаторларға (сапалық және сандық параметрлерге) қол жеткізу дәрежесі, оларды орындаудың уақтылығы мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалаудың негізгі өлшемдері болып белгіленсін.
      4. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету дәрежесі мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалаудың негізгі өлшемі болып белгіленсін.
      5. Мыналар:
      1) ұйымдық құрылымның мемлекеттік органның мақсаттарына, міндеттеріне және функцияларына сай болуы;
      2) адами ресурстарды басқарудың тиімділігі, кадр құрамының сапасы;
      3) веб-сайттардың сапасын қоса алғанда, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесі, электрондық құжат айналымын енгізу деңгейі мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру тиімділігін бағалаудың негізгі өлшемдері болып белгіленсін.
      6. Бағалау жүргізілетін мынадай мемлекеттік органдар белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы органдар, сондай-ақ олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, сондай-ақ олардың аумақтық бөлімшелері;
      3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ олардың аумақтық бөлімшелері;
      4) жергілікті атқарушы органдар.
      7. Бағалау жүйесі өкілді және сот билігі органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) қолданылмайды деп белгіленсін.
      8. Мыналар:
      1) экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар - мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне (нәтижелілігіне), мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымының тиімділігіне;
      2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган - адами ресурстарды басқарудың тиімділігіне және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына;
      3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесіне бағалау жүргізу жөніндегі уәкілетті органдар болып белгіленсін.
      9. Осы Жарлықтың 8-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар жыл сайын бағалау жүйесінің тиісті бағыттары бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырсын және жүргізілген бағалаудың нәтижелерін экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға тапсырсын.
      Экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Жарлықтың 8-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар жүргізген бағалау нәтижелерінің негізінде жыл сайын мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың жиынтық қорытындыларын айқындасын.
      10. Осы Жарлықтың 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар өз қызметінің тиімділігіне ішкі бағалау жүргізсін.
      11. Бағалау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілсін:
      1) бірінші кезең - 2008 жылы мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде;
      2) екінші кезең - 2009 - 2010 жылдары мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде (мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде пысықталған тетіктер мен құралдарды ескере отырып).
      12. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындаған мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың жиынтық қорытындылары негізінде мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін айқындасын, бағалау нәтижелерін республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және оларды мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде одан әрі шаралар қабылдау үшін пайдалансын;
      2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне бағалау жүргізу жөніндегі қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      13. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік органдардың қызметіне бағалау жүргізу ережесін әзірлесін және бекітсін.
      14. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      15. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті