О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2008 года № 1070

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года "О республиканском бюджете на 2008 год", постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года № 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2008 год на неотложные затраты, средства в сумме 580000000 (пятьсот восемьдесят миллионов) тенге в виде целевых текущих трансфертов для перечисления акиму Акмолинской области на приобретение мазута для обеспечения бесперебойного теплоснабжения города Кокшетау, Буландынского, Зерендинского и Щучинского районов на отопительный сезон 2008-2009 годов.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 1070 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2008 - 2009 жылдардағы жылыту маусымына Көкшетау қаласын, Бұланды, Зеренді және Щучье аудандарын жылумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мазут сатып алуға Ақмола облысының әкіміне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 580000000 (бес жүз сексен миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов