О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 19 от 13 декабря 2001 года "О возвращении судами уголовных дел для дополнительного расследования" (с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан № 18 от 22 декабря 2008 года)

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 12. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 4.

      Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В связи с изменением законодательства Республики Казахстан пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Внести в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 19 от 13 декабря 2001 года "О возвращении судами уголовных дел для дополнительного расследования" (с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан № 18 от 22 декабря 2008 года) следующие изменения и дополнения:

      1) в пункте 2:

      абзац первый дополнить предложением следующего содержания:

      "Решение о направлении дела для дополнительного расследования может быть принято как в ходе предварительного слушания дела, так и в ходе главного судебного разбирательства.";

      дополнить абзацами следующего содержания:

      "По основаниям, указанным в части первой статьи 303 УПК, суд вправе направить дело для дополнительного расследования только по ходатайствам сторон, которые в ходе предварительного слушания были рассмотрены и признаны судом обоснованными.

      Непризнание подсудимым своей вины при проведении в соответствии со статьей 363 УПК судебного следствия в сокращенном порядке, не является основанием для направления дела для дополнительного расследования. В таких случаях суд постановляет о проведении судебного следствия в обычном порядке и исследует все материалы дела в полном объеме.";

      2) в пункте 3:

      в абзаце третьем после слов "с обвинительным заключением" дополнить словами ", протоколом упрощенного досудебного производства";

      в абзаце восьмом после слов "под псевдонимом" дополнить словами "и лиц без определенного места жительства";

      3) в пункте 4 второе предложение изложить в следующей редакции:

      "Дело подлежит направлению для дополнительного расследования со стадии предварительного слушания и в тех случаях, когда вопреки требованиям статьи 207 УПК в постановлении о привлечении в качестве обвиняемого не указано, какие конкретные действия вменяются каждому обвиняемому, уголовный закон, предусматривающий ответственность за данное преступление, либо имеются существенные противоречия между данным постановлением, обвинительным заключением, постановлением о предании суду и в силу этого определить инкриминируемое обвиняемому преступление и определить пределы судебного разбирательства невозможно.";

      4) в пункте 6 слова "направлены ли они на всестороннее, полное и объективное исследование обстоятельств дела, обеспечение прав и законных интересов участников процесса и других лиц" заменить словами ", по какому из указанных в законе основанию предлагается направить дело для дополнительного расследования,";

      5) абзац первый пункта 7 дополнить предложениями следующего содержания:

      "Неполнота предварительного следствия, отсутствие или недостаточность в деле доказательств, подтверждающих выводы органов уголовного преследования, а также допущенные при производстве дознания или предварительного следствия существенные нарушения уголовно-процессуального закона, влекущие признание материалов дела недопустимыми доказательствами, не является основанием для направления дела для дополнительного расследования. В таких случаях дело подлежит рассмотрению по существу с принятием итогового решения. Если неполнота стороной обвинения не восполнена в судебном заседании, то суд принимает решение с соблюдением требований подпункта 8) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан и части третьей статьи 19 УПК о том, что неустранимые сомнения в виновности подлежат толкованию в пользу подсудимого. Если при осуществлении упрощенного досудебного производства не были обеспечены полнота и всесторонность исследования всех обстоятельств дела или когда оно проведено при наличии, предусмотренных в части второй статьи 190-1 УПК обстоятельств, а равно при установлении обстоятельств, указанных в статье 303 УПК, суд направляет дело соответствующему прокурору для проведения предварительного следствия или дознания.";

      6) пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Суд апелляционной инстанции, отменяя приговор суда первой инстанции, при наличии оснований, предусмотренных частью первой статьи 303 УПК, по ходатайству сторон направляет дело для дополнительного расследования.";

      7) в пункте 13:

      в абзаце первом цифру "5" заменить цифрой "8";

      дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "Кассационная инстанция при отмене приговора вправе направить дело для дополнительного расследования по основаниям, указанным в статье 303 УПК";

      8) в пункте 14 цифру "5" заменить на цифру "8";

      9) в пункте 15:

      в абзаце первом слова ", как не повлекшие последствий, указанных в статье 459 УПК, отмене не подлежат" заменить словами "подлежат пересмотру в порядке надзора.";

      абзац второй дополнить словами: ", однако в соответствии с частью шестой статьи 467 УПК вправе отменить постановление суда первой, апелляционной и кассационной инстанций о направлении дела для дополнительного расследования, если к моменту принятия такого решения дополнительное расследование по делу не было начато.".

