О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Правил составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2009 года № 204

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Правил составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Указ Президента Республики Казахстан
Об утверждении Правил составления и представления годового
отчета об исполнении республиканского бюджета

      В соответствии со статей 127 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1.   Утвердить прилагаемые Правила составления и представления
годового отчета об исполнении республиканского бюджета.
      2. Признать утратившим силу Указ Президента Республики Казахстан от 17 сентября 2004 года № 1443 "Об утверждении Правил составления и представления отчета об исполнении республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 36, ст. 469; 2005 г., № 21, ст. 246; 2006 г., № 46, ст. 483).
      3. Настоящий Указ вводится в действие с 1 января 2009 года.

       Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

Утверждены   
      Указом Президента
Республики Казахстан
от 2009 года № 

Правила
составления и представления годового отчета
об исполнении республиканского бюджета

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета (далее - Правила) определяют порядок составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год.
      2. Основой для составления годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год являются данные отчетов об исполнении сводного плана поступлений и финансирования по платежам, сводного плана финансирования по обязательствам.
      3. Годовой отчет об исполнении республиканского бюджета отражает все операции по поступлениям и финансированию расходов республиканского бюджета, проведенные за отчетный финансовый год.
      4. Годовой отчет об исполнении республиканского бюджета составляется центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан и требованиями, установленными настоящими Правилами.
      5. Формирование годового отчета об исполнении республиканского
бюджета за отчетный финансовый год осуществляется по структуре бюджета, определенной Бюджетным кодексом Республики Казахстан, на кассовой основе, в тысячах тенге.

2. Порядок составления годового отчета

      6. Годовой отчет об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год составляется в соответствии с законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год и формируется по кодам классификации поступлений бюджета и функциональной классификации расходов бюджета Единой бюджетной классификации с отражением:
      сумм утвержденного, уточненного, скорректированного республиканского бюджета на отчетный финансовый год;
      сумм принятых обязательств на отчетный финансовый год;
      сумм неоплаченных обязательств за отчетный финансовый год;
      сумм исполнения поступлений бюджета и (или) оплаченных обязательств по республиканским бюджетным программам за отчетный финансовый год;
      отклонений сумм исполнения поступлений бюджета и (или) оплаченных обязательств по республиканским бюджетным программам за отчетный финансовый год от сумм исполненного (утвержденного, уточненного, скорректированного) республиканского бюджета за отчетный финансовый год;
      процентного отношения сумм исполнения поступлений бюджета и (или) оплаченных обязательств по республиканским бюджетным программам за отчетный финансовый год к суммам исполненного (утвержденного,
уточненного, скорректированного) республиканского бюджета за отчетный
финансовый год.
      7. Годовой отчет об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год состоит из:
      1) отчета об исполнении республиканского бюджета за соответствующий финансовый год, представляющего собой данные об исполнении показателей республиканского бюджета, согласно приложениям к закону о республиканском бюджете;
      2) аналитического отчета об исполнении республиканского бюджета по поступлениям, выполнении республиканских бюджетных программ на основе проведенных бюджетного мониторинга и оценки результатов, а также о результатах анализа достижения результатов, целей и решения задач стратегических планов государственных органов за отчетный финансовый год;
      3) пояснительной записки.
      8. Аналитический отчет об исполнении республиканского бюджета
содержит следующую аналитическую информацию:
      об исполнении республиканского бюджета по разделу "Доходы", включающую анализ исполнения налоговых поступлений, неналоговых поступлений, поступлений от продажи основного капитала, поступлении трансфертов с изложением основных факторов, повлиявших на исполнение плана поступлений, и причин отклонения фактического исполнения от плана поступлений доходов;
      о реализации республиканских бюджетных программ по разделу "Затраты", содержащую произведенную администраторами республиканских бюджетных программ и государственными органами, уполномоченными Президентом Республики Казахстан, оценку результатов;
      об исполнении раздела "Чистое бюджетное кредитование", содержащую оценку результатов выполнения республиканских бюджетных программ, связанных с кредитованием, излагающую основные факторы и причины отклонения фактического исполнения от плана по предоставлению бюджетных  кредитов и поступлению средств по их погашению;
      об исполнении раздела "Сальдо по операциям с финансовыми активами", включающую результаты исполнения бюджетных программ, связанных с приобретением финансовых активов, содержащую оценку их результатов, а также показатели исполнения плана поступлений от продажи финансовых активов государства с указанием причин отклонения фактического их поступления от плановых сумм;
      об исполнении раздела "Дефицит (профицит) бюджета", объясняющую фактически сложившуюся сумму дефицита (профицита) по итогам исполнения республиканского бюджета;
      об исполнении раздела "Финансирование дефицита (использование профицита) бюджета", включающую результаты фактического обеспечения покрытия дефицита бюджета за счет заимствования и используемых остатков бюджетных средств, или использования профицита бюджета путем расходования профицита бюджета, средств займов, используемых остатков бюджетных средств на погашение основного долга по займам.
      9. В пояснительной записке отражается аналитическая информация об экономической ситуации и реализации основных направлений налогово- бюджетной политики в стране, принятых в прогнозе социально-экономического развития и бюджетных параметрах республики на соответствующий период, об исполнении статей закона о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

3. Порядок представления годового отчета

      10. Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета не позднее 1 апреля года, следующего за отчетным, представляет годовой отчет об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год в Правительство Республики Казахстан, центральный уполномоченный орган по государственному планированию и органы государственного финансового контроля в соответствии с требованиями, установленными пунктами 6-9 настоящих Правил.
      11. Годовой отчет об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год представляется Правительством Республики Казахстан ежегодно не позднее 1 мая текущего года в Парламент Республики Казахстан и Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета.
      Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета обеспечивает координацию работы администраторов бюджетных программ при рассмотрении годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год в Парламенте Республики Казахстан.

"Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 204 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 127-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат; 2005 ж., N 21, 246-құжат; 2006 ж., N 46, 483-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2009 жылғы ____________
N ___ Жарлығымен    
бекітілген       

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін анықтайды.
      2. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердің деректері есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау үшін негіз болып табылады.
      3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп есепті қаржы жылы жүргізілген республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетеді.
      4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
      5. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негізде, мың теңгемен жүзеге асырылады.

2. Жылдық есепті жасау тәртібі

      6. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жасалады және мыналар:
      есепті қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджеттің сомаларын;
      есепті қаржы жылына арналған қабылданған міндеттемелердің сомаларын;
      есепті қаржы жылында төленбеген міндеттемелердің сомаларын;
      есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдерінің және (немесе) төленген міндеттемелердің атқарылу сомаларын;
      есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомаларының есепті қаржы жылындағы орындалған (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің сомаларынан ауытқуын;
      есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомаларының есепті қаржы жылындағы орындалған (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің сомаларына пайыздық қатынасын көрсетіп, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджет түсімдері сыныптамасының кодтары мен бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы бойынша қалыптастырылады.
      7. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:
      1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен;
      2) республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылы ішінде стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;
      3) түсіндірме жазбадан тұрады.
      8. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп мынадай:
      салықтық түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, түсімдер жоспарының атқарылуына әсер еткен негізгі факторларды баяндай отырып, трансферттер түсімдерінің атқарылуын және кірістер түсімдерінің жоспарынан іс жүзіндегі атқарылудың ауытқу себептерін талдауды қамтитын "Кірістер" бөлімі бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы;
      республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік органдар жүргізген нәтижелерді бағалауды қамтитын "Шығындар" бөлімі бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
      кредит беруге байланысты республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелерін бағалауды қамтитын, іс жүзіндегі атқарылудың бюджеттік кредиттерді ұсыну және оларды өтеу жөніндегі қаражат түсімдері бойынша жоспардан ауытқудың негізгі факторлары мен себептерін қамтитын "Таза бюджеттік кредиттеу" бөлімінің атқарылуы туралы;
      қаржы активтерінің нәтижелерін бағалауды қамтитын оларды сатып алуға байланысты бюджеттік бағдарламалардың атқарылу нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттің қаржы активтерінің іс жүзіндегі түсімдерінің жоспарлыдан ауытқу себептерін көрсете отырып, оларды сатудан түсетін түсімдер жоспарының атқарылу көрсеткіштерін қамтитын "Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлімінің атқарылуы туралы;
      республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша тапшылықтың (профициттің) іс жүзінде қалыптасқан сомасын түсіндіретін "Бюджет тапшылығы (профициті)" бөлімінің атқарылуы туралы;
      бюджет қаражатының қарызға алу және пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды іс жүзінде қамтамасыз ету немесе бюджет профицитін, қарыз қаражатын, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтарын қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге жұмсау жолымен бюджет профицитін пайдалану нәтижелерін қамтитын "Бюджет тапшылығын қаржыдандыру (профицитін пайдалану)" бөлімінің атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
      9. Түсіндірме жазбада елдегі экономикалық ахуал және республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпарат көрсетіледі.

3. Жылдық есепті ұсыну тәртібі

      10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті осы Ереженің 6 - 9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
      11. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.