О реструктуризации бюджетных кредитов, выделенных в 2007 году бюджетам городов Астаны и Алматы на строительство жилья

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2010 года № 449

      В соответствии со статьей 193 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реструктуризировать бюджетные кредиты, предоставленные в соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 декабря 2006 года "О республиканском бюджете на 2007 год" по бюджетной программе 002 "Кредитование областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство жилья":
      1) местному исполнительному органу города Астаны посредством продления срока погашения основного долга ежемесячно до 25 декабря 2013 года с капитализацией начисленного штрафа за просрочку;
      2) местному исполнительному органу города Алматы посредством продления срока погашения основного долга единовременно до 25 декабря 2012 года с капитализацией начисленного штрафа за просрочку.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, акимам городов Астаны и Алматы обеспечить заключение соответствующих дополнительных соглашений.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

2007 жылы Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 449 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 193-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес 002 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша ұсынылған бюджеттік кредиттер:
      1) Астана қаласының жергілікті атқарушы органына мерзімі өтіп кеткені үшін есептелген айыппұлды капиталдандырумен негізгі борышты ай сайын өтеу мерзімін 2013 жылғы 25 желтоқсанға дейін ұзарту арқылы;
      2) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына мерзімі өтіп кеткені үшін есептелген айыппұлды капиталдандырумен негізгі борышты біржолғы өтеу мерзімін 2012 жылғы 25 желтоқсанға дейін ұзарту арқылы қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті қосымша келісімдердің жасалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов