Об урегулировании задолженности акционерного общества "Западно-Казахстанская распределительная электросетевая компания" перед хозяйствующими субъектами Российской Федерации и долга Федерального Агентства по атомной энергии Российской Федерации перед Республикой Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2008 года N 677

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 9 Конституционного Закона Республики Казахстан от 18 декабря 1995 года "О Правительстве Республики Казахстан", Протоколом совещания по урегулированию и определению схемы погашения задолженности акционерного общества "Западно-Казахстанская распределительная электросетевая компания" перед хозяйствующими субъектами Российской Федерации от 11 января 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Согласиться с предложением Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан о проведении следующих мероприятий:
      1) заключение товариществом с ограниченной ответственностью "КАТЭП" (далее - ТОО "КАТЭП") договоров встречных уступок прав требований с товариществом с ограниченной ответственностью "Экибастуз Контрактэнерго" (далее - ТОО "Экибастуз Контрактэнерго") по передаче прав требований:
      ТОО "КАТЭП" к Федеральному Агентству по атомной энергии Российской Федерации в пользу ТОО "Экибастуз Контрактэнерго";
      ТОО "Экибастуз Контрактэнерго" к акционерному обществу "Западно-Казахстанская распределительная электросетевая компания" (далее - АО "Западно-Казахстанская РЭК") в пользу ТОО "КАТЭП";

      2) заключение ТОО "КАТЭП" с акционерным обществом "Достык Энерго" (далее - АО "Достык Энерго") договора уступки прав требований ТОО "КАТЭП" к АО "Западно-Казахстанская РЭК" в пользу АО "Достык Энерго" при условии погашения последним задолженности АО "Западно-Казахстанская РЭК" перед ТОО "КАТЭП";

      3) заключение с АО "Достык Энерго" договора между Министерством финансов Республики Казахстан (кредитор), акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" (банк-агент), Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (администратор) о предоставлении АО "Достык Энерго" (заемщик) бюджетного кредита на сумму эквивалентную 21000000 (двадцать один миллион) долларам США;

      4) после оформления соответствующих договоров уступки прав требований и о предоставлении бюджетного кредита обеспечение исполнения обязательств АО "Западно-Казахстанская РЭК" перед ТОО "КАТЭП" путем перечисления суммы, эквивалентной 21000000 (двадцать один миллион) долларам США, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2008 год" на счет АО "Достык Энерго" с одновременным перечислением их АО "Достык Энерго" на специальный счет ТОО "КАТЭП";

      5) в срок не более одного банковского дня с момента получения суммы от АО "Достык Энерго" эквивалентной 21000000 (двадцать один миллион) долларам США перечисление ТОО "КАТЭП" данной суммы на единый казначейский счет Министерства финансов Республики Казахстан.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 26.09.2008 N 893 .

      2. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан и Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешегін және Қазақстан Республикасының алдындағы Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі Федералдық агенттігінің қарызын реттеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі N 677 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабының 14) тармақшасына, Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешекті өтеу схемасын реттеу және анықтау жөніндегі 2008 жылғы 11 қаңтардағы кеңес хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мынадай іс-шараларды өткізу туралы ұсынысына келісім берілсін:
      1) "КАТЭП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (бұдан әрі - "КАТЭП" ЖШС):
      "Екібастұз Контрактэнерго" ЖШС-тің пайдасына Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі Федералдық агенттігіне "КАТЭП" ЖШС-тің;
      "КАТЭП" ЖШС-тің пайдасына "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ) "Екібастұз Контрактэнерго" ЖШС-тің талап қою құқығын беру бойынша "Екібастұз Контрактэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қарсы талап қою құқығынан қайту шарттарын жасасу;
      2) "КАТЭП" ЖШС "Достық Энерго" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Достық Энерго" АҚ) пайдасына соңғысының "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ-тың "КАТЭП" ЖШС-тің алдындағы берешегін өтеген жағдайда "Достық Энерго" акционерлік қоғамымен "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ-ға "КАТЭП" ЖШС-тің талап қою құқығынан қайту шарттарын жасасу;
      3) "Достық Энерго" АҚ-пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (кредит беруші), "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (банк-агент), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің (әкімші) арасында "Достық Энерго" АҚ-қа (қарыз алушы) 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы сомаға бюджеттік кредит беру туралы шарт жасасу;
      4) талап қою құқығынан қайту және бюджеттік кредит беру туралы тиісті шарттарды ресімдегеннен кейін "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы соманы аудару жолымен, оларды "Достық Энерго" АҚ-қа "КАТЭП" ЖШС-тің арнайы шотына бір мезгілде аудара отырып, "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ-тың "КАТЭП" ЖШС-тің алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;
      5) "Достық Энерго" АҚ-тан 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы соманы алған сәттен бастап бір банкілік күннен аспайтын мерзімде осы соманы "КАТЭП" ЖШС-тің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай қазынашылық шотына аударуы.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 893 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов