О выполнении обязательств по гарантированному государством займу, привлеченному акционерным обществом "Астана Горкоммунхоз"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года № 1231

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан и постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года № 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов" в целях исполнения обязательств по государственной гарантии Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Осуществить погашение задолженности по вознаграждению в сумме 248480,56 (двести сорок восемь тысяч четыреста восемьдесят долларов пятьдесят шесть центов) долларов США, а также начисленных штрафов за несвоевременное исполнение обязательств по Кредитному соглашению от 23 мая 2001 года, заключенному между Institute de Credito Oficial of the Kingdom of Spain и Государственным коммунальным предприятием "Горкоммунхоз" (ныне - акционерное общество "Астана Горкоммунхоз") для реализации проекта "Модернизация удаления бытовых отходов и улучшение экологической обстановки города Астаны", в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2008 год по программе 011 "Выполнение обязательств по государственным гарантиям".
      2. Министерству финансов Республики Казахстан заключить дополнительные соглашения с акционерными обществами "Банк Развития Казахстана" и "Астана Горкоммунхоз", обеспечивающие возврат отвлеченных из республиканского бюджета средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Астана қалалық коммуналдық шаруашылық" акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша міндеттемелерді орындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1231 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде "Тұрмыстық қалдықтарды жоюды жаңғырту және Астана қаласының экологиялық жағдайын жақсарту" жобасын іске асыру үшін Instituto de Credito Oficial of the Kingdom of Spain мен "Қалалық коммуналдық шаруашылық" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (қазіргі уақытта - "Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы" акционерлік қоғамы) арасында жасалған 2001 жылғы 23 мамырдағы Кредиттік келісім бойынша 248480,56 (екі жүз қырық сегіз мың төрт жүз сексен доллар елу алты цент) АҚШ доллары сомасында сыйақы бойынша берешекті, сондай-ақ уақтылы орындалмаған міндеттемелер үшін есептелген айыппұлды өтеу жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Қазақстанның Даму Банкі" және "Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы" акционерлік қоғамдарымен республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ететін қосымша келісімдер жасассын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов