О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2009 года № 1271

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039 "Об утверждении Плана первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 42, ст. 489) следующее изменение:
      в Плане первоочередных действий по обеспечению стабильности социально-экономического развития Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 2 "Механизмы достижения цели и реализации поставленных задач":
      в подразделе 3 "Обеспечение стабильности на ипотечном рынке страны, защиты прав дольщиков и завершение объектов строительства":
      во 2 этапе : 2008 год:
      в Механизме 2:
      абзац третий изложить в следующей редакции:
      "Результаты проведенного обследования, с учетом оптимизации количества объектов жилищного строительства и в зависимости от количества дольщиков, их согласия, критериев готовности и экономической целесообразности строительства, будут представлены на рассмотрение комиссии. По результатам рассмотрения комиссии уполномоченными организациями будет обеспечено строительство объектов для нужд дольщиков.
      Местными исполнительными органами города республиканского значения, столицы будет обеспечено заключение договоров уполномоченными организациями в соответствии с законодательством на завершение строительства указанных объектов с жилищно-строительными кооперативами (далее - ЖСК), созданными гражданами, являющимися дольщиками проблемных объектов, при наличии у ЖСК решений судов о взыскании в их пользу незавершенных объектов жилищного строительства и других активов с недобросовестных застройщиков в счет возмещения задолженности по невыполненным обязательствам.
      Указанные договоры заключаются при наличии принятого в соответствии с законодательством решения общего собрания членов ЖСК:
      1) о распределении квартир между членами ЖСК с учетом ранее оплаченной недобросовестному застройщику каждым членом ЖСК суммы долевого взноса;
      2) об уплате уполномоченной организации соответствующим членом ЖСК оставшейся части долевого взноса;
      3) передачи свободных площадей объекта жилищного строительства уполномоченной организации.
      При этом, условия передачи квартир, а также сроки внесения оставшихся сумм платежей будут предусмотрены в трехсторонних договорах, заключенных между уполномоченной организацией, ЖСК и каждым членом ЖСК.
      По завершению строительства объектов, при наличии свободных площадей, они могут быть по рекомендации комиссии перераспределены дольщикам (при их согласии) незавершенных объектов жилищного строительства, признанных решениями комиссии нецелесообразными к завершению строительства.
      По рекомендации комиссии указанные дольщики, в установленном законодательством порядке, вступают в ЖСК данного объекта.".
      2. Акимам городов Астаны и Алматы принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1271 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      "Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
      "Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-кіші бөлімде:
      2-кезеңде: 2008 жыл:
      2-тетікте:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй құрылысы объектілерінің санын оңтайландыруды ескере отырып және үлескерлердің санына, олардың келісуіне, дайындық өлшемдеріне және құрылыстың экономикалық орындылығына қарай жүргізілген тексеру нәтижелері комиссия қарауына ұсынылатын болады. Комиссияның қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымдар үлескерлердің мұқтажы үшін объектілерді салуды қамтамасыз ететін болады.
      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары заңнамаға сәйкес уәкілетті ұйымдармен тұрғын-үй құрылысы кооперативтерінде (бұдан әрі - ТҚК) олардың пайдасына аяқталмаған тұрғын үй құрылысы объектілерін және орындалмаған міндеттемелер бойынша берешекті өтеу есебіне теріс пиғылды құрылыс салушылардан басқа да активтерді өндіріп алу туралы соттардың шешімдері болған кезде проблемасы бар объектілердің үлескерлері болып табылатын азаматтар құрған ТҚК-мен көрсетілген объектілердің құрылысын аяқтауға шарттар жасасуды қамтамасыз ететін болады.
      Көрсетілген шарттар заңнамаға сәйкес қабылданған ТҚК мүшелері жалпы жиналысының:
      1) ТҚК-нің әрбір мүшесі теріс пиғылды құрылыс салушыға бұрын төлеген үлестік жарна сомасын ескере отырып, пәтерлерді ТҚК мүшелері арасында бөлу туралы;
      2) уәкілетті органға ТҚК тиісті мүшесінің үлестік жарнаның қалған бөлігін төлеуі туралы;
      3) тұрғын үй құрылысы объектісінің бос алаңдарын уәкілетті ұйымға беру туралы шешімі болған кезде жасалады.
      Бұл ретте пәтерлерді беру шарттары, сондай-ақ төлемдердің қалған сомасын енгізу мерзімдері уәкілетті ұйым, ТҚК мен ТҚК-нің әрбір мүшесі арасында жасалған үш жақты шарттарда көзделетін болады.
      Объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейін бос алаңдар болған кезде олар комиссияның ұсынымы бойынша комиссияның шешімдерімен құрылысын аяқтау орынсыз деп танылған аяқталмаған тұрғын үй құрылысы объектілерінің үлескерлеріне (олардың келісімімен) қайта бөлінуі мүмкін.
      Комиссияның ұсынымы бойынша көрсетілген үлескерлер заңнамада белгіленген тәртіппен осы объектінің ТҚК-сіне кіреді.".
      2. Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов