Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі N 871 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2009.09.16 N 871 (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы    
Президентiнiң        
2004 жылғы 17 қыркүйектегi  
N 1443 Жарлығымен      
Бекітілген         

  Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi
жасау және ұсыну
Ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi әрi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну тәртiбiн анықтайды.
      2. Түсiмдердiң және қаржыландыру жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердiң деректерi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау үшiн негiз болып табылады.
      3. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп есептi кезеңде жүргiзiлген республикалық бюджеттiң түсiмдерi және шығыстарын қаржыландыру жөнiндегi барлық операцияларды көрсетедi.
      4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды.
      5. Есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негiзде, мың теңгемен жүзеге асырылады.

  2. Есептi жасау тәртiбi

      6. Мерзiмдiлiгi бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептер мерзiмдiлiгi бойынша ай сайын және қаржы жылының қорытындысы бойынша жасалады.
      7. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы ай сайынғы есеп тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына сәйкес жасалады және мыналар:
      есептi қаржы жылына арнап бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттiң сомасы;
      жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңге арналған республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен қаржыландырылуының жиынтық жоспарының сомасы;
      жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде берiлген рұқсаттардың сомасы;
      жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
      жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңде төленбеген міндеттемелердің сомасы;
      жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен республикалық бюджеттiң бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасы;
      есептi кезеңдегі республикалық бюджеттiң бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының есептi кезеңдегi түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына және есептi қаржы жылына арнап атқарылатын (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджеттiң сомасына проценттiк қатынасы көрсетiле отырып, бюджет түсiмдерi сыныптамасының және Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.28. N 1579, 2006.12.08. N 218 Жарлықтарымен.
      8. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жасалады және мыналар:
      есептi қаржы жылына арнап бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттің сомасы;
      есепті қаржы жылына арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
      есепті қаржы жылында төленбеген міндеттемелердің сомасы;
      есепті қаржы жылында республикалық бюджеттiң бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасы;
      есептi қаржы жылында республикалық бюджеттiң бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджет сомасынан ауытқуы;
      есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық бюджет сомасына проценттiк қатынасы көрсетiле отырып, бюджет түсiмдерi сыныптамасының және  Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.05.28. N  1579 , 2006.12.08.  N 218 Жарлықтарымен.
      9. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепке мыналар қоса берiледi:
      1) түсiндiрме жазба;
      2) түсiмдер бойынша атқарылу туралы, сондай-ақ олардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдама есеп.
      10. Түсiндiрме жазбада iс жүзiнде қалыптасқан бағыттарды тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзiрлеу кезеңiнде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясаттың және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының басым бағыттарымен салыстыра отырып елдегi экономикалық ахуал және бюджет-салық саясатының негiзгi бағыттары туралы және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының атқарылуы туралы талдама ақпарат берiледi.
      Түсiндiрме жазбаға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бекiту туралы қаулысында көрсетiлген iс-шараларды және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiне берiлген ұсынымдарды iске асыру жөнiндегi ақпарат та енгiзiледi.
      11. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдама есеп бюджеттiң құрылымы бойынша жасалады және мынадай талдама ақпаратты:
      түсiмдер жоспарының атқарылуына әсер еткен негізгі факторларды және кiрiстер түсiмдерiнiң жоспарынан iс жүзiндегi атқарылудың ауытқу себептерiн баяндай отырып, салық түсiмдерiнiң, салыққа жатпайтын түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттер түсiмдерiнiң атқарылуын талдауды қамтитын "Кiрiстер" бөлiмi бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы;
      республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру деңгейіндегі олардың тиімділігін бағалаудан тұратын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды басқару сапасын және олардың нәтижелігін айқындауды қамтитын "Шығындар" бөлімі бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
      республикалық бюджеттiң атқарылу қорытындысы бойынша қалыптасқан операциялық сальдо сомасын түсiндiретiн "Операциялық сальдо" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
      кредит беруге байланысты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қамтитын, кредиттердi өтеу жөнiндегi түсiмдер жоспарын атқарудың негiзгi факторларын және олардың iс жүзiндегi түсiмдерiнiң жоспарлы сомадан ауытқуын айтатын "Таза бюджеттiк кредит бepу" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
      қаржы активтерiн сатып алуға байланысты бюджеттiк бағдарламалардың атқарылу нәтижелерiн қамтитын, олар бойынша бюджет қаражатының жете игерiлмеу себептерiн көрсететiн, олардың тиiмдiлігін бағалауды, сондай-ақ олардың iс жүзiндегi түсiмдерiнiң жоспарлы сомадан ауытқу себептерi көрсетiле отырып, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер жоспарының атқарылу нәтижелерiн қамтитын "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
      республикалық бюджеттiң атқарылу қорытындысы бойынша тапшылықтың (профициттiң) iс жүзiнде қалыптасқан сомасын түсiндiретiн "Бюджеттiң тапшылығы (профицитi)" бөлiмiнiң атқарылуы туралы;
      қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын iс жүзiнде қамтамасыз ету немесе қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiнiң, қарыз қаражатының, бюджет қаражаты бос қалдықтарының жұмсалу нәтижелерін "Бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)" бөлiмiнiң атқарылуы туралы талдама ақпаратты қамтиды.
      Республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалы есеп республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалы есептеріне, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру деңгейінде және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды ішкі бақылау кезінде олардың тиімділігін бағалау нәтижелеріне, бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган сұрататын басқа деректерге негізделеді.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2006.12.08.  N 218 Жарлығымен.

  3. Есептi ұсыну тәртiбi

      12. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгі жағдай бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметiне, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне және бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға ұсынады.
      13. Бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi айдан кейiнгi айдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей осы Ереженiң 8-11-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржы бақылау органдарына ұсынады.
      14. Есептi қаржы жылында республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне және Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі есеп комитетiне ұсынады.

  4. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады