"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1115 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:";

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Қазақстандық қаржы құралдары:

      Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздары.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады