Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2010 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на образование

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2010 года № 177

      В целях реализации статей 1321 и 22 Закона Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010-2012 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2010 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на образование (далее - Правила).
      2. Министерству образования и науки Республики Казахстан обеспечить:
      1) перечисление утвержденных сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в установленном Правительством Республики Казахстан порядке;
      2) мониторинг использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы.
      3. Акимам областей, городов Астаны и Алматы обеспечить:
      1) своевременное и целевое использование выделенных целевых текущих трансфертов;
      2) представление в Министерство образования и науки Республики Казахстан в срок до 25 января информации, предусмотренной пунктом 5 Правил, утвержденных настоящим постановлением;
      3) представление в Министерство образования и науки Республики Казахстан отчетов об использовании выделенных целевых текущих трансфертов до 5-го числа месяца, следующего за отчетным.
      4. Настоящее постановление вводится в действие 1 января 2010 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 5 марта 2010 года № 177

Правила
использования целевых текущих трансфертов из республиканского
бюджета на 2010 год областными бюджетами, бюджетами городов
Астаны и Алматы на образование

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2010 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на образование определяют порядок использования целевых текущих трансфертов, выделяемых областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы, из республиканского бюджета по следующим республиканским бюджетным программам:
      011 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на реализацию государственного образовательного заказа в дошкольных организациях образования";
      013 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на привлечение зарубежных преподавателей английского языка для профессиональных лицеев";
      029 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на содержание вновь вводимых объектов образования";
      048 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на оснащение учебным оборудованием кабинетов физики, химии, биологии в государственных учреждениях основного среднего и общего среднего образования";
      058 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на создание лингафонных и мультимедийных кабинетов в государственных учреждениях начального, основного среднего и общего среднего образования";
      071 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на приобретение оборудования для кабинетов "Самопознание";
      072 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на обеспечение учебными материалами дошкольных организаций, организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, институтов повышения квалификации по предмету "Самопознание".
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 30.07.2010 № 767    
      2. Использование целевых текущих трансфертов осуществляется в соответствии с бюджетным законодательством и законодательством о государственных закупках Республики Казахстан.
      3. Единым организатором конкурсов по государственным закупкам лингафонных и мультимедийных кабинетов, учебного оборудования кабинетов физики, химии, биологии выступает Министерство образования и науки Республики Казахстан.
      4. Осуществление комплекса мероприятий по внедрению предмета "Самопознание" в государственной системе образования выполняется местными исполнительными органами в области образования в соответствии с законодательством о государственных закупках Республики Казахстан.
      5. Местные исполнительные органы в области образования в срок до 25 января определяют конечных получателей лингафонных и мультимедийных кабинетов, учебного оборудования кабинетов физики, химии, биологии, оборудования для кабинетов "Самопознание" и осуществляют мониторинг их использования.
      6. Исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы в  области образования представляют в Министерство образования и науки Республики Казахстан ежеквартально в срок до 5 числа месяца, следующего за отчетным, отчеты о заключении и исполнении договоров о государственных закупках лингафонных и мультимедийных кабинетов, учебного оборудования кабинетов физики, химии, биологии, оборудования для кабинетов "Самопознание" по форме, установленной Министерством образования и науки Республики Казахстан.
      7. Министерство образования и науки Республики Казахстан производит перечисление целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в первые 5 рабочих дней месяца (январь не позднее 25-го числа) согласно распределению целевых текущих трансфертов по месяцам, приведенных в Соглашениях о результатах по целевым текущим трансфертам.
      8. Использование целевых текущих трансфертов, выделенных областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на:
      1) укрепление материально-технической базы государственных организаций образования, в том числе на обеспечение учебными материалами дошкольных организаций, организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, институтов повышения квалификации по предмету "Самопознание", создание лингафонных и мультимедийных кабинетов, оснащение учебным оборудованием кабинетов физики, химии, биологии, кабинетов "Самопознание" осуществляется в установленном законодательством порядке;
      2) содержание вновь вводимых объектов образования осуществляется при условии предоставления утвержденных актов ввода объектов образования в эксплуатацию государственной приемочной комиссией в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;
      3) привлечение зарубежных преподавателей английского языка для профессиональных лицеев осуществляется на основании трудовых договоров в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      Целевые текущие трансферты выделяются на текущие расходы, связанные с содержанием вновь вводимых объектов образования, за исключением капитальных расходов.
      9. Местные исполнительные органы области, города республиканского значения, столицы по итогам полугодия и года представляют в Министерство образования и науки Республики Казахстан отчет о прямых и конечных результатах, достигнутых за счет использования выделенных целевых трансфертов в соответствии с соглашениями о результатах.
      10. Министерство образования и науки Республики Казахстан представляет в Министерство финансов Республики Казахстан отчетность о фактическом достижении прямых и конечных результатов по итогам полугодия не позднее 30 июля текущего года, итоговый отчет - не позднее 1 февраля следующего финансового года.

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13,  21және 22-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын аударуды;
      2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 25 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулымен бекітілген Ереженің 5-тармағында көзделген ақпаратты беруді;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 177 қаулысымен      
бекітілген    

1. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
      011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      013 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік лицейлер үшін шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      029 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      048 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      058 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      071 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Өзін-өзі тану» кабинеттері үшін жабдықтарды сатып алуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      072 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын, біліктілікті арттыру институттарын оқу материалдарымен қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.30 N 767 Қаулысымен.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды бірыңғай ұйымдастырушы болып әрекет етеді.
      4. Мемлекеттік білім беру жүйесінде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      5. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар 25 қаңтарға дейінгі мерзімде лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын, «Өзін-өзі тану» кабинеттері үшін жабдықтарды соңғы алушыларды айқындайды және оларды пайдалану мониторингін жүзеге асырады.
      6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген нысан бойынша лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын, «Өзін-өзі тану» кабинеттері үшін жабдықтарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептерді ұсынады.
      7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерде келтірілген айлар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуге сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді айдың алғашқы 5 жұмыс күнінде (қаңтар айының 25-күнінен кешіктірмей) аударуды жүргізеді.
      8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:
      1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілікті арттыру институттарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге, лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді құруға, физика, химия, биология кабинеттерін, «Өзін-өзі тану» кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
      2) жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қабылдау комиссиясы бекіткен білім беру объектілерін пайдалануға беру актілері ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады;
      3) кәсіптік лицейлер үшін шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек шарттары негізінде жүзеге асырылады.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлінеді.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша есептілікті ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешіктірмей, жиынтық есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.