О некоторых вопросах создания государственного учреждения "Налоговый департамент "Бурабай" Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2009 года № 915

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 15 января 2008 года № 512 "О создании специальной экономической зоны "Бурабай" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать государственное учреждение - территориальный орган Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан "Налоговый департамент "Бурабай" Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан" в пределах утвержденного лимита штатной численности.
      2. Установить, что финансирование государственного учреждения, указанного в пункте 1 настоящего постановления, осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных Министерству финансов Республики Казахстан в республиканском бюджете на 2009 - 2011 годы.
      3. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 22, ст. 205) следующее дополнение:
      перечень государственных учреждений - территориальных органов Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденный указанным постановлением:
      дополнить пунктом 230 следующего содержания:
      "230. Налоговый департамент "Бурабай" Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан.".
      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Бурабай" салық департаменті" мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 915 Қаулысы

      "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 512 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Бурабай" салық департаменті" аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж.,  N 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 230-тармақпен толықтырылсын:
      "230. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Бурабай" салық департаменті.".
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов