О принятии в республиканскую собственность коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Кызылордаводхоз" акимата Кызылординской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2010 года № 1260

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 января 2003 года № 81 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять в установленном законодательством порядке в республиканскую собственность коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Кызылордаводхоз» акимата Кызылординской области (далее - предприятие) как имущественный комплекс и передать в ведение Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Переименовать предприятие в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Кызылордаводхоз» Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан:
      1) совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и акиматом Кызылординской области принять меры, вытекающие из пункта 1 настоящего постановления;
      2) принять иные меры по реализации настоящего постановления.
      4. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от б апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2005г., № 14, ст. 168):
      в Перечне организаций, находящихся в ведении Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      раздел 1 «Республиканские государственные предприятия» дополнить строкой, порядковый номер 28, следующего содержания:
      «28. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Кызылордаводхоз», город Кызылорда.»;
      3) утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 05.08.2013 № 796; от 28.08.2015 № 683.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қызылорда облысы әкімдігінің "Қызылордасушаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын республикалық меншікке қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1260 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылордасушаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке мүліктік кешен ретінде қабылданып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің қарамағына берілсін.
      2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қызылордасушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
      «28. «Қызылордасушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қызылорда қаласы.»,
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов