О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2007 года N 522

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2008 года N 91. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года N 1332.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1332 (вводится в действие с 01.01.2009).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам упрощения таможенных и налоговых процедур" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2007 года N 522 "Об утверждении Правил проведения специализированного аукциона по реализации ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика в счет налоговой задолженности" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., N 21, ст. 235) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах проведения специализированного аукциона по реализации ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика в счет налоговой задолженности, утвержденных указанным постановлением:
      по всему тексту слова "налоговый орган", "налогового органа", "налоговым органом" заменить соответственно словами "налоговый или таможенный орган", "налогового или таможенного органа", "налоговым или таможенным органом";
      абзац третий пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "организатор конкурса по определению аукциониста и (или) оценщика (далее - организатор конкурса) - уполномоченный государственный орган, обеспечивающий налоговый контроль за исполнением налоговых обязательств перед государством и/или уполномоченный орган, осуществляющий государственное регулирование в сфере таможенного дела (далее - уполномоченный орган), или по их поручению налоговый или таможенный орган на территории соответствующей административно-территориальной единицы;";
      в пункте 21 после слов "вынесший" и "выносит" дополнить словами "в пределах своей компетенции";
      в пункте 32 после слова "отменяет" дополнить словом "свое".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 522 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 91 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

       1. "Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 522 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 21, 235-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша "салық органы", "салық органынан", "салық органын", "салық органына" деген сөздер "салық немесе кеден органы", "салық немесе кеден органынан", "салық немесе кеден органын", "салық немесе кеден органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "аукционшыны және (немесе) бағалаушыны айқындау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган және/немесе кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның тапсырмасы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы салық немесе кеден органы;";

      21-тармақта "жағдайда," және "мақсатында" деген сөздерден кейін "өз құзыретінің шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      32-тармақта "шешімнің" деген сөз "өз шешімінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі