О некоторых вопросах расширения территории государственного учреждения "Чарынский государственный национальный природный парк" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2009 года № 121

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" и в целях сохранения и восстановления уникальных природных комплексов Алматинской области, имеющих особую экологическую, научную и рекреационную ценность и обеспечения их дальнейшего развития Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Изъять из категории земель для нужд обороны (военный полигон Министерства обороны Республики Казахстан) земельный участок общей площадью 3767,7 га.
      2. Предоставить указанный в пункте 1 настоящего постановления земельный участок и земли запаса общей площадью 30132,3 га на территории Уйгурского района Алматинской области государственному учреждению "Чарынский государственный национальный природный парк" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - учреждение) в постоянное землепользование согласно приложению к настоящему постановлению, в порядке, установленном земельным законодательством Республики Казахстан.
      Перевести указанные земельные участки из категории земель запаса и земель для нужд обороны в категорию земель особо охраняемых природных территорий.
      3. Акимату Алматинской области в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан установить охранную зону вокруг земель учреждения с запрещением и (или) ограничением в пределах этой зоны любой деятельности, отрицательно влияющей на состояние и восстановление экологических систем.
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 6 февраля 2009 года № 121

Экспликация
земельных участков, предоставляемых в постоянное
землепользование государственному учреждению "Чарынский
государственный национальный природный парк" Комитета лесного
и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан на территории Алматинской области

Категория и состав земель

Площадь, га

Уйгурский район:
1) земли запаса:
пастбища;
прочие земли;
2) земли для нужд обороны (прочие земли)

30132,3
29680,3
452,0

3767,7

Всего:

33900,0

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінін аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 121 Қаулысы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Алматы облысының ерекше экологиялық, ғылыми және рекреациялық құндылығы бар бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру және оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер санатынан (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери полигоны) жалпы алаңы 3767,7 га жер учаскесі алынсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі және Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумағындағы жалпы алаңы 30132,3 га босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
      Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын.
      3. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                     Үкіметінің
                                               2009 жылғы 6 ақпандағы
                                                    N 121 қаулысына
                                                       қосымша

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
       Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын
         мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік
            мекемесіне Алматы облысының аумағында
            тұрақты жер пайдалануға берілетін жер
                учаскелерінің экспликациясы

Жерлер санаты және құрамы Алаңы, га

Ұйғыр ауданы:


1) босалқы жерлер:

30132,3

жайылымдар;

29680,3

өзге жерлер;

452,0

2) қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер (өзге жерлер)

3767,7

Барлығы:

33900,0