О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2010 года № 40. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1034

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.12.2015 № 1034 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2006 года № 248 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 12, ст. 113) следующее изменение:
      в Правилах субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      "6. Размер выделяемых субсидий на 1 (один) кубометр поданной питьевой воды для вододателей в разрезе групповых водопроводов и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, поддержанных Республиканской бюджетной комиссией в составе расходов Администратора бюджетной программы на соответствующий финансовый год, определяется Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан в процентном соотношении от тарифов на услуги по подаче питьевой воды, утвержденных уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и регулируемых рынках, за оказанные услуги по подаче питьевой воды гарантированного качества в пределах установленного лимита, за минусом:
      30 (тридцать) тенге за 1 (один) кубометр поданной питьевой воды водопользователям, имеющим в домах или квартирах внутреннее водоснабжение, оснащенных индивидуальными приборами учета воды;
      40 (сорок) тенге за 1 (один) кубометр поданной питьевой воды водопользователям, пользующимся сетями водоснабжения, находящихся на границах балансовой принадлежности и оснащенных общедомовыми (едиными) приборами учета воды.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 40 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шығыстары құрамында Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтердің пайыздық ара қатынасында:
      үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;
      теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және үйге ортақ (бірыңғай) су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі                                 К. Мәсімов