О ликвидации Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский противоэпизоотический отряд" Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и создании Государственного учреждения "Республиканский противоэпизоотический отряд" Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан с филиалами

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2009 года № 2158

      В целях обеспечения реализации Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ликвидировать Республиканское государственное казенное предприятие «Республиканский противоэпизоотический отряд» Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - предприятие).
      2. Создать Государственное учреждение «Республиканский противоэпизоотический отряд» Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан с местом расположения в городе Астана (далее - учреждение) и его филиалы в областях согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Комитету государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) утверждение устава учреждения и обеспечение государственной регистрации в органах юстиции;
      2) совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан передачу учреждению имущества, оставшегося после удовлетворения требований кредиторов ликвидируемого предприятия;
      3) принять иные меры по реализации настоящего постановления.
      4. Определить основным предметом деятельности учреждения:
      1) ликвидацию очагов особо опасных болезней животных, включенных в перечень, утверждаемый уполномоченным органом в области ветеринарии;
      2) дезинфекцию транспортных средств на ветеринарных контрольных постах;
      2-1) функции процессингового центра согласно пункту 1-1 статьи 32 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии»;
      3) по решению государственных органов изъятие и уничтожение животных, больных особо опасными болезнями животных;
      4) хранение республиканского запаса ветеринарных препаратов.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 29.09.2015 № 803 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      5. Установить, что финансирование учреждения осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в республиканском бюджете на соответствующие финансовые годы.
      6. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания, за исключением пунктов 2, 3, 4, 5 и 6, которые вводятся в действие с 1 января 2010 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 21 декабря 2009 года № 2158

Перечень
областных филиалов Государственного учреждения
«Республиканский противоэпизоотический отряд»


п/п

Наименование филиала

Место
нахождения

1

Акмолинский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Кокшетау

2

Актюбинский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Актобе

3

Алматинский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Алматы

4

Атырауский филиал ГУ «Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Атырау

5

Восточно-Казахстанский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Семей

6

Жамбылский филиал ГУ «Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Тараз

7

Западно-Казахстанский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Уральск

8

Карагандинский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Караганда

9

Костанайский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Костанай

10

Кызылординский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Кызылорда

11

Мангыстауский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Актау

12

Павлодарский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Павлодар

13

Северо-Казахстанский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город
Петропавловск

14

Южно-Казахстанский филиал ГУ
«Республиканский
противоэпизоотический отряд»

город Шымкент

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 декабря 2009 года № 2158

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.05.2014  № 563 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2007 года № 164 «Некоторые вопросы Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 7, ст. 82):
      в Перечне организаций, находящихся в ведении Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 1 «Республиканские государственные предприятия»:
      пункт 1 исключить;
      раздел 2 «Государственные учреждения» дополнить пунктом 9, следующего содержания:
      «9. Государственное учреждение «Республиканский противоэпизоотический отряд» Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.».
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.
      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений»:
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов, с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в строке, порядковый номер 6:
      в графе 3 цифры «13135», «5119» заменить соответственно цифрами «13355», «5339»;
      после строки:
      «Национальный центр мониторинга, референции, лабораторной
диагностики и методологии в ветеринарии                 84»
      дополнить строкой следующего содержания:
      «Республиканский противоэпизоотический отряд»     220».

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 Қаулысы

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын.
      2. Орналасқан жері Астана қаласы болып белгіленіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) және осы қаулыға қосымшаға сәйкес оның облыстардағы филиалдары құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуді;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Мекеме қызметінің негізгі мәні:
      1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялау;
      2-1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функциялары;
      3) мемлекеттік органдардың шешімімен жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды алып қою және жою;
      4) ветеринариялық препараттардың республикалық қорым сақтау болып айқындалсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2015 № 803 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 2158 қаулысына    
қосымша        

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесінің
облыстық филиалдарының
ТІЗБЕСІ

Р/с

Филиалдың атауы

Орналасқан жері

1

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Ақмола филиалы

Көкшетау қаласы

2

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Ақтөбе филиалы

Ақтөбе қаласы

3

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Алматы филиалы

Алматы қаласы

4

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Атырау филиалы

Атырау қаласы

5

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Шығыс Қазақстан Қазақстан филиалы

Семей қаласы

6

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Жамбыл филиалы

Тараз қаласы

7

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Батыс Қазақстан филиалы

Орал қаласы

8

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қарағанды филиалы

Қарағанды қаласы

9

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қостанай филиалы

Қостанай қаласы

10

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қызылорда филиалы

Қызылорда қаласы

11

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Маңғыстау филиалы

Ақтау қаласы

12

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Павлодар филиалы

Павлодар қаласы

13

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Солтүстік Қазақстан филиалы

Петропавл қаласы

14

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Оңтүстік Қазақстан филиалы

Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 2158 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 6-жолда:
      3-бағанда «13135», «5119» деген сандар тиісінше «13335», «5339» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы 84» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд»       220».