О переименовании государственного учреждения "Костанайский юридический институт Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 января 2008 года N 5

      В целях дальнейшего совершенствования подготовки специалистов для уголовно-исполнительной системы Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать государственное учреждение "Костанайский юридический институт Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан" в государственное учреждение "Академия Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан" (далее - Академия).

      2. Определить Комитет уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - Комитет УИС) уполномоченным органом, осуществляющим общее руководство деятельностью Академии.

      3. Определить основным предметом деятельности Академии:
      1) подготовку специалистов с высшим образованием для уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан (далее - УИС);
      2) переподготовку и повышение квалификации сотрудников УИС;
      3) подготовку научно-педагогических кадров;
      4) осуществление научно-исследовательской деятельности по актуальным проблемам УИС.

      4. Комитету УИС в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить устав и обеспечить перерегистрацию государственного учреждения в органах юстиции;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Установить, что финансирование Академии осуществляется за счет и в
пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующий год Министерству юстиции Республики Казахстан.

      6. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 41, ст. 532) следующее изменение:
      в перечне организаций, находящихся в ведении Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, утвержденного указанным постановлением:
      в разделе 2 "Государственные учреждения": 
      строку, порядковый номер 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Академия Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан".

      7. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2008 года.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 5 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандарды даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) Академия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.

      3. Академия қызметінің негізгі мәні:
      1) Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) үшін жоғары білімі бар мамандар даярлау;
      2) ҚАЖ қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
      3) ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
      4) ҚАЖ-дың өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. ҚАЖ комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) жарғыны бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік мекеменің қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Академияны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне:
      "Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы".

      7. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі