Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балық шаруашылығы тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2008 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 73
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2008 жылға арналған лимиттері:
"Ақтөбе облысы" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөліммен толықтырылсын:
Шығыс Қазақстан облысы
"
Су тоғаны
|
Барлығы,
тонна
|
Балық түрлері
|
Майқан
|
Хариус
|
Марқакөл
көлі
|
61,7
|
48,2
|
13,5
|
".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов