О государственных закупках товаров, работ и услуг, имеющих важное стратегическое значение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года N 1319

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" и в целях достижения 100-процентной телефонизации нетелефонизированных сельских населенных пунктов с населением численностью более пятидесяти человек, а также сопутствующей модернизации сети телекоммуникаций Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Определить акционерное общество "Казахтелеком" поставщиком товаров, работ и услуг по телефонизации нетелефонизированных сельских населенных пунктов с населением численностью более пятидесяти человек, а также сопутствующей модернизации сети телекоммуникаций, закупка которых имеет важное стратегическое значение.

      2. Рекомендовать акционерному обществу "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение договора о государственных закупках между акционерным обществом "Казахтелеком" и товариществом с ограниченной ответственностью "Телеком - Инвест Самрук" в пределах средств, предусмотренных республиканским бюджетом на 2007 год в сумме 2000000000 (два миллиарда) тенге;

      2) соблюдение принципа оптимального и эффективного расходования денег, используемых в соответствии с настоящим постановлением для закупок;

      3) принятие иных необходимых мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1319 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және халқының саны елу адамнан асатын телефондандырылмаған ауылдық елді мекендерді 100 пайыз телефондандыруға, сондай-ақ телекоммуникация желілерін ілеспелі жаңғыртуға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы халқының саны елу адамнан асатын телефондандырылмаған ауылдық елді мекендерді телефондандыру, сондай-ақ телекоммуникация желілерін ілеспелі жаңғырту жөніндегі, сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді беруші болып белгіленсін.

      2. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы мен "Телеком - Инвест Самұрық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде 2000000000 (екі миллиард) теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі