Об утверждении перечня разрешенных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2009 года № 66.

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемый перечень разрешенных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1236 "Об утверждении перечня разрешенных зарубежных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 46, ст. 584);

      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2006 года № 977 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1236" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 37, ст. 413).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 января 2009 года № 66

Перечень разрешенных финансовых инструментов, за исключением нематериальных активов, для размещения Национального фонда Республики Казахстан

      Сноска. Перечень в редакции постановления Правительства РК от 30.06.2017 № 403; с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 30.12.2022 № 1115; от 29.09.2023 № 845; от 14.06.2024 № 470.

      1. Зарубежные финансовые инструменты, в том числе инструменты, обращающиеся на зарубежных финансовых рынках:

      1) государственные и агентские ценные бумаги;

      2) муниципальные ценные бумаги в рамках инвестирования в государственные и агентские ценные бумаги;

      3) ценные бумаги международных финансовых организаций (МФО);

      4) корпоративные ценные бумаги;

      5) конвертируемые ценные бумаги в рамках инвестирования в корпоративные ценные бумаги;

      6) ценные бумаги под залог недвижимости (MBS) и активов (ABS);

      7) акции;

      8) операции репо и обратные репо;

      9) депозиты (вклады) в иностранной валюте и золоте;

      10) предоставление ценных бумаг взаймы под залог (securities lending);

      11) производные финансовые инструменты;

      12) структурные продукты;

      13) валюты;

      14) фонды денежного рынка;

      15) золото в слитках и на металлических счетах;

      16) биржевые инвестиционные фонды (ETFs);

      17) альтернативные инструменты;

      18) акции и доли компаний и партнерств специального назначения (SPV - special purpose vehicle).

      2. Казахстанские финансовые инструменты:

      1) долговые ценные бумаги акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына", эмитируемые для реализации стратегических инфраструктурных проектов, реализуемых по прямому поручению Президента Республики Казахстан;

      2) акции акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" и акционерного общества "Национальная атомная компания "Казатомпром" по решению Правительства Республики Казахстан с дисконтом к ее рыночной стоимости для финансирования республиканского бюджета, с правом приоритетной реализации доли Национального фонда Республики Казахстан при проведении международного SPO (Secondary public offering).

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 66 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 46, 584-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қаңтардағы
N 66 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының
тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.06.2017 № 403 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1115; 29.09.2023 № 845; 14.06.2024 № 470 қаулыларымен.

      1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:

      1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;

      2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде муниципалдық бағалы қағаздар;

      3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;

      4) корпоративтік бағалы қағаздар;

      5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;

      6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;

      7) акциялар;

      8) репо және кері репо операциялары;

      9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);

      10) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending);

      11) туынды қаржы құралдары;

      12) құрылымдық өнімдер;

      13) валюталар;

      14) ақша нарығы қорлары;

      15) құймадағы және металл шоттардағы алтын;

      16) биржалық инвестициялық қорлар (ETFs);

      17) балама құралдар;

      18) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктердің акциялары мен үлестері (SPV – special purpose vehicle).

      2. Қазақстандық қаржы құралдары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздары;

      2) Халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының үлесін басым түрде өткізу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша нарықтық құнына дисконтпен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акциялары.

      Ескерту. Тізбе 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1115 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.09.2023 № 845 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.06.2024 № 470 қаулысымен.