      2. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель


Верховного Суда


Республики Казахстан

М. Алимбеков

Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания

Ж. Баишев


"Соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 12 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Істі қосымша тергеу үшін жіберу туралы шешім істі алдын ала тыңдау барысында, сондай-ақ басты сот талқылауы барысында да қабылдануы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "ҚІЖК-нің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша сот алдын ала тыңдау барысында қараған және негізді деп таныған тараптардың өтініштері бойынша ғана істі қосымша тергеу үшін жіберуге құқылы.

      Сот тергеуін ҚІЖК-нің 363-бабына сәйкес қысқартылған тәртіпте жүргізген кезде сотталушының өз кінәсін мойындамауы істі қосымша тергеуге жіберу үшін негіз болып табылмайды. Осындай жағдайларда сот тергеуін әдеттегі тәртіпте жүргізу туралы қаулы шығарып, барлық іс материалдарын толық көлемде зерттейді.";

      2) 3-тармақта:

      үшінші абзац "айыптау қорытындысымен" деген сөздерден кейін ", сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші абзац "бүркеншік атпен" деген сөздерден кейін "және белгiлi тұрғылықты жерi жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алдын ала тыңдау сатысынан және ҚІЖК-нің 207-бабының талаптарына қарамастан, айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда әрбір айыпталушыға қандай нақты әрекет тағылатынын, осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңда көрсетілмесе, не осы қаулы, айыптау қорытындысы, сотқа беру туралы қаулы арасында елеулі қайшылықтар болса және осыған байланысты айыпталушыға тағылған қылмысты анықтау және сот талқылауының шегін анықтау мүмкін емес болған жағдайларда іс қосымша тергеуге жіберілуге жатады.";

      4) 6-тармақтағы "олардың істің мән-жайын жан-жақтылы, толық әрі шынайы зерттеу, процеске қатысушылар мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін жіберілген-жіберілмегенін" деген сөздер "заңда көрсетілген қандай негіз бойынша істі қосымша тергеу үшін жіберу ұсынылып отырғанын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:

      "Алдын ала тергеудің толық болмауы, қылмыстық қудалау органдарының тұжырымдамаларын растайтын дәлелдемелердің істе болмауы немесе жеткіліксіз болуы, сондай-ақ іс материалдарын жарамсыз дәлелдемелер деп тануға әкеп соғатын анықтау немесе алдын ала тергеу өндірісі кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуына жол беру істі қосымша тергеуге жіберу үшін негіз болып табылмайды. Осындай жағдайларда іс қорытынды шешім қабылдана отырып, мәні бойынша қаралуға жатады. Егер айыптау тарабы толықсыздықты сот отырысында толықтырмаса, онда сот айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның пайдасына түсiндiрiлетіндігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағы 8) тармақшасының және ҚІЖК-нің 19-бабы үшінші бөлігінің талабын сақтай отырып, шешім қабылдайды. Егер сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу қамтамасыз етілмесе не ол ҚІЖК-нің 190-1-бабының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ ҚІЖК-нің 303-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде жүргізілсе, сот істі алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін тиісті прокурорға жолдайды.";

      6) 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Апелляциялық сатыдағы сот ҚІЖК-нің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған жағдайда бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, тараптардың өтініші бойынша істі қосымша тергеуге жолдайды.";

      7) 13-тармақта:

      бірінші абзацтағы "5" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Кассациялық саты үкімнің күшін жойған кезде ҚІЖК-нің 303-бабында көрсетілген негіздер бойынша істі қосымша тергеуге жіберуге құқылы.";

      8) 14-тармақтағы "5" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;

      9) 15-тармақта:

      бірінші абзацтағы "ҚІЖК-нің 459-бабында көрсетілген салдарға әкеп соқпайтындықтан, бұзылуға жатпайды." деген сөздер "қадағалау тәртібінде қайта қарауға жатады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай сөздермен толықтырылсын:

      ", алайда, егер осындай шешімді қабылдау сәтінде іс бойынша қосымша тергеу басталмаған болса, ҚІЖК-нің 467-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес бірінші, апелляциялық және кассациялық соттың істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулысының күшін жоюға құқылы.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев