О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2003 года № 269

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2008 года № 882. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2003 года № 269 "Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), и правил его формирования" следующие изменения:
      в Перечне импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)", утвержденном указанным постановлением:
      в графе "Наименование":
      в строке, порядковый номер 86, слова "планировки, профилирования," исключить;
      в строке, порядковый номер 91, слова "сенокосилки и" исключить;
      в строке, порядковый номер 248, слова "Приборы и аппаратура для физического или химического анализа (например, поляриметры, рефрактометры, спектрометры, газо- или дымоанализаторы), не предназначенные для использования в медицине;" заменить словами "Не предназначенные для использования в медицине: приборы и аппаратура для физического или химического анализа (например, поляриметры, рефрактометры, спектрометры, газо- или дымоанализаторы);";
      в графе "Код товара по ТН ВЭД ЕврАзЭС":
      слова "ЕврАзЭС" заменить аббревиатурой "РК";
      в строке, порядковый номер 8, цифры "6804" заменить словами "из 6804";
      в строке, порядковый номер 63, цифры "8418 61 000 9" заменить цифрами "8418 69 000";
      в строке, порядковый номер 102, слова "из 8443 13 310 0" заменить словами "из 8443 13";
      в строке, порядковый номер 166, слова "из 8504 40 840 9, 8504 40 880 9" заменить словами "из 8504 40 900";
      в строке, порядковый номер 221, цифры "8802 11 000 0, 8802 12 000 0, 8802 20 000 0, 8802 30 000 0," заменить словами "из 8802 11 000 0, из 8802 12 000 0, из 8802 20 000 0, из 8802 30 000 0,".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 882 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
      "Атауы" деген бағанда:
      реттік нөмірі 86-жолдағы "жоспарлауға, бейіндеуге," деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 91-жолдағы "пішен шалғылары және" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 248-жолдағы "Физикалық немесе химиялық талдауға құралдар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтін талдауыштар) арналған медицинада пайдалануға арналмаған;" деген сөздер "Медицинада пайдалануға арналмаған: физикалық немесе химиялық талдауға арналған құралдар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтін талдауыштар);" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанда:
      "ЕурАзЭҚ" деген сөз "ҚР" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолдағы "6804" деген сандар "6804-тен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 63-жолдағы "8418 61 000 9" деген сандар "8418 69 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 102-жолдағы "8443 13 310 0-ден" деген сөздер "8443 13-тен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 166-жолдағы "8504 40 840 9-дан, 8504 40 880 9" деген сөздер "8504 40 900-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 221-жолдағы "8802 11 000 0, 8802 12 000 0, 8802 20 000 0, 8802 30 000 0," деген сандар "8802 11 000 0-ден, 8802 12 000 0-ден, 8802 20 000 0-ден, 8802 30 000 0-ден," деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов